Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасына iзгiлiк көмек көрсетуге байланысты шығындарды өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 319 Қаулысы

      "Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасына iзгiлiк көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1445  қаулысы негізiнде Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасына iзгілiк көмек көрсетуге байланысты шығындарды өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының және өзге де мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 40499771 (қырық миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың жетi жүз жетпiс бiр) теңге 55 (елу бec) тиын сомасында ақшалай қаражат, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне - Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасына iзгілiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк резервтiң шығарылған материалдық құндылықтарының және жұмылдыру резервiнiң броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының құнын өтеу үшiн 14963683 (он төрт миллион тоғыз жүз алпыс үш мың алты жүз сексен үш) теңге;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгіне iзгiлiк көмек жүгiн автомобиль және авиация көлiктерiмен тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеуге 25536088 (жиырма бес миллион бес жүз отыз алты мың сексен сегіз) теңге 55 (елу бес) тиын бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады