Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 918 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 333 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      2. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының 2004 - 2006 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 927  қаулысының ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 927 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 515  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2005 жылғы 12 сәуiрдегi
N 333 қаулысына    
қосымша         

  5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2005 - 2007 жылдарға арналған орта
мерзiмдi фискалдық саясатын нақтылау

      2004 жылы мемлекеттік бюджеттi атқару қорытындылары, 2005 - 2007 жылдарға арналған аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердi нақтылау және Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бiрлескен мәжiлiсiнде "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдаумен сөз сөйлеуi Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын (бұдан әрi - бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясат) нақтылауға негiз болды.
      Бұдан басқа, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қараған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң фискалдық саясатына және аталған заң жобасына өзгерiстер енгiзiлдi.
      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  жобасы Бюджет  кодексінің , Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917  қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары мен 2 және 3-бөлiмдерде берiлген бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде әзiрлендi.
      2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасының өлшемдерi: түсiмдер - 1135,8 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 19,4 %), шығыстар - 1223,6 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 20,9 %) құрады. Тапшылық 87,8 млрд. теңге немесе ЖIӨ-нiң болжамды деңгейiне 1,5 % (5 850 млрд. теңге) мөлшерiнде жоспарланды.
      Қазақстан Республикасының Парламентінде 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қарау нәтижесiнде салық заңнамасына корпорациялық табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша енгiзілген өзгерiстер есебiнен кiрiс бөлiгi 5,055 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
      Республикалық бюджет тапшылығы 13,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды және 101,4 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 1,7 % құрады.
      Бюджеттің кiрiс бөлiгiн ұлғайту жекелеген шығыс түрлерін қысқарту, сондай-ақ бюджет тапшылығын ұлғайту есебiнен түскен қаржы қаражатының қосымша көлемi:
      Алматы қаласындағы білiм беру және денсаулық сақтау объектілерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейтуге;
      тыл еңбеккерлерiнiң арнайы мемлекеттік жәрдемақыларын 1 айлық есептік көрсеткiшке дейiн ұлғайтуға;
      ауылдық елдi мекендердiң ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға;
      бiлiм беру объектілерiн салуға;
      Астана қаласында көлiк инфрақұрылымын дамытуға;
      Оңтүстiк Қазақстан тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге жiберiлдi.
      Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 13,2 млрд. теңге мемлекетаралық инвестициялық банк құруға жiберiлдi. Банктiң жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының қатысуы банкке қатысушы мемлекеттердiң рыноктық экономикасының қалыптасуына және дамуына, экономикалық өсуге және инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететiн болады.
      Тұтастай алғанда, бюджет жобасының шығыс бөлiгi (шығындар және қаржы активтерiн сатып алу) 18,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
      Бюджет  кодексiне сәйкес 2005 жылға арналған республикалық бюджет жаңа бюджет құрылымы бойынша қалыптастырылды және мынадай көлемде бекiтiлдi:
      1) кiрiстер - 1128,4 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 19,3 %, оның iшiнде салықтық түсiмдер - 984,2 млрд. теңге;
      2) шығындар - 1089,5 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 18,6%;
      3) операциялық сальдо (кiрiстер мен шығындар арасындағы айырма) - 39,0 млрд. теңге;
      4) таза бюджеттік кредит беру - 54,1 млрд. теңге;
      5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 86,3 млрд. теңге;
      6) бюджет тапшылығы - 101,4 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 1,7%.
      6-кестеде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 920  қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң қарауына ұсынылған 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасының, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңымен бекiтiлген 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің негiзгi өлшемдерi және Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған бюджет жобасына түзетулер келтiрiлген.

                                                         6-кесте

     2005 жылға арналған бекiтiлген республикалық бюджет

Атауы

2004 жылғы
31 тамызда
Қазақстан
Республикасының
Парламентiне
енгізiлген
республикалық
бюджет жобасы
 

"2005 жылға
арналған
республикалық
бюджет туралы"
2004 жылғы
2 желтоқсан-
дағы ҚРЗ

бюджет
жоба-
сына
түзе-
тулер
млрд.
теңге

млрд.
теңге

ЖIӨ-ге
%-бен

млрд.
теңге

ЖIӨ-ге
%-бен

Кiрiстер                     1123,4   19,2  1128,4   19,3    5,1
Салықтық түсiмдер             979,2   16,7   984,2   16,8    5,0
Салықтық емес түсiмдер         36,9    0,6    37,0    0,6    0,1
Шығындар                     1075,5   18,4  1089,5   18,6   13,9
Операциялық сальдо             47,9    0,8    39,0    0,7   -8,9
Таза бюджеттiк кредит беру     54,1    0,9    54,1    0,9
  Бюджеттік кредиттер          64,5    1,1    64,5    1,1
  Бюджеттік кредиттерді        10,4    0,2    10,4    0,2
өтеу
Қаржы активтерiмен             81,5    1,4    86,3    1,5    4,8
жасалатын операциялар
бойынша сальдо
Қаржы активтерiн сатып алу     83,5    1,4    88,3    1,5    4,8
Мемлекеттiң қаржы               2,0            2,0
активтерiн сатудан түсетiн
түсiмдер
  Бюджет тапшылығы            -87,8   -1,5  -101,4   -1,7   13,7
(профицитi)
__________________________________________________________________
Бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат                   5850
бойынша ЖIӨ болжамы, млрд. теңге

      5.1. Елдiң 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
      2004 жылы ЖIӨ нақты өсуi 9,4 % құрады және көлемнiң өнеркәсiпте 10%-ға, құрылыста - 11,2%-ғa ұлғаюымен қамтамасыз етілдi. Қызметтер секторында көлiктiң барлық түрiмен жүктердi тасымалдау көлемi 9%-ға, байланыс - 32%-ға, сауда - 10,4%-ға ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 2003 жылдың деңгейiне 100,1% құрады.
      Инфляцияның деңгейi жыл бойы орта есеппен 6,9 % мөлшерінде қалыптасты.
      2004 жылы сыртқы тауар рыноктарында мұнайға және металлургиялық өнеркәсіп өнiмiнiң жоғары бағаларымен қатар әлемдiк экономиканың өсуi қазақстандық тауарлардың экспортына ықпал еттi. 
      Ауқымды шетел қарыз капиталының келiп түсуiмен қатар экспорттан түскен валюталық түсiмдер iшкi валюта рыногындағы шетелдік валютаның артық ұсынысына себеп болды. Теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы iшкi валюта рыногына көрсетiлген қысымның салдары болды. 2004 жыл iшiндегi теңгенiң орташа өлшемдiк айырбас бағамы бiр долларға 136,04 теңгенi құрады. Жыл басынан бастап теңге номиналды мәнде АҚШ долларына қарағанда 9,3 %-ға нығайды. Теңгенiң айырбас бағамының АҚШ долларына нақты нығаюы 2004 жылы 5,3 % құрады.
      Iшкi сұраныстың ұлғаюы мен теңгенiң айырбас бағамының АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан импорт көлемi өсті.
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) бағалауы бойынша тауарлар экспорты (ФОБ) 20537 млн. АҚШ долларын, тауарлар импорты (ФОБ) - 13783,4 млн. АҚШ долларын, өсу тиiсiнше 55,6 % және 52,6 % құрады. 2004 жылы сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы 2003 жылмен салыстырғанда 61,9 %-ға ұлғайды және Министрлiктiң бағалауы бойынша 6753,6 млн. AҚШ долларына жетті.
      Мұнай өңдеу саласындағы шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iрi инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық стратегияны iске асыру, сондай-ақ бiрқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылған инвестициялардың көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкiндiк бердi. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негiзгi капиталға инвестициялар 10,6 %-ға ұлғайды.
      5.2. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған негiзгi көрсеткiштерінің нақтыланған болжамы.
      Бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат экономика дамуының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған бекiтілген орта мерзiмдi жоспарының базалық сценарийiне негізделген.
      Әлемдiк тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, макроэкономикалық тұрақтылық, елде жүргізілiп отырған тиiмдi экономикалық саясат, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруы нәтижесiнде iшкi сұраныстың артуы, өндiрiс секторының тұрақты жұмысы, инвестициялық климаттың жақсаруы экономика дамуының жоғары қарқынына себеп болды, бұл негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi қайта қарау үшiн негiз болып табылды.
      Болжамды көрсеткiштердiң ұлғаюына ықпал еткен негiзгi факторлар мынадай: 2004 жылғы неғұрлым жоғары нақты база, экспорт тауарларына арналған қолайлы конъюнктура, тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң неғұрлым жоғары өсу қарқыны.
      2005 - 2007 жылдарға арналған ЖIӨ-нiң болжамы ұлғаю жағына қарай нақтыланды және 2005 жылы - 6580 млрд. теңге, 2006 жылы - 7808 млрд. теңге және 2007 жылы - 8892 млрд. теңге құрайды.
      2005-2007 жылдары инфляцияның орташа жылдық деңгейi бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген 4,1 - 6,5 %-ға қарағанда, 5 - 7 % аралығында қалыптасады. Оған мұнайға және металдарға әлемдiк бағаның жоғары деңгейi, шетелдiк капиталдың келуi, сондай-ақ бюджеттен мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджет салаларының қызметкерлерiне жалақының, зейнетақының, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердiң артуы ықпал етуi мүмкiн.
      Соңғы жылдары қалыптасқан мұнай өңдеу секторындағы өсу үрдiсiн негiзге ала отырып, 2005 - 2007 жылдарға арналған мұнайға әлемдiк бағаның болжамы нақтыланды. Базалық сценарий мұнайға әлемдiк бағаларды бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген бiр баррель үшiн 28,5 - 32,9 AҚШ долларына қарағанда, бiр баррель үшiн 40 - 42 АҚШ доллары аралығында көздейдi.
      Мұнайға экспорттық бағалар бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген бiр баррель үшiн 21,4 - 24,7 АҚШ долларына қарағанда 30 - 31,5 АҚШ доллары деңгейiнде тұрақтанады.
      Сауда теңгерiмiнің оң сальдосы жылына орта есеппен 5,6 млрд. жуық АҚШ долларын құрайды.
      Мұнайға жоғары бағалар инвестициялардың құйылуына, өнеркәсiптiк өнiмдер, көлiктiк қызметтер көлемiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өсуiне оң ықпал етедi.

                                                         7-кесте

        Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға
    арналған макроэкономикалық көрсеткіштерiнiң болжамы
                    (базалық сценарий)

Атауы

2004
есеп

2005
баға

2006
болжам

2007
болжам

1

2

3

4

5

ЖIӨ, млрд.теңге

5542

6580

7808

8892

ЖIӨ-нiң алдағы жылға
%-бен нақты өзгеруi

109,4

108 

108  

108,3  

ЖIӨ дефляторы, %

109,9

110

109,8

105,2

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл.

40,7

50,6

61,5

71,7

Халықтың жан басына
шаққанда ЖІӨ, АҚШ долл.

2697

3352,8

4041,8 

4681

Тұтыну бағалары индексі, %





Жылына орта есеппен

  6,9

5-7  

5-7  

5-7  

Тауарлар экспорты млн.
АҚШ долл. (ФОБ)

20537

22857,9

23386,3

24196,2

Тауарлар импорты млн.АҚШ
долл. (ФОБ)

13783,4

14976,6 

18254,7

19635,1  

Cауда теңгерiмi, млн. АҚШ
долл.

6753,6

7881,3  

5131,6  

4561,1  

Негізгi капиталға
инвестициялар





Алдағы жылға %-бен

110,6

112

115

114

Ауыл шаруашылығының жалпы
өнiмiнiң көлемi, млрд.
теңге

693,3

738,4

791,7

841,5

алдағы жылға %-бен

100,1

102,7

102,9

102,9

Өндiрiстік өнiмнiң
көлемi, млрд. теңге

3733,8

4294,4

4624,3

5056,6

алдағы жылға %-бен

110

107,1

106,2

106,3

Мұнай мен газ конденсатын
өндiру, млн. тонна

59,4

64

68

72

оның iшiнде экспорт, млн.
тонна

52,4

54,4

55,1

58,7

Мұнайға әлемдік баға
(Brent қоспасы), бiр
баррель АҚШ доллары

38,3

42

41

40

Мұнайға экспорттық баға
бiр баррель үшiн АҚШ
доллары

28,7

31,5

30,8

30

Құрылыс, млрд. теңге

687,8

828,5

997,9

1217,9

алдағы жылға %-бен

111,2

109,5

109,5

110

Көлiк қызметтерi, млрд.
теңге

1180,8

1367,5

1589,9

1854,8

алдағы жылға %-бен

109

107,2

109

109

Байланыс, млрд. теңге

172,4

217,3

273,7

341,6

алдағы жылға %-бен

132

120

120

120

Сауда, млрд. теңге

1117,8

1279,3

1498,9

1747,7

алдағы жылға %-бен

110,4

109

109,5

110

      5.3. Салық және бюджет саясаты.
      Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрi - Жолдау) басты мақсаты саясатта, экономикада және азаматтардың әлеуметтiк қорғалушылығын бiр мезгілде арттыра отырып, әлеуметтік салада, олардың әл-ауқатын өсiруде, шағын және орта бизнестi дамытуда ауқымды реформалар жүргiзу, сондай-ақ Қазақстанның көп ұлтты және көп конфессиялы халқына қатысты жатсынбаушылық саясатын жалғастыру болып табылады.
      Мемлекеттiң салық саясаты тұтастай алғанда, бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясаттың мiндеттерi шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, Жолдауда атап көрсетілгендей, мемлекет кәсіпкерлiк ортаның бастамашылықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауы тиiс.
      Осыған байланысты, әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлігін дамыту жөнiндегi жедел шаралар бағдарламасына сәйкес салық заңнамасын жетілдiрудiң негiзгi бағыттарына қосымша iс-шаралар енгiзілдi:
      шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану саласын кеңейту және салықтық жүктеменi азайту, сондай-ақ оларды инвестициялар, ең алдымен экономиканың шикiзаттық емес секторына салуға тарту шараларын қабылдау;
      өткiзу бойынша ең төмен айналыс мөлшерiн ұлғайту, ол өскен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндеттi.
      Сөйтiп, салық жүйесi экономикалық реттеуіш ретiнде жұмыс орындарының санын, өндiрілетiн жұмыс пен көрсетілетін қызметтер көлемiнiң ұлғаюын қамтамасыз ете отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілер санының өсуiн ынталандыратын болады.
      Тұтастай алғанда, орта мерзiмдi кезеңде мемлекет жүргiзетiн бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес келетiн және орнықты экономикалық дамуды қолдауға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, бюджеттi жоспарлау мен атқару сапасын және мемлекеттiк шығыстардың тиiмділiгiн арттыруға бағытталады.
      Жолдауда көрсетілген шағын бизнесті қолдау, бiлiм алуға қол жетiмділiк, студенттерге кредит берудiң қазiргi заманғы жүйесiн құру, халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру сияқты бағыттардағы маңызды бастамалар мемлекеттің бюджет саясатында көрiнiсiн тапты.
      5.4. 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджеттің кiрiстерi.
      Мемлекеттiк бюджеттің кiрiстерi 2005 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткiштердi қайта қарау нәтижесiнде, 2004 жылдың қорытындысы бойынша есептiк көрсеткiштерге, сондай-ақ мұнай секторындағы кәсiпорындар бойынша бiржолғы сипаттағы болжамды қосымша түсiмдерге негізделе отырып нақтыланды.
      2005 жылы салықтық түсiмдердiң өсуi алдыңғы жылға қатынасы бойынша 23,9 %, 2006 және 2007 жылдары тиiсiнше - 10,6 % және 12 % құрайды.
      Кiрiстердiң болжамын есептеулерде бұрын болжанған мерзiм 2005 жылғы 1 қаңтардың орнына 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібiн реттейтiн Салық кодексiнің ережелерiне енгiзiлген өзгерiстер ескерiлдi.
      2005 жылы салықтық емес түсiмдер 2004 жылға теңге бағамының нығаюымен және 2004 жылғы бiржолдық төлемдердiң түсуiмен, 2006 жылы 2005 жылға нақтыланған болжамға 5,7 %-ға өсуiмен және 2007 жылы - 2006 жылғы нақтыланған болжамға 4 %-ға ұлғаюмен байланысты 49,2%-ға азаюмен болжанады.

                                                        8-кесте

          2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк
                 бюджет кірістерінің болжамы

                                              (ЖIӨ-ге пайызбен)

           Атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Кiрiстер

23,3

21,8

21,7

Салықтық түсiмдер

22,3

20,8

20,5

Салықтық емес түсiмдер

0,6

0,6

0,5

Негiзгi капиталды сатудан
түскен түсiмдер

0,3

0,4

0,7

      Орта мерзiмдi перспективада Ұлттық қорда қаражат жинақтау саясатын жалғастыру жоспарлануда.
      Әлемдiк қаржы рыноктарындағы қолайлы конъюнктураға байланысты мемлекеттiк бюджетке табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты түсетiн төлемдер едәуiр ұлғайды.
      2005 жылы қолданыстағы заңнама жағдайында Ұлттық қорға 128 млрд. теңге, бұл бұрын болжанған сомадан 48,2 %-ға көп, 2006 жылы - 114 млрд. теңге (45,4 %-ға), 2007 жылы - 107,2 млрд. теңге (36%-ға) сомасында түсiмдер болжанады.

                                                          9-кесте

            Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң құрылымы

                          (мемлекеттік бюджет кірiстерiне пайызбен)

Кәсiпорындардан түсетiн
түсiмдер

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Мұнай секторынан

26,4

20,9

17,6

Мұнай емес секторынан

73,6

79,1

82,4

      5.5. 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары.
      Оң макроэкономикалық ахуал және соның нәтижесiндегi бюджет жүйесiнiң барлық деңгейлерiнде кiрiстер түсiмдерiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мемлекеттiк бюджет шығыстарын қаржыландыруды ұлғайтуға және оның құрылымын өзгертуге айтарлықтай ықпал eттi.
      Нарықтық экономика жағдайында еңбек рыногында жеке сектордағы еңбекке ақы төлеу деңгейiмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшiлердiң еңбекақысының төмен деңгейiмен сипатталатын ахуал қалыптасты. Бұл мемлекеттік сектордағы жалақының деңгейiн жеке сектордың деңгейiне жақындату қажеттілiгiн негiздейдi.
      Осы проблеманы шешу үшiн, орындалатын жұмыстың өнiмділiгi мен сапасын ынталандыру, мемлекеттік қызметке жоғары бiлiктi және кәсiптiк кадрларды тарту, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Жолдауға сәйкес 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттiк қызметшілер мен бюджет сапасы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 32 %-ға, ал 2007 жылдан бастап - орта есеппен 30 %-ға ұлғайтылатын болады.
      2005 жылғы 1 шілдеден бастап ең төменгi жалақы мөлшерi 9200 теңгенi құрайды.
      Мемлекеттік қызметшiлер мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын ұлғайту үшiн мемлекеттiк бюджетте 2005 - 2007 жылдары 242 млрд. жуық теңге, оның iшiнде 2005 жылы 53,2 млрд. теңге қосымша қаражат көзделетін болады.
      Қазiргi уақытта экономика бiлiмге негiзделген дамудың сапалы жаңа кезеңiнде ауысуда. Қатаң әлемдiк рыноктық бәсекелестік жағдайда мемлекеттің экономикалық өсуi мен өркендеуi қазiргi заманғы ойшыл, жұмысқа қабілеттi, білiмдi адамдарға байланысты, оларға өзiн өзi барынша көрсете білу және жаңа білiмдер алу үшiн барлық жағдайлар жасалатын болады.
      Қазақстанға қазiргi әлемде лайықты орын алуға мүмкiндiк беретiн тиiмдi жұмыс iстейтiн білiм беру жүйесiн қалыптастыру, кадрларды оқыту мен даярлаудың неғұрлым жоғары деңгейiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен Бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекiтiлдi, оның iске асырылуына 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік бюджеттен 2004 жылдың деңгейiне қосымша 90 млрд. астам теңге жiберiлетін болады.
      Мемлекет басшысы Жолдауында бiлiм беру жүйесiн әлемдiк стандарттар деңгейiне шығару, болашақтың жоғары технологиялық әрi ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi үшiн кадрлық қорлар жасақтау мақсатында оны жетілдiру қажеттігi туралы атап өттi.
      Осыған байланысты, студенттердiң оқуын бюджеттен қаржыландырудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында бiлiм беру кредиттерiнiң есебiнен білiм беруге арналған кредиттердiң мөлшерi
50 % ұлғайтылады, сонымен бip мезгілде осы аталған кредиттердің қайтарылуына мемлекеттiң кепiлдiгiн берудi қамтамасыз ете отырып, екiншi деңгейдегі банктер арқылы студенттерге кредит бөлудiң осы заманғы жүйесi жасалады.
      Сондай-ақ, студенттерге берілетiн кредиттердi мемлекеттiк кепiлдендiру жүйесiн iске асыру мақсатында таяудағы 5 жыл iшiнде "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамы арқылы қосымша шамамен 2 млрд.теңге, оның ішiнде:
      2005 жылы - 600 млн. теңге;
      2006 жылы - 350 млн. теңге;
      2007 жылы - 350 млн. теңге бөлiнетiн болады.
      2005 жылғы 1 шiлдеден бастап жоғары оқу орындарының студенттерiне, сондай-ақ кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының оқушыларына стипендиялар мөлшерi екi еседен аса ұлғайтылатын болады. Осы мақсаттарға 2005 - 2007 жылдары бюджеттен 22,5 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
      Жыл сайын "Болашақ" бағдарламасының шеңберiнде ең үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен әлемнің озық жоғары оқу орындарында тағлымдамадан өту үшiн қаражат бөлiнетiн болады.
      Профессор-оқытушылар құрамын қолдау мақсатында "Үздiк оқытушы" мемлекеттік стипендия төленетiн болады, ол кез келген шетелге тәжiрибеден өтуге баруды қарастыратын әрi бiр жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге берілетiн гранттың мәртебесiне ие болады.
      Әзiрленетiн "Жасыл ел" бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөнiндегi iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтiн жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөнiндегi iс-шараларға студенттердiң қатысуы үшiн құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
      "Бiлiм беру" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 3,5 %, 2006 жылы - 3,8 %, 2007 жылы - 4,4 % деңгейiнде көзделетiн болады.
      Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438  Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекiтілдi, оның iске асырылуына 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік бюджетте 2004 жылдың деңгейiне қосымша шамамен 117,7 млрд. теңге сомасында қаражат көзделетін болады.
      Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 2005 жылғы мемлекеттік бюджетте мыналарға қаражат көзделген:
      жүктi әйелдердi құрамында темiр және йоды бар препараттармен тегiн қамтамасыз етуге - 736,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 2,3 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
      5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 532,3 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 1,7 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
      азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық алдын-алу тексерулерiн жүзеге асыруға - 847,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 10,2 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
      жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 5,2 млрд. теңге;
      "Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 2,6 %, 2006 жылы - 2,7 %, 2007 жылы - 2,8 % деңгейiнде көзделетiн болады.
      Ауқымды әлеуметтiк бағдарлама - Жолдаудың басты ерекшелiктерінің бiрi. Бюджеттiк ресурстар әлеуметтiк бағдарламаларды қаржыландыруға және халықтың неғұрлым осал жiктерiн қолдауға бағытталатын болады. Реформалардың нақты нәтижелерi халықтың өмiр сүру деңгейiн сапалы жақсартуға әкелуi тиiс.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241  қаулысымен Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Әлеуметтiк реформалар бағдарламасы) бекiтiлдi.
      Жолдауда Мемлекет басшысы осы бағдарламаның жеке iс-шараларын нақтылады:
      2005 жылғы 1 шiлдеден бастап зейнетақы жасына жеткен Қазақстанның барлық азаматтарына жұмыс өтімiне, жалақысы мен есептелген зейнетақы мөлшерiне қарамастан, 3000 теңге мөлшерiнде базалық зейнетақы төлемi төленетiн болады. Базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда ең төменгі зейнетақы мөлшерi 9200 теңгенi құрайды;
      2006 жылдан бастап мүгедектігіне байланысты мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерi 1000 теңгеге, асыраушысынан айырылуына байланысты асырауындағы адамдар санына байланысты 300-ден 1000 теңгеге дейiн қосымша арттырылатын болады;
      әлеуметтiк реформалар бағдарламасында жоспарланғандай, 2007 жылдан бастап емес, 2006 жылдан бастап бiр жасқа дейiнгi баланы күтуге мемлекеттік жәрдемақылар енгiзіледi.
      Сонымен қатар, халықты әлеуметтiк қолдау шеңберiнде орта мерзiмдi кезеңде:
      2006 жылдан бастап жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылардың және жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және еңбек жағдайы аса ауыр жұмыстарда жұмыс iстеген адамдарға мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерiн қосымша 1000 теңгеге арттыру;
      төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күмiс алқа" немесе бiрiншi және екiншi дәрежелі "Ана даңқы" белгілерiмен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 4000 теңгеге көбейту қoсымша жоспарлануда.
      Осылайша, Әлеуметтік реформалар бағдарламасының іс-шараларын icкe асыруға және мемлекеттік бюджеттен халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шараларды қаржыландыруға 2005 - 2007 жылдары 2004 жылдың деңгейіне шамамен қосымша 310,5 млрд. теңге бөлінеді.
      "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖІӨ-ден 5,3 %, 2006 жылы ЖIӨ-ден 5,4 %, 2007 жылы ЖIӨ-ден 5,2 % деңгейiнде көзделетiн болады.
      Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласында азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекеге қабілеттiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауыл аймақтарын кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшiн 2005 жылы "Агроөнеркәсiп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленедi.
      Ормандар алаңдарын ұлғайту, елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасына жасыл аймақтар құру, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартудың маңызды құраушысы болып табылатын өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында, халықтың өмiр сүруiнiң қолайлы жағдайларын жасау мен биологиялық әр түрлілiктi сақтау үшiн "Жасыл ел" бағдарламасы әзiрленедi, оны iске асыру ормандарды күзету, қорғау және өсiмiн молайту саласындағы жағдайды тұрақтандыруға, республиканың табиғи-қорықтар қорын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл iс-шараларға мемлекеттік бюджетте қажеттi қаражат көздеу болжануда.
      "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ден 1,4%, 2006 жылы ЖIӨ-ден 1,5 %, 2007 жылы ЖIӨ-ден 1,4 % деңгейiнде көзделетiн болады.
      Мемлекет басшысы Жолдауда кәсiпкерлiк ортаны одан әрi күшейту мәселелерiне және шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа идеологиясын қалыптастыру қажеттiгiне ерекше көңіл бөлдi.
      Ең маңызды аспектілердiң бiрi шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын кеңейту болады. "Шағын кәсіпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) базасында "Қаржы супермаркетi" құрылады.
      Қорға 2005 жылғы республикалық бюджеттен жарғылық капиталды ұлғайту үшiн 10 млрд. теңге, оның iшiнде:
      кейiн шағын кәсіпкерлiк субъектілерiне шағын кредиттер берудi қамтамасыз ету үшiн Қордың жүз пайыздық қатысуымен шағын кредиттік ұйымдар құру;
      жеке инвесторлардан және банктерден кредиттердi алу кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кепiлдiк беру жүйесiн құру;
      жобалық кредит берудi қаржылық қолдау, франчайзинг негiзiндегi жобаларды қаржыландыру, бизнес-жобаларды әзiрлеу, кейiннен конкурстық негiзде шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне берумен олардың бастапқы элементтерiн iске асыру, кейiннен қайта құрылымдаумен және кәсiпкерге берумен дайын бизнесті сатып алу жөнiндегi жобаларды қаржыландыру үшiн бөлінетін болады.
      Орта мерзiмдi фискалдық саясатты нақтылау ескерiлген мемлекеттік бюджеттiң шығыстары 10-кестеде көрсетілген.

                                                         10-кесте

         2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет
                     шығыстарының болжамы

                                                  (ЖIӨ-ге пайызбен)

             Атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл


                 1                     2         3        4
Шығыстар                            25,2     23,9      23,8
Жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер көрсету                    1,4      1,3       1,3
Қорғаныс                             1,2      1,2       1,2
Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк     2,2      1,9       1,9
Білiм беру                           3,5      3,8       4,4
Денсаулық сақтау                     2,6      2,7       2,8
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк
қамсыздандыру                        5,3      5,4       5,2
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық     2,2      1,9       1,9
Мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңiстiк                  0,7      0,7       0,6
Жылу-энергетика кешенi және жер
қойнауын пайдалану                   0,5      0,3       0,2
Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы
және қоршаған ортаны қорғау          1,4      1,5       1,4
Көлiк және байланыс                  1,7      1,4       1,3
Басқалар                             1,8      1,2       1,0
Борышқа қызмет көрсету               0,5      0,5       0,5
Ресми трансферттер                   0,2      0,1       0,1
_____________________________________________________________

      Орта мерзiмдi фискалдық саясатты нақтылау өзгерген макроэкономикалық жағдайды және мемлекет қабылдаған жаңа мiндеттемелердi ескере отырып, мемлекеттiк бюджеттiң орта мерзiмдi перспективаға мүмкiндiктерiн айқындап бердi. Оларды iске асыру үшiн мемлекеттік бюджет өлшемдерi, оның iшiнде тапшылық қайта қаралды.
      2005 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,7 %-ды, 2006 - 2007 жылдары - ЖIӨ-ге 1,9 %-ды құрайды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасын әзiрлеуге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауында айқындалған мiндеттердi iске acыpу қажеттiгiне және жүргiзілiп жатқан жинақтар саясатына байланысты республикалық бюджет тапшылығының өлшемдерiн айқындау бюджеттiң мұнайдан тыс тапшылығының қалыптасып отырған мөлшерiне негізделе отырып жүзеге асырылатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады