Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1141 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 372 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.21  N 372 Қаулысымен.

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесiнің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешiмiмен бекiтiлген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығындағы (бұдан әрі - Хатшылық) Қазақстан Республикасына бекiтiлген квоталарға сәйкес лауазымдарға мына кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын:
      Әлиғожинов Серiк Қарабатырұлы - Кеден iсi және шекара мәселелері жөніндегi департамент басшысының орынбасары;
      Сейтімбетова Сәуле Мырзаханқызы - Құқықтық департамент басшысының орынбасары.

      2. Қазақстан Республикасына бекiтiлген квотаға сәйкес Хатшылықтың Құқықтық департаменті басшысының орынбасары лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты Әлия Сүлейменқызы Әутәліпова керi шақырылып алынсын.

      3. "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекiтiлген квоталарға сәйкес лауазымдарға кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қарашадағы N 1473  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады