Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 123 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қызылорда облысының әкiмiне Қызылорда облысындағы Сырдария өзенiндегi қиратушы су тасқынының салдарларын жою мақсатында қорғау бөгеттерiн және өзге де инженерлiк құрылыстарды қалпына келтiруге, нығайтуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Қызылорда облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады