Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 Қаулысы

      Өнiмдердiң адамның өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн, ұлттық қауiпсiздiкті және нормативтiк құжаттарға сәйкес келетін және тұтынушылардың талабын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті отандық өнiмдi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берілiп отырған:
      1) мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесi;
      2) сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тізбесi бекiтілсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2005 жылғы 20 сәуірдегі
№ 367 қаулысымен   
бекітілген       

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

КО СЭҚ ТН коды

Өнімнің атауы

1

2

1. Ауыл шаруашылығы техникасы мен оған қосалқы бөлшектер

8701 20
8701 30 000

Тракторлар:
жартылай тiркемелерге арналған доңғалақты;
шынжыр табанды

4011 61 000 0

Ауыл шаруашылығы машиналарына арналған шиналар

7007 11 100

Жерүстi көлік құралдарында пайдалануға мүмкіндік беретiн көлемдегі және пiшiмдегi берiк жасалған (шыңдалған) немесе көп қатпарлы шыныны қоса алғанда, қауiпсiз шыны

2. Қызметтiк және азаматтық қару және олардың патрондары

9302 00 000 0

Газды тапаншалар мен револьверлер, оның ішінде резеңке оқты патрондармен ататын мүмкіндігі бар тапаншалар мен револьверлер;
Ойық ұңғылы спорттық тапаншалар мен револьверлер;
Ойық ұңғылы қызметтік тапаншалар мен револьверлер;
Өзін-өзі қорғауға арналған, ұңғысыз оқ дәрімен атылатын қару, револьверлер мен тапаншалар, оның ішінде жарақат салатын оқтары бар

9303 20

Тегiс және ойық ұңғылы құрама қаруды қоса алғанда, тегiс ұңғылы, спорттық, аңшылық және өзге де қару

9303 30 000 0

Ойық ұңғылы спорттық винтовкалар

9303 20 100 0

Бір ұңғылы тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық қару

9303 20 950 0
9303 30 000 0

Екі ұңғылы және құрама аңшылық қару

9303 20 950 0

Екі ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық қару, оның ішінде әртүрлі калибрлі ұңғылы аңшылық қару

9303 30 000 0
9303 20 950 0

Ойық ұңғылы аңшылық қару

9304 00 000 0


Үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын аңшылық пневматикалық қару;
Үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары спорттық пневматикалық винтовкалар мен мылтықтар;
Үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары спорттық пневматикалық тапаншалар мен револьверлер;

Электрлік қару: денсалық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес параметрлері бар электрошок құрылғылары және ұшқындық разрядтауыштар

9306 21 000 0

Спорттық және аңшылыққа арналған тегіс ұңғылы қарудың патрондары, оның ішінде сынақ патрондар

9306 30 100 0

Спорттық, қызметтік тапаншалар мен револьверлер, оқ дәрімен атылатын өзін-өзі қорғауға арналған ұңғысыз қару патрондары

9306 30 900 0

Ойық ұңғылы спорттық және аңшылық қаруға (тапаншалар мен револьверлерден басқа), өзін-өзі қорғауға арналған газды қару патрондары, оның ішінде сынақ патрондары

9307 00 000 0
8211 ден

Аңшылыққа арналған сұқпа суық қару (аңшылық пышақтар мен қанжарлар)

9506 99 900 0

Спорттық садақтар мен арбалеттер

3. 1000 В жоғары кернеуде жұмыс істеуге арналған электр-техникалық бұйымдар

8501 20 000 9
8501 33 000 2
8501 40 200
8501 40 800
8501 51 000
8501 52 200

Электр қозғалтқыштар

7408 11 000 0
7408 19 100 0 7413 00 000 1
7413 00 000 9
7605 11 000 0
7605 19 000 0
8544 20 000

Кабель өнiмi

8544 60
8544 60 100 0
8544 60 900 1
8544 60 900 9

1000 В жоғары кернеуге арналған электр өткізгіштер

8546 20 000 0
8546 90 100 0
8546 90 900 0

1000 В жоғары кернеудегі жұмысқа арналған электр оқшаулағыш материалдар

4. Байланыс құралдары

8525 50 000 0
8525 60 000 0

Жалпы қолданыстағы тарату және қабылдау радиобайланыс аппаратурасы (жеке радиобайланыс аппаратурасы)
Радио хабарларын таратуға немесе телевизияға арналған тарату аппаратурасы
Жылжымалы және бекiтiлген қызметтердiң қабылдау-тарату радиостанциялары

8517 11 000 0
8517 69 900 0
8517 18 000
8517 61 000 1

Сымсыз трубкалы телефон аппараттарын, таксофондарды қоса алғанда, электр телефон аппараттары

8517 12 000 0
8517 61 000
8517 62 000 9

Транктiк және ұялы радиобайланыс жүйелерiнiң тарату аппаратурасы және оның құрамдас бөлiктерi

8529 10 310 0

Спутниктiк байланыстың жердегi станциялары

5. Мемлекеттiк құпияларды және қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қорғаудың, өңдеудің, сақтаудың және берудiң техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-iздестiру іс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желiлерiнiң жабдығы*

8543 20 000 0
8543 70

Құпия ақпаратты қорғаудың қабылданған шараларының тиiмдiлiгiн бақылау құралдарын қоса алғанда, құпия ақпаратты техникалық арналар бойынша жария етiлуден қорғаудың техникалық құралдары, негiзгi және қосымша техникалық құралдар мен қорғалып жасаған жүйелер: оптикалық, оптикалық-электрондық, телевизиялық, жылу арқылы көру (инфрақызыл), лазерлi, фото және ақпаратты түсiрудiң басқа да визуалдық құралдармен жүзеге асырылатын, көрiнетiн, инфрақызыл және ультракүлгiн толқын диапазондарында оптикалық сигналдарды (бейнелердi) ұстап алудан құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары; акустикалық, гидроакустикалық, виброакустикалық, лазерлiк және сейсмикалық құралдармен жүзеге асырылатын, ауада, суда, қатты ортада таралатын акустикалық сигналдарды ұстап алудан ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары; қорғау объектiлерi жұмыс iстеген кезде пайда болатын, электромагниттi сигналдарды ұстап алудан, оның iшiнде, магнитометриялық, радиотехникалық, радиолокациялық құралдармен жүзеге асырылатын, ақпаратты өңдеудiң техникалық құралдары жұмыс iстеген кезде пайда болатын жанама электромагниттi сәулеленудi ұстап алудан құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары; ток өткiзетiн коммуникацияларда таратылатын электр сигналдарын ұстап алудан құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары

8543 20 000 0
8543 70
8301 40 900 0
8523-тен
8527-ден
8544-тен
8525-тен
8526-дан
8528-ден
8471 70-тен

Құпия ақпаратты рұқсатсыз кiруден қорғаудың техникалық құралдары:
бәсең қорғаудың техникалық құралдары, оның iшiнде микропроцессордан басқарылатын, радиомен басқарылатын құлыптар; әртүрлi үлгiдегi электр тетіктері; қорғаудың және бақылаудың телевизиялық жүйелерi, ОТЖ және радиолокациялық жүйелер, лазерлi жүйелер; акустикалық жүйелер, кабель жүйелері; бiрдейлендiру құрылғылары; физикалық ақпарат жеткiзушiлердi тасымалдауға және сақтауға арналған арнайы құралдар (стримметрлер кассеталары, магниттi және оптикалық дискiлер)

8471 70 300 0
8471 70 500 0
8471 70 700 0
8471 70 800 0
8471 70 980 0
8471 80 000 0
8471 90 000 0

Ақпаратты өңдеудiң қорғалған бағдарламалық құралдары:
автоматтандырылған жұмыс орындарының (АЖО) қолданбалы бағдарламаларының пакеттерi; есептеу желiлерiнiң дерекқорлары; автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң бағдарламалық құралдары

8471 70-тен

Жалпы мақсаттағы бағдарламалық құралдар: операциялық жүйелер; дерекқорларды басқару жүйелерi

8471 70 510 0

Құпия ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдары:
ол кiру ережелерiн бұзған кезде пайдаланушының бағдарламасын тоқтату құрылғысы; деректердi өшiру құрылғылары;

8471 70 530 0
8471 70 590 0
8471 70 600 0
8471 70 900 0

ақпаратқа рұқсатсыз кiру әрекетi кезiнде дабыл сигналын беру құрылғылары; электрондық белгiлердi тұйықтау құрылғылары; ақпараттық технологияларға орнатылған, ақпаратқа кiрудi шектейтiн бағдарламалық-аппараттық құралдар

8471 90 000 0

Ақпаратқа кiрудi қамтамасыз ететiн бағдарламалар

8517 11 000 0
8517 18 000 0
8517 62 000 1
8517 62 000 2
8517 62 000 3
8517 62 000 9
8517 69 900 0

Құпия ақпаратты және қызметтiк ақпаратты беру үшiн пайдаланылатын байланыс және деректер беру құралдары

8471 30 000 0
8471 41 000 0
8471 49 000 0
8471 50 000 0
8471 60 700 0
8471 90 000 0
8473 30 200
8473 30 800

Арнайы жедел-iздестiру iс-шараларының жүргiзілуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдары бар және есептегіш машиналар мен олардың блоктарынан (серверлер, маршрутизаторлар, коммутаторлар, ақпарат ағындарына кiру құрылғылары, мультиплексорлар, концентраторлар, ақпарат жинақтағыштар және басқалары) тұратын ақпарат беру желілерiне кiру қызметтерiн ұсынуға арналған есептегiш кешендер, есептегіш жүйелер

8517 61 000 8
8517 62 000
8517 62 000 2
8517 62 000 3
8517 62 000 9
8517 69 900 0

Арнайы жедел-iздестiру iс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдары бар телефонды стационарлық және жылжымалы желілердiң коммутаторлары

8522 90 410 0
8522 90 490 0
8522 90 800 0
8517 70 900 1
8517 70 900 9

Арнайы жедел-іздестіру iс-шараларының жүргiзілуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдары бар ақпаратты беру желiлерi жабдығының кешенi

* Мемлекеттік құпияларды пайдаланумен байланысты жұмыстар жүргізілетін режимдік үй-жайларда мемлекеттік органдар мен ұйымдар қолданатын техникалық құралдар мiндеттi түрде сертификатталуға тиіс.

6. Тұрмыстық химия тауарлары

3506

Дайын желiмдер және өзге де адгезивтер

3402 20
3402 90
3405 40 000 0

Жуу, тазалау құралдары (синтетикалық жуу құралдары, жуу құралдары, ағарту, көгілжiм түске бояу, крахмалдау құралдары)

3808 91

Қорғау құралдары:
Инсектицидтер және биопестецидтер

7. Адамның терісiмен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар

4818 10
4818 20

Дәретхана қағазы, гигиеналық салфеткалар және сүлгiлер, бет орамалдары мен косметикалық салфеткалар

4014

Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған (контрацептивтер), қатты резеңкеден жасалған фитингiлерi бар және оларсыз гигиеналық немесе фармацевтикалық бұйымдар және балаларға арналған бұйымдар

4015 11 000 0

Хирургиялық қолғаптар

9619 00

Әйелдердің гигиеналық төсемдерi мен тампондары, балаларға арналған бұйымдардан басқа гигиеналық және оған ұқсас бұйымдар

7323 93 100 0
7323 93 900 0

3 жасқа дейінгі балаларға арналған бұйымдардан басқа, коррозияға берiк (тот баспайтын) болаттан жасалған асхана, ас үй, шаруашылық бұйымдары

3924 10 000 0
3924 90 000 0
3924 90 000 9

3 жасқа дейінгі балаларға арналған бұйымдардан басқа, пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, үй-ішi керек-жарақтары

8. Өңделген ағаш тауарлары

4410
4411 93
4411 94

Ағаш-жоңқалы және ағаш-талшықты ламинатталған тақталар

4412 31
4412 32
4412 39 000 0
4412 99 300 0
4412 94

Желiмделген жұқа тақтай және осыған ұқсас ағаштан жасалған қабатты бұйымдар

9. Құрылыс материалдары және бұйымдары

3918 10

Полимер материалдардан жасалған орам және пластина түрiндегi өздiгiнен желiмделетiн немесе желiмделмейтiн еденге арналған жабындар, поливинилхлорид сiңдiрiлген немесе жағылған, қабырғаларға немесе үй төбесiне арналған полимер жабындар

5905 00
4814

Тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары; терезелерге арналған мөлдір қағаз

5904

Нысаны бойынша пiшiлген немесе пiшiлмеген линолеум: нысаны бойынша пiшiлген немесе пiшiлмеген тоқыма негiздегi едендiк жабындары

3204 11 000 0
3204 13 000 0
3205 00 000 0
3206 19 000 0
3206 20 000 0
3208
3209
3210 00
3211 00 000 0
3214 10 100
3214 10 900 0

Тегістегіштер, бояудақтар, бояулар, эмальдар, су-эмульсия бояулары, жапсырмалар, тығындамалар, түрлi-түстi лактар, түрлi-түстi лактар негiзiндегi препараттар

2520 10 000 0
2522 10 000 0
2522 20 000 0
2523, 2523 10 000 0-ден басқа

Цемент және цемент клинкерін қоспағанда, басқа да тұтқыр материалдар (гипс, әк және басқа да жергiлiктi тұтқыр материалдар),

2524

Асбест

6810

Бетон және жеңiл бетоннан жасалған темiрбетон конструкциялар.
Үлгiлiк жобалар (сериялар, НҚ) бойынша арқауланған және арқауланбаған құрама темiрбетон және бетон бұйымдар және ауыр және жеңiл бетоннан жасалған конструкциялар, атап айтқанда:


iргетас блоктар, маңдайшалар, ұзындығы 6 метрге дейiнгi арқалықтар; аражабын тақталар, ұзындығы 7,2 м дейiнгi жабындар, жиектастар, қадалар, бетон құбырлар, тiреулер (ЭБЖ тiректерi)

6904 10 000 0
6904 90 000 0

Құрылыс, қыш және силикат кiрпiш, едендерге арналған блоктар

3921 11 000 0
3921 12 000 0
3921 13
3921 14 000 0
6806

Дыбыс ұстайтын, жылу ұстайтын және дыбыс сіңіретін материалдардан (минералды мақтадан, шыны мақтасынан, шыны талшықтарынан, перлиттен, ұялы бетоннан, кеуектi полимер материалдардан) жасалған бұйымдар

6811 81 000 0
6811 82 000 0
6811 89 800 0
6807

Асбест-цементтен және целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар, оның iшiнде асбест-цементтi тақталар
Гидрооқшаулағыш жабын материалдары (жабын пергаменті, рубероид, изол, қарақағаз және осыған ұқсас бұйымдар)

7016 90 700 0-дан

Шыны пакеттер

3925 20 000 0
3925 30 000 0

Пластамассадан жасалған құрылыс бөлшектері (есіктер, табалдырықтар, терезелер, жақтаулар, терезе қақпағы)

2520

Гипс, ангидрит, тұтқыр гипс

2517

Қиыршық тас

10. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар

3003

Өлшенiп қатталмаған (3002, 3005, 3006 – позицияларда көрсетiлгендерден басқа) дәрiлiк заттар (мөлшерленген дәрiлiк нысандар түрінде ұсынылмаған немесе бөлшек сауда үшiн буылмаған)

3004

Өлшенiп қатталған (3002, 3005, 3006 позицияларда көрсетiлгендерден басқа) дәрiлiк заттар (мөлшерленген дәрiлiк нысандар түрінде ұсынылған немесе бөлшек сауда үшiн буылмаған)

3006 30 000 0

Рентгенографиялық тексеруге арналған қарама-қарсы препараттар; сырқаттарға егуге арналған диагностикалық реагенттер

3006 60

Гормондардың, 2937 тауар позициясының өзге де қосылыстарының немесе спермицидтердің негiзіндегі химиялық контрацептивтiк заттар

1211

Парфюмерлiк, фармацевтикалық, инсектицидтiк, фунгицидтiк және осындай мақсаттарда пайдаланылатын тұқымдарды, тамырларды және тамыр сабақтары мен жемiстердi қоса алғанда жас немесе кептiрiлген, тұтас немесе ұсақталған, түйіршіктелген немесе ұнтақталған өсімдіктер, оның iшiнде трансгендiлер, олардың жекелеген бөлiктерi

11. Ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар

3005

Фармацевтикалық заттар сiңдiрiлген немесе жағылған, терапевтiк мақсаттарда, сондай-ақ хирургияда, стоматологияда және ветеринарияда пайдалануға арналған мақта, дәке, бинттер және осыған ұқсас бұйымдар, таңу материалдары, жапсырғыштар, ыстық басу заттары

9018 31

Инесi бар немесе инесi жоқ буылған шприцтер

9018 90 500

Қан құюға арналған жабдық (бір мәрте қан құю жүйесi)

3006 10

Тiгiс салуға арналған стерильдi хирургиялық кетгут және осыған ұқсас жараларды хирургиялық жолмен жабуға арналған стерильдi адгезивтi маталар, стерильдi сорғыш хирургиялық немесе стоматологиялық қан тоқтататын заттар

12. Ауыл шаруашылығы өндірісінің және тамақ өнеркәсiбiнiң өнімдері *

1603 00
1604

Балық экстрактілерi
Балықтан жасалған дайын немесе консервіленген өнiмдер, бекiре және арқан балық уылдырығы (табиғи және жасанды), уылдырық алмастырғыштар

2402

Сигареталар, сигареллалар, сигаралар, темекiден жасалған папиростар немесе оны алмастырғыштар

2403

Шегетiн темекi

* Соңғы тұтынушыға сатуға арналмаған және одан әрі өңдеуге түсірілетін азық-түлік шикізаты өндірушімен жасалған жеткізу шарты болған кезде міндетті сертификаттауға жатпайды

13. Отын шикiзаты

2710 19 250 0
2710 19 290 0

Керосин: өзге

2710 20 900 0

Мұнай өнiмдерiнің өзге түрлері.
Пайдаланылған мұнай өнiмдерi

2710 19 710 0

Майлардың өзге де түрлері: өзіндік өңдеу процесіне арналған

2710 19 310 0

Газойлдер: өзіндік өңдеу процесіне арналған

2710 19 350 0

Газойлдер: 2710 19 310 0 қосалқы позициясында көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрленулер үшін қолданылатын

2711 11 000 0

Сұйытылған көмiрсутек газы

2711 21 000 0

Табиғи газ

14. Аса қауiптi өндiрiстерге арналған бұйымдар

7312 10 490 0
7312 10 610 0
7312 10 650 0
7312 10 690 0
7312 10 810
7312 10 830
7312 10 850
7312 10 890
7312 10 980 0
7312 90 900 0

Көтергiш тұйық, негізгі тұйық, пайдалануға және барлау үшін терең бұрғылауға арналған тальдiк, арматуралық (жалпы мақсаттағы) болат арқандар

7304 23 000 1
7304 22 000 9
7304 23 000 9
7304 29 100 1
7304 29 100 3
7304 29 100 4
7304 29 100 9
7304 29 900 1

Мұнай және газ өткiзгiштерiне арналған құбырлар:
Шеген, сорғы-компрессорлық және бұрғылауға арналған жiксiз болат құбырлар

7304 39 580 0
7304 39 920 0
7304 39 930 0
7304 39 980 0

Өңделмеген жiксiз құбырлар

7304 41 000
7304 49 100 0
7304 49 950 0
7304 49 990 0

Суықтай тартылған жiксiз болат құбырлар
Өңделмеген құбырлар

7304 51 180 1
7304 51 180 9
7304 51 810 0
7304 51 890 0

Қосындыланған болаттан жасалған жiксiз болат құбырлар

7304 59 100 0
7304 59 320 0
7304 59 380 0
7304 59 920 0
7304 59 930 0
7304 59 990 0

Қосындыланған болаттан жасалған өңделмеген құбырлар

7306 90 000 0

Фитингiлі құбырлар

7305 11 000 1
7305 11 000 2
7305 11 000 3
7305 11 000 8
7305 12 000 1

Газ және мұнай құбырларына арналған қара металдан жасалған дәнекерленген болат құбырлар

7305 12 000 9
7305 19 000 0
7305 31 000 0
7305 39 000 0
7305 90 000 0
7306 11 100 0

Тiк жiктi дәнекерленген құбырлар

7306 19 900 0

Шиыршық-жiктi дәнекерленген құбырлар

7306 21 000 0
7306 29 000 0

Шеген және сорғы-компрессорлық құбырлар

7306 30 110 0
7306 30 190 0
7306 30 490 0
7306 30 770
7306 30 800 0

Темiрден, мырыштан немесе қосындыланған болаттан жасалған дәнекерленген құбырлар

7305 20 000 1
7305 20 000 9
7305 31 000 0

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезiнде пайдаланылатын дәнекерленген болат құбырлар

7306 40 200 9
7306 40 800
7306 50 200 0
7306 50 800 0
7306 61
7306 69
7306 90 000

Қосындыланған және коррозияға берiк (тоттанбайтын) болаттан жасалған дәнекерленген болат құбырлар

7304 19 100
7304 19 300
7304 19 900
7304 49 990 0

Мұнай және газ құбырына арналған құбырлар:
ыстықтай деформацияланған, суықтай деформацияланған және жылыдай деформацияланған жiксiз болат құбырлар

7304 22 000
7304 23 000

Ұштары қондырылмалы немесе муфталармен қосылған болаттан жасалған бұрғылау құбырлары

7307 23 100 0
7307 93 110 0
7307 23 900 0

Құбырлардың РУ 10 МПа-ға (10 кгс/см) дәнекерленген жiксiз болат тетіктері

7307 93 190 0


8425 11 000 0

Көтергiш тальдар және электр қозғалтқышты көтергiштер

8425 31 000 0
8425 39 000

Арнайы жүк шығырлар

7307 23 100 0
7307 93 110 0
7307 93 910 0

Магистралды болат құбыр өткiзгiштердiң желiлiк бөлiктерiнiң бұрылымдарындағы имек бұрмалар мен қисық қондырмалар

8419 50 000

Жылу алмастырғыштар

7309 00 100 0
7309 00 300 0
7309 00 510 0
7309 00 590 0
7310 10 000 0

Су, бу немесе газдың, 0,07 Мпа-дан (0,7 кгс/см3) жоғары қысымда сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газ қысымымен жұмыс iстейтiн ыдыстар (ыдыстар, цистерналар, баллондар және бөшкелер)

15. Күзеттің арнайы техникалық құралдары

8531 10 950 1

Күзет және дабыл сигнализациялары шлейфтерiнiң жай-күйiн бақылауға арналған қабылдау-бақылау құралдары (бақылау панельдерi, концентраторлар, шлейфтi қабылдау-бақылау құралдары)

8531 10 950 9

Автомобильдерде пайдаланылатын әрекет ету тәсілі әртүрлi қоңыраулар, сиреналар, басқарудың индикаторлық панельдерi және күзет құлақтандырғыштары: инфрақызыл, радиотолқынды, ультракүлгiн, оптикалық-электронды, сейсмикалық соққылы, магнитті-түйіспелі, ыдыстық, пьезоэлектрлi, акустикалық, вибрациялық, радиолокациялық

8531 10 300 0

Ғимараттарда пайдаланылатын әрекет ету тәсілі әртүрлi қоңыраулар, сиреналар, басқарудың индикаторлық панельдерi және күзет құлақтандырғыштары: инфрақызыл, радиотолқынды, ультракүлгiн, оптикалық-электронды, сейсмикалық соққылы, магниттi-түйіспелі, ыдыстық, пьезоэлектрлi, акустикалық, вибрациялық, радиолокациялық

8531 10 950

Ғимараттан тыс пайдаланылатын әрекет ету тәсілі әртүрлi қоңыраулар, сиреналар, басқарудың индикаторлық панельдерi және күзет құлақтандырғыштары: инфрақызыл, радиотолқынды, ультракүлгiн, оптикалық-электронды, сейсмикалық соққылы, магнитті-контактылы, ыдыстық, пьезоэлектрлi, акустикалық, вибрациялық, радиолокациялық

8537 10 990 0

Хабарламаларды беру құралдары (орталықтандырылған қадағалау пульттерi, хабарларды физикалық, талшықты-оптикалық және радиорелелiк байланыс желілерiмен беретiн күзеттiң автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйелерi, радио-күзет жүйелерi)

8538 10 000 0

Панельдер, күзетілетiн объектілер мен пәтерлердiң жай-күйiн бақылайтын, бiрақ тиiстi аппаратурамен жиынтықталмаған пульттер

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 20 сәуiрдегі
№ 367 қаулысымен     
бекітілген       

Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етілетін өнiмдердiң тізбесi 

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

КО СЭҚ ТН коды

Өнімнің атауы

1

2

1. Байланыс құралдары

8525 50 000 0

Жалпылама қолданыстағы таратушы және қабылдаушы радиобайланыс аппаратурасы (жеке радиобайланыс аппаратурасы)
Радиохабарларын таратуға немесе телевизияға арналған таратушы аппаратура
Жылжымалы және тiркелген қызметтердiң қабылдау-тарату радиостанциялары

8517 11 000 0
8517 69 900 0

Сымсыз трубкалы сымды байланысқа арналған телефон аппараттарын қоса алғанда, электр телефон аппараттары, таксофондар

8517 12 000 0

Транктiк және ұялы радиобайланыс жүйелерiнiң таратушы аппаратурасы және оның құрамдас бөлiктерi

Адамның терiсiмен жанасатын халық тұтынатын тауарлар

4014 90 900 0

Вулканизацияланған резеңкеден жасалған гигиеналық немесе фармацевтикалық бұйымдар:
Су астында жүзуге арналған резеңке маскалар және ерінқаптар, шомылуға арналған телпектер

4014 90 900 0-ден

Резеңке жылытқыштар, резеңке маталы төсенiш клеенка

Аса қауіпті өндірiстерге арналған жабдық

7312 10 490 0
7312 10 610 0
7312 10 650 0
7312 10 690 0
7312 10 810
7312 10 830
7312 10 850
7312 10 890
7312 10 980 0
7312 90 000 0

Көтергiш тұйық, негізгі тұйық, пайдалануға және барлау үшін терең бұрғылауға арналған тальдiк, арматуралық (жалпы мақсаттағы) болат арқандар

Құрылыс материалдары

3921 11 000 0
3921 12 000 0
3921 13
3921 14 000 0
6806

Дыбыс ұстайтын, жылу ұстайтын және дыбыс сіңіретін материалдардан (минералды мақтадан, шыны мақтасынан, шыны талшықтарынан, перлиттен, кеуекті бетоннан, полимер кеуек материалдардан) жасалған бұйымдар

7016 90-нан

Шыны пакеттер

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 20 сәуiрдегі   
N 367 қаулысына      
қосымша         

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 586-құжат).
      2. "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 407 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы
N 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 287-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шілдедегi
N 751 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 302-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1193 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 492-құжат).
      6. "Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестігiн растауға рұқсат етілетiн өнiмдердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 3, 35-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады