Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 192 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, 2005 - 2007 жылдарға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегiнде көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналасқан жерлерiнде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) дипломатиялық арналар арқылы тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерiне оралмандардың шығуы мен транзиттiк жүрiп өтуi және шығатын мемлекеттердiң шекаралары арқылы өтуi кезiнде оларға жәрдем көрсету мәселелерi жөнiнде өтiнiш жасасын;
      2) тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген отандастарымыздың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғауға байланысты мәселелердi шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен пысықтасын;
      3) өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрудi жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл сайын 1 шiлдеге және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы қаулының орындалуы туралы есептi табыс етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады