"Түркiстанэнерго" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 950 қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы  2-бабының 4-тармағына сәйкес, "Түркiстанэнерго" ашық акционерлiк қоғамын банкрот деп тануға байланысты, өңiр экономикасы үшiн оның маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналарды "Түркiстанэнерго" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) конкурстық массасын сатудың мынадай:
      1) өндiрiстiң технологиялық циклын қамтамасыз ететiн мүлiктiк кешендi бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
      2) әкiмшiлiк шығыстар мен бiрiншi және екiншi кезектердегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес лотты сатудың ең төменгi бағасын белгiлеудi;
      3) технологиялық циклдың үздiксiздігін сақтай отырып, банкроттық рәсiмiн өткiзудi;
      4) конкурстық басқарушыға меншiк құқығы лотты сатып алушыға өту сәтiне дейiн тұтынушыларды энергиямен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шарттар жасасу құқығын берудi көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.

      2. Лотты сатып алуға мыналарды:
      1) электр энергиясын беру және тарату, электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензияларының болуын;
      2) қызметтiк бейiнiн, тұтынушылармен шарттарды және көрсетiлетiн қызметтер көлемiн сақтап қалу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауын;
      3) Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiмен және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен келiсiлген өңiрдi энергиямен жабдықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi инвестициялық бағдарламасының болуын;
      4) Қоғам қызметкерлерiмен еңбек шарттарының үздiксiздiгiн қамтамасыз етуiн және осы шарттар бойынша мiндеттемелер қабылдауын көздейтiн қосымша талаптар белгіленсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады