Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлігі арасындағы 2003 жылғы 8 қазандағы 2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі нидерландтық бағдарлама шеңберiндегі экономикалық ынтымақтастық бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 864 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгi арасындағы 2003 жылғы 8 қазандағы 2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегi экономикалық ынтымақтастық бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға Хаттамаға қол қоюға келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  2003 жылғы 8 қазандағы 2003 жылға арналған Орталық
және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегі экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгінiң Экономикалық iстер министрлігі арасындағы
өзара түсiнiстiк туралы меморандумға
Хаттама

      2003 жылғы 8 қазандағы 2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегі экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгінiң Экономикалық iстер министрлiгі арасындағы өзара түсiнiстік туралы меморандумның (бұдан әрi - Меморандум) Тараптары болып табылатын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгі Меморандумның iске асырылу барысына қанағаттанушылық танытты.
      PSO бағдарламасы рыноктық экономиканы дамытуға маңызды үлес қосатындығын мойындай отырып, одан әрi өзара тиiмдi ынтымақтастық пен екi жақты экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында қазақстан компанияларының бәсекеге қабілеттілiгiн арттыру;
      төмендегі шарттар негiзiнде Меморандум ережелерiне сәйкес екi Тарап 2004-2005 жылдарда PSO бағдарламасын жалғастыру және Меморандумның әрекет ету мерзiмiн 2005 жылғы 8 қазанға дейiн бiр жыл мерзiмге ұзарту туралы келiсiмге келдi:
      1. Тараптар Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi қазақстан тарапынан PSO бағдарламасының үйлестiрушiсi ретiнде өзiне мына функцияларды алатыны жөнiнде келiсті:
      - қазақстандық компанияларға PSO бағдарламасы туралы ақпарат беру және қазақстан мен нидерланды жобаларының арасындағы жобаларды бiрлесiп енгізуге жәрдем көрсету;
      - Нидерланды Елшiлiгiне жаңа PSO жобаларын енгiзу үшiн әлеуетті нидерланды компанияларын одан әрi сәйкестендiру үшiн PSO бағдарламасына мүдделi қазақстандық компаниялардың тiзiмiн жiберу;
      - Business - to - Business (коммерциялық), сондай-ақ Programmatik (институционалдық) сияқты PSO жобаларын енгiзуге қазақстан тарапынан тартылған мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестіру;
      - мақұлданған PSO жобаларының енгiзiлуiне ықпал ету және жобаларды iске асыру барысында туындайтын проблемаларды шешуге жәрдем көрсету, мүмкiндiгінше осы функция шеңберiндегі жобаларға дербес қатысу;
      - бағалау барысында нидерланды тарабына жобаларға өтiнiмдерге қатысты және қажет болған жағдайда жобаның рыноктық экономиканы дамытуға, қазақстан компанияларының бәсекеге қабiлеттiлiгін және жаңғыртылуын күшейтуге, тұрақты өндiрiс процесiн дамытуға қосатын үлесiне қатысты және жоба Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық даму бөлiгiндегi саясатының мақсаттары мен мiндеттерiне қаншалықты сай екендiгі жөнiнде консультация беру;
      - мүмкiндiгінше PSO жобалары жөнiндегi кеңес комитеттерiне қатысу.
      2. Тараптар Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгі нидерланды тарапынан PSO бағдарламасының үйлестiрушiсi ретiнде өзiне мына функцияларды алатыны жөнiнде келiстi:
      - Қазақстандағы PSO бағдарламасының үйлестiрушiсiне белгіленген өтiнiм беру рәсiмдерiн, жобалық өтiнiмдердi iрiктеу көрсеткiштерiн және жобалық өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы күнiн көрсете отырып, техникалық PSO көмегін алуға конкурс-тендердiң жариялану мерзiмдерi туралы ақпарат беру;
      - Қазақстандағы PSO бағдарламасының үйлестiрушiсiне 2004-2005 жылдары PSO бағдарламасын iске асыруға бөлiнетiн бюджет туралы ақпарат беру.
      3. Меморандумның әрекет ету мерзiмiн ұзарту туралы шешiм осы Хаттамаға қол қойылған күнiнен бастап қабылданды деп есептеледi, Хаттама аталған Меморандумның 6-тармағына сәйкес оның ажырамас бөлiгі болып табылады.
      4. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушілiктер өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешілетiн болады.
      5. Осы Хаттама 2003 жылғы 7 қазандағы 2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегi экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгінiң Экономикалық iстер министрлiгi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумның ажырамас бөлiгі болып табылады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      2004 жылғы  "__" ______ ________ екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiндi басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасының         Экономикалық ынтымақтастық
      Экономика және бюджеттiк          жөнiндегi Нидерланды
      жоспарлау министрлiгi үшін        Корольдiгiнің Экономикалық
                                        iстер министрлігі үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады