Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жекелеген жер учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 263 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  120-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Ақмола облысының Ерейментау ауданы Новомарковск округінің шекарасындағы алаңы 4540 га жер учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен далалық оқу орталығын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін тұрақты жер пайдалануға "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі" мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі      
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады