Жергілiктi атқарушы органдарға тұрғын үй салуға 2004 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 маусымдағы N 709 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына тұрғын үй салуға сыйақының (мүдденің) нөлдiк ставкасы бойынша 2004 жылға кредит беру epeжеci бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiкті атқарушы органдар) тиiстi мәслихаттар облыстардың, Астана, Алматы қалаларының 2004 жылға арналған бюджеттерінде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ осы қаулының 3-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейiн 10 (он) күнтізбелік күн iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулының 2-тармағы орындалғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органдарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан Ережеде көзделген шарттармен 12460000000 (он екi миллиард төрт жүз алпыс миллион) теңге сомасында тұрғын үй салуға кредиттер бөлсiн, оның iшiнде:
      Ақмола облысына - 256000000 теңге;
      Ақтөбе облысына - 1100000000 теңге;
      Алматы облысына - 803100000 теңге;
      Атырау облысына - 1375000000 теңге;
      Шығыс Қазақстан облысына - 825000000 теңге;
      Жамбыл облысына - 352000000 теңге;
      Батыс Қазақстан облысына - 1100000000 теңге;
      Қарағанды облысына - 377300000 теңге;
      Қостанай облысына- 253300000 теңге;
      Қызылорда облысына - 341000000 теңге;
      Павлодар облысына - 539000000 теңге;
      Солтүстiк Қазақстан облысына - 318000000 теңге;
      Оңтүстiк Қазақстан облысына - 1650000000 теңге;
      Астана қаласына - 1520300000 теңге;
      Алматы қаласына - 1650000000 теңге
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерді мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын, оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттi қайтаруын қамтамасыз ететiн қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2004 жылғы 26 маусымдағы 
N 709 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi
атқарушы органдарына тұрғын үй салуға сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша 2004 жылға кредит беру ережесi

      1. Осы Ереже "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңында  көзделген қаражат есебiнен 12460000000 (он екi миллиард төрт жүз алпыс миллион) теңге сомасында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) тұрғын үй салуға 2004 жылға кредит беру тәртiбiн анықтайды.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдарға кредиттер тұрғын үй салуға 2 (екi) жыл мерзiммен сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша бөлiнедi.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар толық әрлеуде 1 (бip) шаршы метрi 350 (үш жүз елу) АҚШ долларына бара-бар сомадан аспауы тиiс тұрғын үй салуды қамтамасыз етедi.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамаға сәйкес:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес үлгiлiк нысан бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен және республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiмен үш жақты кредит келiсiмдерiн жасайды;
      2) кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз етедi.
      5. Жергiлiктi атқарушы органдар кредиттердi республикалық бюджетке белгiленген мерзiмде қайтаруды жүргiзедi.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамаға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қаражатты мақсатсыз пайдалану және кредиттi уақтылы қайтармау фактiлерiн анықтаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдарды 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде:
      1) мақсатына сай пайдаланылмаған соманың 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерiнде есептелген айыппұлдарды ескере отырып, мақсатына сай пайдаланылмаған соманы республикалық бюджеттiң кiрiсiне;
      2) кредит бойынша әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн 0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) пайыз мөлшерiнде өсiмақы аудару қажеттiлiгi туралы хабардар етедi.
      7. Жергiлiктi атқарушы органдар осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген iс-шаралар жүргiзілгеннен кейiн мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмiнсiз жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан берешек соманы және есептелген өсiмақы сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептен шығаруды жүргiзедi;
      2) заңнамада көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдайды.

Қосымша  

N _____ Кредит келісімі

Астана қаласы                          2004 жылғы "___" _________

      Бұдан әрi "Кредит берушi" деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң атынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 962  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететін _________ , бір тараптан,
      бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің атынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "___" _________ N___ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететін _________, екінші тараптан,
      бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын _________ жергiлiктi атқарушы органының атынан "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде әрекет ететiн Әкiм ____________ , үшiншi тараптан,
      бұдан әрi бiрлесіп "Тараптар" деп аталатындар мыналарды:
      1) "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын ;
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  (бұдан әрi - Заң);
      3) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы "___" _________ N____ қаулысын;
      4) "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысын ;
      5) "Жергiлiктi атқарушы органдарға тұрғын үй салуға 2004 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы "___" ______ N______ қаулысын (бұдан әрi - Қаулы);
      6) Келiсiмде айтылған басқа құжаттарды назарға ала отырып, мына төмендегiлер туралы осы Кредит келiсiмiн (бұдан әрі - Келiсiм) жасасты.

  1. Келісімнің мәні

      1.1. Заңға сәйкес Кредит берушi Қарыз алушыға ______ "___" ______ дейiн өтеу мерзiмiмен сыйақының нөлдік ставкасы бойынша ______ теңге сомасында Қаулыда көзделген мақсаттарға қаражат (бұдан әрi - Кредит) бөледi.

  2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Кредит берушi:
      2.1.1. Қарыз алушының Кредиттi мақсатты пайдалануын, сондай-ақ Қарыз алушының Келiсiм бойынша мiндеттемелерiн уақтылы және толық орындауын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      2.2. Кредит берушінің:
      2.2.1. Қарыз алушыдан және Әкiмшiден Кредиттi игеруге және уақтылы қайтаруға байланысты барлық қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      2.2.2. Мақсатсыз пайдалану фактiсi анықталған кезде Қарыз алушыдан Келiсiмнiң 3.1-тармағында көрсетiлген айыппұлды ескере отырып, Кредиттi мақсатсыз пайдалану сомасын өндiрiп алуға;
      2.2.3. Кредиттi уақтылы қайтармаған жағдайда Қарыз алушыдан Келiсiмнiң 3.2-тармағында көрсетiлген мөлшерде айыппұл өндiрiп алуға;
      2.2.4. Кредит белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған не мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Кредит берушi Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшiн Қарыз алушының ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы;
      2.2.5. Қарыз алушы Келiсiмде көзделген мiндеттемелердi орындамаған кезде Қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға;
      2.2.6. Қарыз алушыдан 2004 жылға арналған облыстық бюджетте кредиттер бойынша түсiмдi және тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте өтеудi көздейтiн мәслихаттың шешiмiн (бұдан әрi - Мәслихаттың шешiмi) сұратуға және алуға құқығы бар.
      2.3. Әкiмшi:
      2.3.1. Кредит берушiге Келiсiмнiң шарттарын орындауға байланысты барлық қажеттi ақпаратты беруге;
      2.3.2. Қарыз алушы Мәслихат шешiмiн бергеннен кейiн 10 (он) күн iшiнде Кредиттiң барлық сомасын шотқа аудару жөнiндегi қажеттi iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етуге;
      2.3.3. Қарыз алушының Келiсiм бойынша мiндеттемелерiн уақтылы және тиiсiнше орындауын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      2.4. Әкімшiнiң:
      2.4.1. Қарыз алушыдан Кредиттi игеруге және уақтылы қайтаруға байланысты барлық ақпаратты сұратуға және алуға;
      2.4.2. Қарыз алушыдан Мәслихаттың шешiмiн сұратуға және алуға құқығы бар.
      2.5. Қарыз алушы:
      2.5.1. Кредит берушiге және Әкiмшiге Мәслихаттың шешiмiн беруге;
      2.5.2. Кредиттi мақсатына сай қатаң пайдалануға;
      2.5.3. Кредиттi 2006 жылғы ______ дейiн қайтаруға;
      2.5.4. Келiсiм бойынша құқықтары мен мiндеттерiн үшiншi тұлғаларға бермеуге және қайта бермеуге;
      2.5.5. Кредит берушiнi және Әкiмшiнi Кредитті уақтылы игермеуге және өтеуге әсер етуi мүмкiн барлық фактілер туралы уақтылы хабардар етуге;
      2.5.6. Кредит берушiнiң және/немесе Әкiмшiнiң бiрiншi талабы бойынша Кредитке байланысты барлық ақпаратты беруге;
      2.5.7. Кредит беруші белгiлеген нысандарда және мерзiмдерде Кредит бойынша есептiлiк беруге мiндеттi.
      2.6. Қарыз алушының:
      2.6.1. Қарыз алушының Келiсiм шарттарын толық, нақты және уақтылы орындауы үшiн қажеттi ақпаратты Әкiмшiден алуға құқығы бар.

  3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Кредиттi мақсатсыз пайдаланған жағдайда Кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiсi анықталғаннан кейiн 7 (жетi) жұмыс күні iшiнде Қарыз алушы Кредиттің мақсатсыз пайдаланылған сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне қайтарады, Кредитті мақсатсыз пайдалану сомасының 25 (жиырма бec) пайызы мөлшерінде айыппұл төлейдi.
      3.2. Қарыз алушы Кредиттің толық және уақтылы қайтарылуына жауап береді. Төлеу мерзiмiн бұзған кезде Қарыз алушы республикалық бюджеттiң кiрiсiне әрбiр кешiктiрген күн үшiн Кредит бойынша берешек сомасының 0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) пайыз мөлшерiнде өсiмақы аударады.

  4. Форс-мажор

      4.1. Тараптар, егер бұл зiлзала, әскери iс-қимылдар және тараптардың еркiнен тыс өзге жағдайлар жататын тежеусiз күш жағдайларының салдары болып табылатын болса, Келiсiм бойынша кез келген өз мiндеттемелерiнiң толық немесе iшiнара орындамаудан жауапкершiлiктен босатылады.
      4.2. Келiсiмнiң 4.1-тармағында көрсетілген тежеусіз күш жағдайлары салдарынан мiндеттемелердi орындамау мүмкiндiгi болған Тарап мұндай жағдайлар басталған сәттен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы басқа тараптарды жазбаша хабардар етуге және уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тежеусiз күш жағдайларының туындауын және мұндай iс-әрекеттердiң мерзiмдерiн растайтын жазбаша актiлерiн (өзге құжаттарын) беруге мiндеттi.
      4.3. Тарап 3 (үш) күнтiзбелiк күннiң iшiнде бұл ретте Келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындау ұйғарылатын мерзiмдi көрсете отырып, көрсетiлген жағдайлардың әрекет етуiн тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
      4.4. Тежеусiз күш жағдайлары туралы уақтылы хабардар етпеу оған сiлтеме жасайтын тарапты одан әрi жауапкершiлiктен босату ретiнде мұндай жағдайларға сiлтеме жасау құқығынан айырады.
      4.5. Тежеусіз күш жағдайлары туындаған жағдайда Келiсім бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi осындай жағдайлар мен олардың салдары әрекет ететiн уақытқа тең мерзiмге кейiнге қалдырылады.

  5. Қосымша ережелер

      5.1. Келiсiмде реттелмеген бөлiкте Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      5.2. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан бiрдей заң күшi бар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш данада жасалды.
      5.3. Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалса, Тараптар қол қойған және мөрлермен бекiтiлсе жарамды.
      5.4. Келiсiмнiң шарттарын орындау барысында Тараптар арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртiппен реттеуге мiндеттi. Келiсімге қол жеткiзбеген кезде даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.
      5.5. Келiсiм Кредит беруші тiркеген күнiнен бастап күшіне енедi және Тараптар Келiсiмде көзделген барлық міндеттемелердi орындағанға дейiн қолданылады.
      5.6. Келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiр жақты бас тартуға жол берiлмейдi.

  6. Тараптардың заңды мекен-жайлары

Кредит беруші:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi,
473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғ., 33   _________________________
                                          м.о.            Аты-жөнi

Әкiмшi:
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi,
473000, Астана қаласы                    _________________________
                                          м.о.            Аты-жөні

Қарыз алушы:
_________ облысының әкімi,               _________________________
_________ қаласы                          м.о.            Аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады