"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 280 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                                            Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

      "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 4, 22-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілiктi әскери басқару органдары.";

      2) 6-баптың 1-тармағында:
      9) тармақшадағы "заңдарында" деген сөз "заң актілерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;

      3) 9-баптың бiрiншi бөлiгінде:
      13) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы баптың 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде де, оны енгiзгенге дейiн де қабылдануы мүмкiн.";

      4) 10-бапта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерiн қаржыландыру тәртiбiн белгілейдi," деген сөздер алынып тасталсын;
      9) тармақша алынып тасталсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады