Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттіктерiнiң материалдарымен алмасу туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 793 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2003 жылғы 18 қыркүйектегі Ялта қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттіктерінің материалдарымен алмасу туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Аударма 

  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттіктерiнiң материалдарымен
алмасу туралы
Келісім

Ресми куәландырылған мәтін

      Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттер үкiметтерi атынан, бұдан әрi - Тараптар,
      Тәуелсiз мемлекеттер достастығын дамыту мен нығайту жөнiндегi қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында мүмкiндiгiнше кеңiнен жариялау қажет деп есептеп,
      Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттердiң халықтары арасындағы сенiмнiң, өзара түсiнiстіктiң және ынтымақтастықтың өсуiне белсендi түрде жәрдемдесудi қалап,
      әлемдiк қоғамдастықта Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттердiң әлеуметтiк-саяси, экономикалық және мәдени өмiрi туралы шынайы әрi толық түсінік қалыптастыруға жәрдемдесуге ұмтылып,
      ақпаратты алмасу мен таратудың тұрақты әрi жедел арналарын қалыптастыруда Талаптардың ұлттық ақпараттық aгенттіктерінің қосқан үлесiн тани отырып,
      төмендегі жайлы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде аталған терминдердiң мынадай мәндерi бар:
      ақпараттық агенттік - Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн, ақпараттық материалды жинау және таратумен үнемi айналысатын ұйым;
      ұлттық ақпараттық агенттік - Тараптың орталық мемлекеттiк ақпараттық агенттігі;
      ұлттық ақпараттық агенттіктердің материалдары - ақпараттық агенттiктер беретiн ақпараттық өнім;
      ақпараттық өнiм - тұтынушылардың ақпараттық қажеттіктерiн қамтамасыз етуге арналған ұлттық ақпараттық агенттіктер қызметiнiң материалданған нәтижесi;
      ақпараттық қызмет көрсетулер - ұлттық ақпараттық агенттіктердің өздерінің тұтынушыларына ұсынатын қызмет көрсетулерi;
      мемлекетаралық ақпараттық алмасу - Тараптардың ақпараттық өнiмдi беруi және алуы, сондай-ақ өзара ақпараттық қызмет көрсетулерi.

2-бап

      Тараптар ұлттық ақпараттық агенттіктер материалдарының ағынын ұлғайтуға, олардың кәсіби байланыстарын нығайтуға, олардың арасында  тиімді әрі еркін материал алмасуды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға, олар өндiретiн ақпараттық өнiмдi iске асыруға жәрдемдесетін болады.
      Tapaптap ұлттық ақпараттық агенттіктерге мемлекетаралық ақпараттық алмасу үшін пайдаланылатын ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердiң оңтайлы модельдерiн әзiрлеуге және пайдалануға көмектеседi.

3-бап

      Тараптар ұлттық ақпараттық агенттіктердің материалдарымен алмасу кезiнде мынадай негізгі принциптердi басшылық етедi:
      Тараптар аумағында тұратын халықтар арасында жан-жақты байланысты нығайтуға көмектесетiн және өзара түсiністіктi iздеуге жәрдемдесетiн материалдардың шынайылығы мен бағалардың сындарлылығы;
      Достастықтың егемен мемлекеттерi өмiрiндегi оқиғаларды, құбылыстар мен процестердi бағалауда бiржақтылықты болдырмау;
      ТМД қатысушылары - мемлекеттер халықтарының ұлттық немесе конфессиялық сезiмдерiн қозғайтын жарияланымдардан, ақпараттық хабарламалар мен өзге де материалдардан бас тарту;
      Тараптардың ұлттық заңнамасы талаптарына қайшы келетiн немесе олардың қауiпсiздiгіне зиян келтіруi мүмкін iс-әрекеттердi арандатушылықты болдырмау;
      оқиғаларды шынайы түрде әрi жан-жақты жариялау, әркiмге фактілердiң шынайылығына көз жеткiзуге және оқиғаларды объективтi бағалауға мүмкiндiк беретін алуан түрлi ақпаратқа қол жеткізудi ұсыну;
      әр Тараптың мүдделерiмен қатар, Тараптардың ортақ мүдделерiн толығымен құрметтеу, барлық әлеуметтiк топтар мен қабаттар арасында ымыраға қол жеткiзуге бағытталғандық;
      тең құқықтылық және адамзаттың ортақ мұрасының элементтерi - мәдениеттердiң көптүрлілігін құрметтеу;
      адам құқықтары мен негізгi бостандықтарының құрамдас бөлігі ретiнде танылатын ақпарат бостандығы мен пікiр бiлдiрудi жүзеге асыру;
      адам құқықтарын дамыту, барлық адамдар мен барлық ұлттар құқықтарының теңдігі, экономикалық және әлеуметтік прогресс мақсатында өзара құрмет көрсету және өзара түсіністiк.

4-бап

      Тараптар төтенше жағдайларды ескермегенде, олардың жойылуына дейiн, осы Келісiм шеңберiнде мемлекетаралық ақпараттық алмасуды шектейтін шараларды қабылдаудан қалыс қалатын болады.

5-бап

      Ұлттық ақпараттық агенттіктердiң әлеуетiн белсендi түрде пайдалану, ақпараттық алмасудың деңгейi мен тиімділігін арттыру, ақпараттар ағынында теңгерімдi қамтамасыз ету мақсатында Tapaптap осы Келiсiмнiң баптарының орындалуына жауаптылықты Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының мемлекеттiк ақпараттық агенттіктерiнің жұмыс iстеп тұрған Басшылар кеңесiне жүктейді.

6-бап

      Ақпаратты барынша еркін әрi кеңінен таратуды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар жүйелі түрде консультациялар өткiзетiн және осы Келiсiмдi iске асыру үшін өзара келiсiлген iс-шаралар қабылдайтын болады.

7-бап

      Осы Келісімдi қолдану және түсiндiрумен байланысты даулар мүдделi Тараптардың консультациялары және келіссөздер арқылы шешіледi.

8-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың ол күшіне ену үшiн қажет мемлекетішілік рәсiмдердi орындау туралы үшіншi хабарламаны депозитарийге өткiзген күнінен бастап күшіне енедi.
      Мемлекетiшілік рәсiмдердi кешірек орындаған Тараптар үшiн осы Келiсiм тиiстi хабарламаны депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.

9-бап

      Осы Келісiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 8-бабымен көзделген тәртіпте күшіне енедi.

10-бап

      Осы Келiсiм оның баптарын бөлiсетiн және осы Келісiмнен туындайтын міндеттемелердi өз мойнына алуға дайын Tәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттерге қосылу үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін Келiсiм қосылу туралы құжаттарды депозитарийге өткiзген күннен бастап күшіне енедi.

11-бап

      Осы Келісiм күшіне eнген күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады.
      Бұл мерзiм өткеннен кейiн Тараптар басқа шешiм қабылдамаған жағдайда Келiсiм әрқашан автоматты түрде бес жылдық мерзiмге ұзартылады.

12-бап

      Әрбiр Тарап шығуға дейiн кем дегенде 6 ай бұрын ол туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiберiп, Келісiмнің қолданылуы кезiнде туындаған қаржылық және өзге де мiндеттемелердi реттегеннен кейiн осы Келісiмнен шыға алады.

      2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында бiр түпнұсқа данасында орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

       Азербайжан Республикасының         Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                       Yкіметі үшiн

      Армения Республикасының            Ресей Федерациясының
      Yкiметі үшін                       Үкiметі үшiн

      Беларусь Республикасының           Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшін                       Yкiметі үшiн

      Грузия                             Түркiменстан
      Yкiметi үшін                       Yкiметi үшін

      Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының
      Yкiметі үшін                       Yкiметі үшiн

      Қырғыз Республикасының             Украина
      Yкiметi үшiн                       Yкiметі үшiн

      Осымен қоса беріліп отырған мәтіннің 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының үкiмет басшылары кеңесiнде қабылданған, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары - мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттіктерiнің материалдарымен алмасу туралы келісiмнiң түпнұсқалық көшiрмесi болып табылатындығын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келiсімнің түпнұсқалық данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталуда.

       ТМД Атқарушы комитетінің
      Төрағасы-
      Атқарушы хатшының
      бiрiншi орынбасары

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады