2002 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттаманы жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 749 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 2002 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiс енгізу туралы хаттаманы жасасуға келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  2002 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасындағы әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттама

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - Тараптар) 2002 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 11-бабына сәйкес (бұдан әрi - Келiсiм), төмендегілер туралы келiстi:
      Келiсiмнiң 7-бабының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жiберушi Тараптың оқып жатқан әскери қызметшiлерiне оқу кезеңiнде Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес тегін медициналық қамтамасыз ету көрсетiледi".
      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Келiсiмнiң 12-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.
      200 ___ жылғы "____" ____________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде қайшы пiкiрлер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгiнедi.

       Қазақстан Республикасының       Қырғыз Республикасының
      Қорғаныс министрлiгi үшін       Қорғаныс министрлiгi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады