"Қазақстан Республикасы және Канада арасындағы Қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек көрсету туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 46 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы және Канада арасындағы Қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек көрсету туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы және Канада арасындағы
Қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек
көрсету туралы шартты бекіту туралы

      2003 жылғы 25 маусымда Оттава қаласында жасалған Қазақстан Республикасы және Канада арасындағы Қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы және Канада арасындағы
Қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек
көрсету туралы
шарт

      Қазақстан Республикасы және Канада, бұдан әрi Тараптар деп аталады:
      ынтымақтастықты және қылмыстық iстер жөнiнде өзара құқықтық көмек көрсетудi негiзге алып, екi мемлекетте қылмыстарды тергеудiң, қылмыстық қудалау мен оның алдын алудың тиiмдiлігін арттыру мақсатында төмендегi туралы келiстi:

  I-бөлiм. Жалпы ережелер

  1-бап
Өзара құқықтық көмек көрсету

      1. Тараптар осы Шартқа сәйкес бiр-бiрiне қылмыстық iстер жөнiнде өзара құқықтық көмек көрсетуге мiндеттенедi.
      2. Өзара құқықтық көмек көрсету деп сұратылғанына немесе оны сот не қандай да болмасын өзге орган көрсетуi тиiс екенiне қарамастан Сұраныс жасалған Тарап жүргізiп жатқан қылмыстық тергеу немесе қудалаудың мәселелерi жөнiнде Сұраныс жасаған Тарапқа көрсетiлетiн көмектi айтады.
      3. "Қылмыстық iстер" деген термин мынаны бiлдiредi:
      Қазақстан Республикасы үшiн - қылмыстық қудалаудың мәселелерi жөнiнде соттың және құқық қорғау органдарының қарау құзыретiне жататын iстер;
      Канада үшiн - Парламент шығарған заңға немесе провинцияның заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылатын әрекеттерге қатысты тергеу және соттық қудалау.

  2-бап
Құқықтық көмектiң көлемi

      Құқықтық көмекке:
      а) адамдар мен заттардың табылуы және сәйкестендiру;
      b) құжаттарды, соның iшiнде адамның жеке келуi туралы сұраныс жасалған жөнiндегі құжаттарды тапсыру;
      с) ақпарат пен құжаттар бepу;
      d) заттарды, соның ішінде заттай дәлелдемелердi уақытша тапсыру;
      e) тiнту және алу;
      f) дәлелдер мен айғақтарды жинақтау
      g) құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшiн орындау кезiнде Сұраныс жасаған Тараптан адамдардың қатысуына рұқсат беру;
      h) жауап беруге немесе тергеуде көмек көрсету үшiн қамауда отырған адамдардың келуiн қамтамасыз ету;
      i) куәгерлердің келуiн қамтамасыз етуде немесе тергеу жүргiзіп жатқан адамдарға көмек көрсету;
      j) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi табу, тыйым салу және тәркiлеу жөнiнде шаралар қабылдау;
      k) егер осы Шарттың мақсатына қарама-қайшы келмейтiн болса, өзге де құқықтық көмек көрсету жатады.

  3-бап
Құқықтық көмек көрсету туралы
өтiнiштi орындау

      1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiніштер Сұраныс жасаған Тараптың заңнамасына сәйкес және егер бұған тыйым салынбаса, Сұраныс жасалған Тараптың белгiленген тәртiбi бойынша кiдiрiссiз орындалады.
      2. Сұраныс жасалған Тарап тиiстi сұраныс бойынша Сұраныс жасаған Тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштің орындалу күнi мен орны туралы ақпарат бередi.
      3. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлген адамдарға оның орындалу кезiнде Сұраныс жасалған Тараптың заңнамасымен тыйым салынбаған көлемде қатысуға рұқсат берiледi.

  4-бап
       Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту
немесе кейiнге қалдыру

      1. Егер Сұраныс жасалған Тараптың пiкiрi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiніштi орындау оның егемендiгiне, қауiпсiздігіне, қоғамдық тәртiпке, елеулі мемлекеттік мүдделерiне зиян келтiретiн немесе қандай да болмасын адамның қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, құқықтық көмек көрсетуден бас тартуы мүмкiн.
      2. Егер құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау Сұраныс жасалған Тарапта тергеу жүргiзуге немесе соттық қудалауға кедергi жасауы мүмкiн болса, Сұраныс жасалған Тарап құқықтық көмек көрсетудi кейiнге қалдыруы мүмкiн.
      3. Сұраныс жасалған Тарап Сұраныс жасаған Тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы өтiнішті толық не iшiнара орындамауы немесе оның орындалуын кейiнге қалдырғаны туралы өз шешiмiн дәлелдей отырып, кiдiрiссiз ақпарат бередi.
      4. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындаудан бас тартар немесе оның орындалуын кейiнге қалдырар алдында Сұраныс жасалған Тарап қажет деп тапқан шарттармен қатар құқықтық көмек көрсетудiң барлық мүмкiндiктерiн қарастырады. Егер Сұраныс жасаған Тарап осы шарттармен көмектi қабылдаса, онда ол соларды сақтауы керек.

  II-бөлiм. Арнайы ережелер

  5-бап
Адамдар мен заттардың табылуы және
сәйкестендiру

      Сұраныс жасалған Тараптың құзыреттi органдары құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлген адамдар мен заттардың орналасқан жерiн анықтау және оларды сәйкестендiру үшiн бар күшін салады.

  6-бап
Құжаттарды тапсыру

      1. Сұраныс жасалған - Тарап осы мақсатта берілген құжаттарды тапсыруға мiндет алады.
      2. Сұраныс жасаған Тарап жауап беруге тағайындалған немесе келу мерзiмiне дейiнгi уақыт аралығында Сұраныс жасаған Тарапқа жауап берудi немесе келудi туындыратын құжатты тапсыру туралы өтiнiштi хабарлайды.
      3. Сұраныс жасалған Тарап Сұраныс жасаған Тараппен көрсетiлген әдiспен құжаттардың тапсырылуын растауды жолдайды.

  7-бап
Ақпараттар, құжаттар мен заттарды беру

      1. Сұраныс жасалған Тарап жұртшылыққа белгілi ақпаратты және құжаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер мен органдардың құжаттарын беруге мiндеттенедi.
      2. Сұраныс жасалған Тарап мемлекеттік орган немесе мекеме иемденетiн, бiрақ жұртшылыққа жария болып табылмайтын ақпаратты, құжат пен затты, егер оларды өзіндiк құқық қорғау және сот органдары бергендей қып, сол көлемде және сол шарттармен бередi.
      3. Егер Сұраныс жасаған Тарап түпнұсқаны сұрамаса, Сұраныс жасалған Тарап құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi.
      4. Сұраныс жасаған Тарапқа берiлген құжаттардың түпнұсқалары мен заттар Сұраныс жасалған Тарапқа тез арада қайтарылады, соңғының сұранысы бойынша.
      5. Сұраныс жасалған Тараптың заңнамасымен тыйым салынбағандықтан, Сұраныс жасаған Тараптың заңнамасына сәйкес олардың сұрауалылығын қамтамасыз ету мақсатында Сұраныс жасаған Тараппен көрсетiлген түрде құжаттар мен заттар берiледi немесе расталады.

  8-бап
Тiнту және алу

      1. Сұраныс жасалған Tapaп тінтудi және алуды жүргізу туралы өтiнiштi орындауға мiндеттенедi.
      2. Тiнту және алуды жүргiзген құзыреттi орган сәйкестендіруге, жағдайға, құжаттар мен заттардың толықтылығы мен иелiк тарихына және алу жүргiзiлген жағдайға қатысты Сұраныс жасаған Тараптың сұраған ақпаратын береді.

  9-бап
Дәлелдердi жинақтау

      1. Қажет болған жағдайда көрсетпелер берудi және құжаттарды немесе заттарды көрсетудi талап етілген Сұраныс жасалған Тараптың адамы Сұраныс жасалған Tapаптың заңнамасына сәйкес көрсетпелер беру және осы құжаттар мен заттарды көрсету үшін құзыреттi органға немесе сотқа шақырылады.
      2. Сұраныс жасалған Тараптың заңнамасымен тыйым салынбаған көлемде және тәртiп бойынша Сұраныс жасаған Тараптың мемлекеттiк қызметшiсiне және құқықтық көмек көрсету туралы өтiніште көрсетiлген өзге адамға осы өтінішті орындау кезiнде қатысуға және Сұраныс жасалған Tapаптың аумағында жүргізiлетiн процеске қатысуға рұқсат беріледi.
      3. Процеске қатысу құқығына сауал қою құқығы жатады. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштiң орындалу кезiнде қатысатын адамдарға процессуалдық әрекеттердi сөзбе-сөз жазуға рұқсат етiледi. Осындай сөзбе-сөз жазбаны жүзеге асыру үшiн техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат берiледi.

  10-бап
Дәлелдер келтiру немесе тергеуде
көмек көрсету

      Сұраныс жасаған Тараптың өтiнiшi бойынша Сұраныс жасалған Тарап адамды тергеуде көмек көрсету үшiн немесе Сұраныс жасаған Тарапқа куәгер ретiнде келуге шақырады және оның келiсiмiн сұратады. Сонымен қатар Сұраныс жасаған Тарап өтініште барлық төлем шығындары туралы ақпарат бередi.

  11-бап
Жауап беруге немесе тергеуде көмек көрсету
үшін қамауда отырған адамдардың келуiн
қамтамасыз ету

      1. Сұраныс жасаған Тараптың талабы бойынша Сұраныс жасалған Тараптың юрисдикция шегiнде қамаудағы адам тергеу жүргiзуге көмек беру үшiн немесе процесте куәгерлiк көрсетпелер беруге өз еркiмен келiсiм берген және осы адамды тапсыруға кедергi жасайтын негiздемелер болмаған жағдайда Сұраныс жасаған Тараптар уақытша тапсырылуы тиiс. Сұраныс жасаған Тарап осы адамды қамауда ұстауға және сұраныс аяқталғаннан кейiн оны Сұраныс жасалған Тарапқа қайтаруға тиiс.
      2. Ұйғарылған үкiмнің мерзiмi бiткен жағдайда немесе Сұраныс жасалған Тарап Сұраныс жасаған Тарапқа осы адамды қамауда ұстаудың қажетi жоқ екенiн хабарласа, осы адам босатылуы тиiс және оған қатысты осы шарттың 10-бабының ережесi қолданылады.

  12-бап
Қауiпсiздiк кепiлдiктерi

      1. Сұраныс жасаған Тараптың аймағындағы адамның осы аймақта болуы қажет екенi туралы өтiнiшке сәйкес, 11-бапта (1) көрсетiлген жағдайлардан басқа, қандай да болмаған жағдайда оның қамауға алынуы немесе жеке бостандығына кез келген өзге шектеулерге душар болуы мүмкiн емес; сондай-ақ осы адам қандай да болмасын әрекеттерi немесе осы адамның Сұраныс жасалған Тараптың юрисдикциясынан шығуды тудыратын әрекетсiздiгi үшін қылмыстық қудалауға душар болуы мүмкiн емес.
      Бұндай кепiлдiктер, егер де бұл адам мұндай әрекеттерді және әрекетсiздіктердi Сұраныс жасаған Тараптың аймағында жасағаны үшiн өзiн кiнәлi деп есептесе, сондай-ақ осы өтiнішке қатысты емес басқа қандай да бiр iске жауап беруге міндеттi болмаған жағдайда беріледi.
      2. Егер адам Сұраныс жасаған Тараптың юрисдикциясын тастап кетуге мүмкiндiгi бола тұра, оның ендi болуы қажет емес екенi туралы ресми хабар алған күннен бастап 30 күн iшiнде оны тастап кетпесе немесе осы юрисдикциядан кетiп, осы адам өз еркiмен оған қайтып келген жағдайда осы баптың 1-бөлiгiн қолдануға болмайды.
      3. Сұраныс жасаған Тараптың юрисдикциясына келуден бас тартқан кез келген адам осы үшiн Сұраныс жасалған немесе Сұраныс жасаған Тарапта ешқандай санкцияларға не мәжбүрлеу шараларға тартылуы мүмкiн емес.

  13-бап
Қылмыс жолымен алынған кiрiстер

      1. Сұрау жасалған Тарап өтініш бойынша оның аймағында қылмыстық жолмен алынған қандай да бiр кiрiстердiң білінгенiн анықтау үшiн барлық күш салынады және өзiнiң күшiнiң нәтижесi туралы Сұраныс жасаған Тарапқа хабарлайды.
      2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес жобамен қылмыстық жолмен алынған кiрiстер табылса, Сұрау жасалған Тарап оларды тәркілеу және тыйым салу мақсатында заңда көзделген шараларды қолданады.
      3. Тараптар әрбiр нақты жағдайда қылмыстық жолмен алынған және осы кiрiстерге үшiншi тараптың құқықты болуын есептей отырып, осы баптың ережелерiне сәйкес жіберілген құқықтық көмек көрсету туралы өтiнішке байланысты тәркіленген кiрiстердi беру туралы келiседi.

  III-бөлiм. Рәсiм

  14-бап
Құқықтық көмек көрсету туралы
өтiнiштердiң мазмұны

      1. Барлық жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште:
      а) өтiнiш жасалған тергеу немесе соттық қудалау жүргiзетiн құзыретті орган;
      b) қабылданатын заңдар мәтіндерiнің көшiрмесi және нақты міндеттемелердің қысқаша мазмұнымен тергеу немесе сот қудалауының сипаты;
      с) сұранып отырған көмектің мазмұны және берiліп отырған өтініштің мақсаты;
      d) сақталуға тиiстi құпиялылықтың дәрежесi және тиiстi дәйектемесi;
      e) өтініштің орындалу мерзiмi көрсетiлуi керек.
      2. Келесi жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтініште:
      а) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi тәркiлеу және тыйым салуда немесе тiнту және алуды жүргізу кезінде табылған дәлелдердің жиынтығы туралы өтiнiштi жiберген жағдайда қылмыстық жолмен алынған кiрiстер немесе дәлелдемелердің Сұрау жасалған Тарап аймағында табылуы мүмкiн екендігін дәлелдейтiн ақпаратының болуы;
      b) адамдардан алынған айғақтардың жиынтығы туралы өтінішті жiберу кезiнде - антпен немесе салтанатты өтiнiшпен бекiтiлген немесе заңды жолмен көрсетуiнен, сондай-ақ сұралған айғақтар мен арыздардың мәнiн сипаттауда айғақтардың талап етілуi;
      с) заттай айғақтарды уақытша беру кезiнде - Сұрау жасалған Тараптың аймағындағы заттай айғақтардың негізгi орналасқан жерi және Сұраныс жасаған Тарапта заттай айғақтарды сақтайтын адамдарды немесе адамдардың санаты, жүргiзiлуге тиiстi кез келген тексерiсте заттай айғақтарды әкелу орны және оларды қайтару күні;
      d) қамауда ұсталып отырған адамдардың келуiн қамтамасыз ету кезiнде - беру кезiнде оларды қамауда ұстайтын адамдар немесе адамдардың санаты, әкелу орны және оларды қайтару күнi көрсетiлуi керек.
      3. Қажеттi жағдайда және мүмкiндiгiнше құқықтық көмек көрсету туралы өтініште:
      а) адамның жеке тұлғасы, азаматтығы мен мекен-жайын немесе тергеу немесе сот қудалауы жүргiзілетiн адам;
      b) Сұрау жасалған Тараптың пiкiрi бойынша орындалуға тиiстi кез келген нақты рәсiмнiң немесе талаптардың толық сипатын және тиiстi дәйектемесi көрсетiлуi тиiс.
      4. Егер Сұрау жасалған Тарап құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау үшiн ақпарат толық емес деп есептесе, ол қосымша ақпаратты сұрай алады.
      5. Өтініш жазбаша түрде жасалады. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiніштi кейiнге қалдыруға болмаған жағдайда ауызша жасалады, бiрақ бұдан кейiн кідiрiссiз жазбаша түрде бекiтілуi тиiс.

  15-бап
Орталық органдар

      Осы Шарттың мақсаттары үшiн орталық органдар барлық құқықтық көмек көрсету туралы өтiніштердi бередi және алады. Орталық органдарға:
      Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы;
      Канада тарапынан - Әдiлет министрлiгi немесе оған өкiлеттi ресми тұлға жатады.

  16-бап
Құпиялылық

      1. Сұрау жасалған Тарап Сұраныс жасаған Тараппен өткен кеңестен кейiн ақпараттар мен дәлелдердi, сондай-ақ олардың көздерiн құпияда сақтауға немесе Сұрау жасалған Тарап нұсқай алатын жағдайға сәйкес қана жариялауға немесе пайдалануға болатынын талап ете алады.
      2. Сұрау жасалған Тарап өтiнiш, оның мазмұнын тiркеме құжаттары мен өтінішке сәйкес қабылданған кез келген iс-әрекеттiң құпияда сақталуын талап ете алады. Егер өтiнiш құпиялықты бұзбау арқылы орындай алмаса, онда Сұрау жасалған Тарап өтiніштің орындалуына дейiн Сұраныс жасаған Тарапқа бұл жайында хабарлауы және өтiнiш кез келген жағдайда орындалуы мүмкiн бе, соны соңғысы анықтауы керек.

  17-бап
Ақпараттар мен дәлелдеме
материалдарын пайдалануды шектеу

      Сұрау жасалған Тарап ақпаратты немесе дәлелдемелердi Сұраныс жасаған Тараптың орталық органының алдын ала келісiмiнсiз құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлгеннен басқа өзге мақсаттарда жариялануы немесе пайдалануы мүмкiн емес.

  18-бап
Куәлiк

      Осы Шартқа сәйкес берiлген құжаттар мен заттар қандай да бір куәлiк нысанын талап етпейдi, осы Шарттың 7-бабында көрсетiлген жағдайлардан басқа.

  19-бап
Тілі

      Қазақстан Республикасынан жолданған сұранымдар мен оның қосымша құжаттары ағылшын немесе француз тiлдерiндегi аудармасымен жiберiлуi керек. Канададан жолданған сұраным және оның қосымша құжаттары қазақ немесе орыс тілдерiндегi аудармасымен берiлуi керек.

  20-бап
Құқықтық көмек көрсетуге байланысты
шығыстар

      1. Егер де:
      а) Сұраныс жасалған Тараптың өтiнiшiмен Сұрау жасалған Тараптың аймағына немесе оның аймағынан адамды әкелуге байланысты шығыстарды және осы Шарттың 10 немесе 11-баптарына сәйкес өтiнiшке байланысты Сұраныс жасалған Тараптың аймағында болған кезiндегi осы адамға төленетін барлық шығындарды;
      b) сарапшылар және олардың қалам ақыларының шығындарын;
      с) жазбаша және ауызша түрдегi аудармалар мен хаттамаларды жүргізуге байланысты шығындарды Сұраныс жасаған Тарап өзiне алған жағдайда ғана, Сұрау жасалған Тарап құқықтық көмек көрсету туралы өтініштердi орындауға байланысты шығыстарды өзiне алады.
      2. Егер құқықтық көмек көрсету туралы өтiніш төтенше шығындарды талап ететiндігі айқындалса, Тараптар сұранып отырған құқықтық көмектiң көрсетiлу мүмкiндiгiн анықтау мақсатында кеңеседi.

  ІV-бөлiм. Қорытынды ережелер

  21-бап
Басқа құқықтық көмек

      Осы Шарт басқа шарттарға, келiсiмдерге және өзге уағдаластықтарға сәйкес, Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды, сондай-ақ басқа шарттар мен келiсiмдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне көмек көрсетуiне немесе көмек көрсетудi жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.

  22-бап
Кеңестер

      Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша Тараптар кідiрiссiз осы Шартты пайдалануға және түсiндiрме беруге қатысты кеңестер өткiзедi.

  23-бап
Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Шарттың мәтініне өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi.

  24-бап
Шарттың күшіне енуi және оның
күшiнiң жойылуы

      1. Тараптар шарттың заңды күшiне енуi үшiн қажеттi барлық iшкi заңды рәсiмдерінің орындалуы туралы бiр-бiрiне жазбаша хабарлағаннан кейiн осы Шарт 30 күн өткен соң заңды күшiне енедi.
      2. Осы Шарт қабылданғанға дейiн орын алған құқық бұзушылықтарға қатысты құқықтық көмек көрсету туралы жолданған барлық өтiнiштерге де қолданылады.
      3. Осы Шарттың күшін Тараптардың кез келгенi жол алады. Тараптардың бiреуi Шарттың күшiн жою туралы екiншi Тарапқа ресми жазбаша хабарлаған күннен бастап алты айдан кейiн осы Шарт өз күшiн жояды.
      4. Осы Баптың 3-бөлігіне сәйкес алынған Шарттың күшiн жою туралы хабарлауға қарамастан, Тараптар бұндай хабарлауды алғанға дейiнгi жасалған құқықтық көмек көрсету туралы сұранымды орындай бередi.

      Бұны растау үшiн, бiз төменге қол қойғандар, өзiмiздiң үкiметтерiмiзге сәйкес өкiлеттi өкiлдер, мына Шартқа қол қойдық.

      2003 жылдың 25 маусым екі данада, әрқайсысы қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде жасалды, барлығының мәтiндерi бiрдей күшке ие.

       Қазақстан Республикасы                  Канада
      үшін                                    үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады