"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Словак Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1387 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словак Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Словак Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келiсiмді бекiту туралы

      Братислава қаласында 2004 жылғы 31 мамырда жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Словак Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келiсiм бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Словак Республикасының Үкiметi арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынастары туралы
КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Словак Республикасының Yкiметі (бұдан әрi - Тараптар),
      елдер арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,
      екi мемлекет арасындағы автомобиль қатынасын жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың аумақтары бойынша транзитті жеңiлдетуге ұмтыла отырып,
      өзара көмек, ынтымақтастық және өзара тиiмділік негiзiнде осы мәселелердi реттеуге тiлек білдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бөлiк
Ұғымдарды қолдану және анықтау саласы

  1-бап

      1. Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасындағы халықаралық автомобиль жолаушы және жүк тасымалдарын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдары орындайтын үшiншi мемлекеттерге және үшінші мемлекеттерден тасымалдарды реттейдi.
      2. Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерiн қозғамайды.

  2-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін:
      1. "Тасымалдаушы" терминi Тараптардың бiрінің мемлекетi аумағында тiркелген және осы мемлекет қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ақы үшін немесе өз есебiнен халықаралық автокөлiк тасымалдарын орындауға рұқсат берген жеке немесе заңды тұлғаны білдiредi.
      2. "Автокөлiк құралы" термині:
      а) жолаушы тасымалдары жағдайында - Тараптардың бiрінің мемлекетi аумағында тiркелген, өзiнiң құрылымы мен жарақтануы бойынша автомобиль жолдарында тоғыздан көп адамды (жүргiзушіні қоса алғанда) тасымалдау үшiн жарамды әрi соған арналған механикалық жетегi бар автобусты немесе кез келген басқа да автокөлiк құралын;
      б) жүк тасымалдары жағдайында - Тараптардың бiрінің мемлекетi аумағында тіркелген, тiркеме мен жартылай тіркемені қоса алғанда, автомобиль жолдарында жүк тасымалдауға арналған механикалық жетегi бар кез келген автокөлiк құралын білдiредi.
      3. "Жолаушылардың тұрақты тасымалдары" терминi алдын ала белгіленген қозғалыс кестесiне, тасымалдау тарифтерiне және оларға сәйкес алдын ала белгіленген пункттерде жолаушылар мiнетiн және түсетін тасымалдау шарттарына сай белгiлi бiр бағыт бойынша автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдауды бiлдiредi.
      4. "Жолаушылардың тұрақты емес тасымалдары" терминi:
      а) автокөлiк құралдары тiркелген мемлекетте орналасқан жөнелту пунктiнен баратын пунктiне белгiлi бiр автокөлiк құралдарымен жолаушылардың белгiлi бiр топтары екiнші Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тасымалданатын және осындай сапарлар барысында жолаушылардың жеке құрамы өзгермейтiн тасымалдарды;
      б) жолаушылар тобы автокөлiк құралы тiркелген мемлекет аумағынан екiнші Тарап мемлекетiнiң аумағына тасымалданатын және автокөлiк құралы бос қайтатын тасымалдарды бiлдiредi.
      5. "Жолаушылардың маятниктiк тасымалдары" терминi екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында орналасқан белгiлi бiр жеткiзу пунктіне автокөлiк құралы тiркелген мемлекет аумағында орналасқан белгiлi бip жөнелту пункттерiнен алдын ала қалыптасқан жолаушылар топтары белгiлi бiр автокөлiк құралдарымен бiрнеше рейспен тасымалданатын, бұл ретте баратын пунктiне жеткiзiлген жолаушылар топтары жөнелту пунктiне кейінірек тасымалданатын жолаушылар тасымалдарын білдiредi. Баратын пунктінен жөнелту пунктiне жасалатын алғашқы рейс және жөнелту пунктінен баратын пунктiне жасалатын соңғы рейс бос болуы тиiс.
      6. "Каботаждық тасымалдар" терминi екiншi Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан екi пункт арасында бiр Тарап мемлекетi тасымалдаушыларының жолаушылар мен жүктердi тасымалдауын білдiредi.

  2-бөлік
Жолаушы тасымалдары

  3-бап

      1. Осы Келісімге сәйкес жолаушыларды автобустармен тасымалдау, осы Баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген тасымалдауларды қоспағанда, рұқсаттар негiзінде жүзеге асырылатын болады.
      2. Жолаушыларды автобустармен тұрақты түрде тасымалдау рұқсаттар берудiң негiзінде жүзеге асырылады, олар Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара келiсiмi бойынша берiледi. Әрбiр Тарап мемлекетінің құзыретті органы оның мемлекетінiң аумағы бойынша өтетiн бағыт бөлігiне ғана рұқсат бередi.
      3. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдауға арналған рұқсатты беру туралы өтінімдi Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары алдын ала жiбередi. Өтінімде бағыт, кесте және тарифтер туралы деректер, сондай-ақ қозғалысты ашудың ұйғарылған мерзiмі қамтылуы тиiс.
      4. Өтінімнің мазмұны мен нысанын осы Келiсімнің 16-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия анықтайды.
      5. Тұрақты емес жолаушылар тасымалын орындауға рұқсат талап етілмейдi. Жолаушылардың тұрақты емес тасымалдарын жүзеге асырған кезде автокөлiк құралында жолаушылар тiзiмi болуы тиіс.
      6. Тасымалдаушы бұзылған автокөлiк құралын бос жол жүретiн, пайдалануға жарамды басқа автокөлiк құралымен алмастырған жағдайда рұқсат талап етілмейдi.

  4-бап

      Маятниктік тасымалдауды орындау үшін рұқсат талап етiледi. Маятниктiк тасымалдауға арналған өтiнімдi тасымалдаушылар өз мемлекеттерінің құзыретті органдарына береді, олар оны мақұлдағаннан кейiн өтінімдi екiнші Тарап мемлекетінің құзыретті органына жолдайды.

  5-бап

      Бiр Тарап мемлекетінің аумағына, 3-баптың 6-тармағында айтылмаған, екінші Тарап мемлекетiнің бос автокөлiк құралдарының кiруi үшін автокөлiк құралы бағыт алған Тарап мемлекетінің құзыретті органы беретін жеке рұқсат қажет.

  3-бөлiк
Жүк тасымалдары

  6-бап

      1. Тараптар мемлекеттері арасында жүктердi тасымалдау, бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiнші Тарап мемлекетiнің аумағы арқылы үшінші мемлекеттерге және үшінші мемлекеттердiң аумақтарынан бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына екiнші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы жүктердi тасымалдау рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр рейске және әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат берiлуi тиiс. Әрбiр рұқсат бiр рейспен барып қайтуды жүзеге асыруға рұқсат бередi. Бос автокөлiк құралдары үшін де рұқсат талап етiледi.
      3. Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары рұқсаттар бланкiлерiнің өзара келiсiлген санын бiр-бiрiне бередi.
      4. Жүктердi тасымалдауды орындауға арналған рұқсатты тасымалдаушыға автокөлiк құралы тiркелген мемлекеттiң құзыреттi органы бередi.
      5. Тасымалдауды орындауға берiлген рұқсатты, ол кiмге берiлсе, сол тасымалдаушы ғана пайдалана алады және басқа адамға берiлмейдi.

  7-бап

      1. Мыналарды тасымалдау үшін:
      а) қоныс аудару және көші-қон кезiнде жылжымалы мүлiкке;
      б) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған экспонаттарға, жабдықтарға және материалдарға;
      в) спорттық iс-шараларды өткiзуге арналған автокөлiк құралдарына, бәйге аттарына, спорттық мүкәммал мен мүлiкке;
      г) театр декорациясы мен реквизиттерiне, музыкалық аспаптарға, кинотүсiрілім, радио, теледидар хабарлары мен цирктiк қойылымдар жабдықтарына;
      д) қайтыс болғандардың сүйектерiне немесе күлдерi бар сауыттарына;
      е) бүлiнген автокөлiк құралдарына;
      ж) табиғи зiлзалалар, авариялар, апаттар кезiнде шұғыл көмек көрсету бойынша;
      з) тiркеменiң салмағын қоса алғанда, рұқсат етілетін пайдалы жүк көтерімділігi 3,5 тоннадан немесе тiркемелерiн қоса алғанда, жалпы салмағы 6 тоннадан аспайтын автокөлiк құралдарына;
      и) почталық жөнелтiлiмдерге рұқсат талап етілмейдi.
      2. Осы Баптың 1-тармағының б), в), г) тармақшалары онда көрсетілген заттарды керi тасымалдаған немесе кейіннен үшiншi мемлекеттерге тасымалдаған жағдайларда ғана қолданылады.
      3. Тараптар мемлекеттерiнің бiрiндегi заңды немесе жеке тұлғаларға арналған жаңа автомобильдердi жасаушы зауыттан айдап апаруға рұқсат талап етілмейдi.

  4-бөлiк
Жалпы ережелер

  8-бап

      Жолаушылар мен жүктердi каботаждық тасымалдауға рұқсат етілмейдi.

  9-бап

      1. Автокөлiк құралының жүргізушiсiнде өзi басқаратын автокөлiк құралының санатына сәйкес келетiн ұлттық немесе халықаралық жүргiзуші куәлiгi және 1968 жылғы 8 қарашадағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымдарының Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясының талаптарына жауап беретiн автокөлiк құралына арналған ұлттық тiркелу құжаттары болуы тиiс.
      2. Тараптар мемлекеттерінің автокөлiк құралдарының тасымалдаушылары мен жүргiзушілерi аумағы бойынша жолаушылар мен жүктердi тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекеттiң жол қозғалысы ережелерi мен заңнамасын сақтауға мiндетті.
      3. Салмағы немесе көлемi екінші Тарап мемлекетінің аумағында белгiленген ең көп мөлшерден асып түсетін автокөлік құралдарымен жүктерді, сондай-ақ қауiпті жүктердi тасымалдау осы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының арнайы рұқсатын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары арнайы рұқсат беру туралы өтiнiшке оны алған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей жауап беруi тиiс.
      4. Тараптар мемлекеттерiнің тасымалдаушылары мен олардың жүргiзушілерi жасаған құқық бұзушылықтар үшін аумағында құқық бұзушылық болған мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жауап бередi.

  10-бап

      Осы Келiсiмде аталған рұқсаттар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орындалатын тасымалдау барысында автокөлiк құралында болуы және бақылауға құқығы бар органдардың талаптары бойынша көрсетiлуi тиiс.

  11-бап

      Бiр Тарап мемлекетінің тасымалдаушылары екінші Тарап мемлекетiнiң аумағында осы мемлекеттің қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жолаушылар мен жүктердiң тасымалдарын орындауды ұйымдастыру мақсатында өз өкiлдiктерiн құра алады.

  12-бап

      1. Осы Келiсiмнiң негізiнде тасымалдарды орындайтын автокөлiк құралдары, сондай-ақ оларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер осы автокөлік құралдарын пайдалануға және олардың екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша қозғалысына байланысты баждардан және алымдардан (жол салығы) босатылады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi ақылы автострадаларды, магистральдық жолдарды, туннельдердi, көпірлердi және басқа да осы үлгiдегi инженерлiк және техникалық жол құрылыстарын пайдалануға байланысты салықтар мен алымдарды төлеуге және 9-баптың 3-тармағы бойынша арнайы рұқсаттарды беру үшін алымдар төлеуге қолданылмайды.

  13-бап

      Мыналар:
      а) осы Келiсiм шеңберiнде тасымалдауды орындайтын автокөлiк құралдарын жөндеу үшін екінші Тарап мемлекетiнің аумағына уақытша әкелiнетін қосалқы бөлшектер;
      б) автокөлiк құралы тiркелген мемлекетке әкетілуге немесе кеден органдарының бақылауымен жойылуға тиiсті ауыстырылған және пайдаланылмаған бөлшектер;
      в) жасаушы зауыт автокөлiк құралына орнатқан бактардағы отын (200 литрден артық емес) және тасымалдауды орындау үшін қажеттi жағармай материалдары кедендiк баждардан, салықтар мен алымдардан босатылады.

  14-бап

      Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы заңнамаларына және Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  15-бап

      Жолаушыларды, жануарларды, тез бұзылатын азық-түліктердi және қауiпті жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендік және санитарлық бақылау кезексiз өткiзiледi.

  16-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және туындайтын даулы мәселелердi шешу үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының өкiлдерiнен Бiрлескен Комиссия құрады.
      Бiрлескен Комиссияның мәжiлiстерi Тараптардың бiреуiнiң мемлекетінің құзыретті органының ұсынысы бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында алма-кезек өткiзiледi.

  17-бап

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары өз мемлекеттерi тасымалдаушыларының осы Келiсімнің ережелерiн сақтауын қамтамасыз етеді.
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзған тасымалдаушыларға қатысты аумағында бұзушылық болған мемлекеттің құзыретті органдары мынадай шаралар қабылдауы мүмкін:
      а) болатын мемлекет заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігi туралы тасымалдаушыны ескерту;
      б) тасымалдаушыны өз мемлекетi аумағында тасымалдауды орындау құқығынан уақытша, ішінара немесе толық айыру.
      3. Осы баптың 2-тармағы негiзiнде қабылданған шаралар туралы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бiр-бiрiн хабардар етедi.

  18-бап

      Тараптар Атқару Хаттамасында осы Келiсiмдi қолдану ережесiн белгiлейдi.
      Атқару Хаттамасына Келiсiммен бiр мезгiлде қол қойылады және де оның ажырамас бөлiгі болып табылады.

  19-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi. Осы Келiсiм шеңберiнде, Осы Келiсiмнiң 16-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия Атқару Хаттамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқығы бар. Атқару Хаттамасындағы мұндай өзгерiстер мен толықтырулар дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен расталатын болады.

  20-бап

      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және оның күшіне енуi үшін қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 60 күн өткеннен кейiн күшіне енедi.
      Әрбiр Тарап екiншi Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады.
      Келiсім бiр Тарап екінші Тараптан тиiстi хабарлама алған күннен бастап алты айдан соң қолданысын тоқтатады.

      2004 жылғы 31 мамырда Братислава қаласында әрқайсысы қазақ, словак және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
      Осы Келісімнің ережелерiн түсiндiруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгінетін болады.

       Қазақстан Республикасының               Словак Республикасының
           Yкiметi үшiн                            Yкiметi үшін

  Қазақстан Республикасының Yкiметі мен
Словак Республикасының Yкіметi арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынастары туралы
келiсiмдi қолданудың ережелерi туралы
АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар) 2004 жылғы 31 мамырда Братислава қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келiсiмдi қолданудың ережелерiн анықтау мақсатында, төмендегiлер туралы уағдаласты:

      1. Аталған Келiсiмнiң мағынасында құзыретті органдар деп мыналарды түсiну керек:
       Қазақстан Республикасы тарапынан:
      а) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
      б) 9-Баптың 1-тармағы бойынша - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлiгi.
       Словак Республикасы тарапынан:
      3, 4, 5, 6, 9 және 17-Баптар бойынша - Словак Республикасының Көлiк, почталар және коммуникациялар министрлігі.
      2. 3 және 6-Баптарды iске асыру үшін тасымалдарды орындауға арналған рұқсаттардың мынадай санаттары белгiленедi:
      а) бiр Тарап мемлекетiнің аумағында орналасқан пункт пен екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында орналасқан пункт арасында;
      б) Тараптардың бiрiнің мемлекеті аумағы арқылы транзитпен үшінші мемлекетке;
      в) Тараптардың бiрiнің мемлекетi аумағынан үшіншi мемлекетке немесе үшінші мемлекеттен Тараптардың бiрінің мемлекетi аумағына.
      3. Рұқсат бланкiсi 3, 6-баптар бойынша:
       Қазақстан тарапы: қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде;
       Словак тарапы: словак, ағылшын, француз және немiс тiлдерiнде жасайды.
      Тиiстi күнтізбелiк жылда қолданылатын рұқсаттар бланкiлерiнде бiр жылға жасалған реттік нөмiрлерi, сондай-ақ рұқсаттарды берген Тараптар мемлекеттерiнің жауапты тұлғаларының қолдары мен құзыретті органдарының мөрлерi болуы тиiс.
      4. Бiрлескен Комиссия немесе Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары күнтізбелiк жылдың 15 желтоқсанына дейiн өзара алмасу жүргiзілетiн, келесi жылға арналған рұқсаттар бланкiлерiнің қажеттi санын белгiлейдi. Берiлген рұқсаттар бланкілерi онда белгіленген күнге дейiн қолданылады.
      5. Бiрлескен Комиссия мәжiлiстерінде Тараптар осы Келiсiм баптарының орындалу жай-күйi, халықаралық автомобиль тасымалдарына байланысты мемлекет заңнамасындағы өзгерiстер, салықтық, кедендiк және басқа да алымдар, өткен жылғы тасымалдардың жай-күйi, шекара өткелдерi жұмысының режимдерi, рұқсаттар бланкiлерiн пайдалану және тасымалдарды жетiлдiруге бағытталған басқа да мәселелер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
      6. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының атаулары өзгерген жағдайда, бұл туралы Тараптар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы хабардар етедi.

      2004 жылғы 31 мамырда Братислава қаласында әрқайсысы қазақ, словак және орыс тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
      Осы Атқару Хаттамасының ережелерiн түсiндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiліндегі мәтінге жүгінетiн болады.

       Қазақстан Республикасының               Словак Республикасының
           Үкiметi үшiн                            Үкiметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады