Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 175 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 943 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы  N 943  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 39, 520-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "департаменттерi" деген сөз "басқармалары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласында:
      1) тармақшада:
      "белгiлеудiң" деген сөз "есептеудiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "(бағаларды, алым ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттiк саясатты iске асыру саласында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзудi;";
      мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау саласында:
      2) тармақшада:
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "табиғи монополия субъектiсiнiң ол үшiн "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен  рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыруына;";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе тұлғалар тобының) сатып алуына;
      мүлiктiк жалдау шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, үзілiссiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемiнiң үзiлуiне не едәуiр төмендеуiне әкелiп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген теңгерiмдiк құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнының 0,05 пайызынан асатын реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемелерiн қолдануды;";
      5) тармақшада:
      "(бағаларды, алым ставкаларын)", "(бағаға, алым ставкасына)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн", "немесе оның шектi деңгейiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "енгiзумен" деген сөзден кейiн "тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдаланумен, тарифтiк сметаның шығын баптарын атқарудың бекiтiлген мөлшерiнен бес пайыздан астам ауытқуымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша "(бағаларды, алым ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      1) тармақшадағы "Табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектілердi Табиғи монополиялар субъектілерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердi табиғи монополиялар субъектілерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "реттейтiн" деген сөзден кейiн "және бақылайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "реттейтiн" деген сөзден кейiн "және бақылайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы  заңнамасын  бұзған жағдайда, орындауға мiндетті нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;";
      10) тармақша "тұтынушылармен" деген сөздiң алдынан "реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын өзгертуге бастамашылық жасауға;";
      12) тармақша алынып тасталсын;
      14) тармақшадағы "қызметтерiне" деген сөз "реттелетiн қызметтерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тізбесiнде мәтiндегi "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады