Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Халықаралық террористiк қызметке, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 510 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық террористiк қызметке, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Халықаралық террористiк қызметке, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ТҮРIК
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТЕРРОРИСТIК ҚЫЗМЕТКЕ, ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА,
ЕСIРТКI ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ,
ОЛАРДЫҢ АНАЛОГТАРЫНЫҢ, ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ
АЙНАЛЫМЫНА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫС ТYРЛЕРIНЕ ҚАРСЫ
КYРЕСТЕГI ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасындағы достық қарым-қатынас шеңберiнде,
      бүкiл әлемде халықаралық терроризм мен трансұлттық қылмыс актiлерiнiң өсуiне, сондай-ақ есiрткілердi терiс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен байланысты қылмысқа алаңдаушылық бiлдiре отырып,
      1961 жылғы 30 наурыздағы Есiрткi құралдары туралы Бiрыңғай  Конвенцияның , 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы Бiрыңғай Конвенцияға 1972 жылғы 25 наурыздағы Қосымша Хаттаманың, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы  Конвенцияның және 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы  Конвенциясының мақсаттарын ескере отырып,
      теңдiк және өзара мүдделiлiк қағидаттары негiзiнде iс-қимыл жасай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының шеңберiнде:
      1) халықаралық қылмыстық қызметтiң;
      2) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы қылмыстардың;
      3) есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың, сондай-ақ оларды жасауға арналған шикiзаттың заңсыз айналымының;
      4) адамдарды сатумен байланысты қылмыстардың;
      5) адамдарды бас бостандығынан заңсыз айырудың және сату, сондай-ақ жыныстық немесе өзге де мақсатта пайдалану үшiн ұрлаудың;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттарды (паспортты және визаны) және көлiк құжаттарын қолдан жасаудың (әзiрлеудiң, өзгертудiң) және заңсыз пайдаланудың;
      7) контрабанданың;
      8) заңсыз көшi-қонның;
      9) халықаралық ұйымдасқан қылмыстың;
      10) заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлiктi заңдастырудың;
      11) валютаны, төлем қаражатын, чектердi және құндылықтарды қолдан жасаудың (әзiрлеудiң, өзгертудiң) және таратудың;
      12) көлiк құралдарын ұрлаудың және оның заңсыз айналымы мен осы саладағы өзге де қылмыстық әрекеттiң;
      13) қарудың, оқ-дәрілердiң, жарылғыш заттардың, стратегиялық шикізаттың (ядролық және радиоактивтi материалдардың), сондай-ақ басқа қауiптi заттардың заңсыз айналымының;
      14) мәдени, тарихи құндылықтарды және өнер туындыларын заңсыз сатудың;
      15) экономикалық және қаржылық қызмет саласындағы қылмыстардың;
      16) жыныстық сипаттағы, әсiресе, кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстардың ұйымдасқан нысандарының, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған арнайы материалдарды дайындаудың, таратудың және жеткiзудiң;
      17) компьютерлiк жүйелердi пайдалана отырып жасалған қылмыстардың;
      18) экологиялық қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде ынтымақтасады.
      2. Тараптар өзара келiсiм бойынша ұлттық заңнамасының шеңберiнде Тараптар мемлекеттерiнiң құзыретті органдарының ынтымақтасуын талап ететiн басқа қылмыстарға қарсы күресте, олардың алдын алуда және тергеуде ынтымақтасады.

  2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының шеңберiнде мынадай:
      1) сұрау салулар мен тапсырмаларды орындау;
      2) жедел-iздестiру, жедел-анықтамалық, криминалистикалық және мұрағаттық ақпарат алмасу;
      3) жедел-іздестіру iс-шараларын және тергеудi келiсiп, ал қажет болғанда бiрiгіп жүргiзу;
      4) қылмысқа қарсы күрестегі жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;
      5) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң әр түрлi салаларында және криминалистикалық жабдықтар бойынша өзара қызығушылық танытатын ақпарат алу мақсатында мамандармен алмасу;
      6) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен алмасу;
      7) криминалистика, криминология және сот медицинасы саласындағы ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiмен алмасу;
      8) мамандар даярлауда, қайта даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсету;
      9) есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың, сондай-ақ оларды дайындауға арналған шикiзаттың заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жаңа әдiстермен алмасу;
      10) есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың зияны туралы адамдардың хабардар болуын арттыру мақсатында фильмдермен, брошюралармен, зерттеулермен, жарияланымдармен, әдiстемелiк ұсынымдармен және тесттермен алмасу нысандарында ынтымақтастықты жүзеге асырады.

  3-бап

      Қоғамдық тәртiптi қолдау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн және меншіктерiн қорғау, сондай-ақ репатриация саласында ынтымақтасу мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының шеңберiнде Тараптар:
      1) Тараптар мемлекеттерi азаматтарының репатриациясы саласында ақпаратпен және тәжiрибемен алмасады;
      2) Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында қылмыс жасағаны үшiн күдiктi немесе айыпталушы азаматтар мен қылмыс жасағаны үшiн iздестiруде жүрген азаматтар туралы қызықтыратын ақпарат алмасады;
      3) қажет болған жағдайда өз мемлекетiнiң аумағына азаматтардың жол жүру, оларды тасымалдау, жер үстi, әуе, теңiз және темiр жол көлігімен тасымалданатын жеке және мемлекеттiк меншiктің, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi өкiлдерiнiң және ресми адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
      4) Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдарды жер аудару немесе репатриациялау туралы ақпарат алмасады;
      5) 1-бапта көрсетiлген қылмыстарды болдырмау саласында жұмыс тәжiрибесiмен, оларды жасаудың анықталған жаңа тәсiлдерi және олардың алдын алу мен жолын кесу жөнiндегi шаралар туралы ақпаратпен ұдайы алмасады.

  4-бап

      Тараптар халықаралық терроризмге және экстремизмнiң өзге де түрлерiне қарсы күресу мақсатында өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес:
      1) Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық және қоғамдық қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған террористiк әрекеттердi дайындау мен жасаудың жолын кесу мақсатында шаралар қабылдайды;
      2) Тараптар мемлекеттерiнiң бiреуiнiң аумағында террористiк қызметi үшiн қылмыстық қудалаудан немесе жазасын өтеуден жасырынып жүрген адамдарды iздестiру жөнiнде шаралар қабылдайды;
      3) Тараптар мемлекеттерiнiң қауiпсiздігі мен мүдделерiне тiкелей әсер ететiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында террористiк актiлердiң жасалуына күдiктi жеке адамдар, топтар немесе ұйымдар және олардың қызметi, сондай-ақ осындай жекелеген адамдарға, топтар мен ұйымдарға қарсы күpecтe қолданылатын техникалық және тактикалық әдiстер туралы ақпарат алмасады;
      4) бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында әрекет ететiн, екiншi Тарапқа, сондай-ақ үшiншi мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған террористiк ұйымдар мен оларға дем берушілердiң қызметiн заңсыз деп қарайды және олардың жолын кеседi;
      5) радиотаратқыштарды, жазу қондырғыларын, минаiздегіштердi және түнде көру приборларын қоса алғанда, қаруды және оқ-дәрілердi террористiк элементтердiң және ұйымдардың сатып алуының жолын кесу мақсатында оларды сатуды бақылау саласында ынтымақтасады;
      6) терроризмдi, оның пайда болуының мән-жайын, динамикасы мен нысандарын анықтауда ынтымақтасады;
      7) кепілге адам алу және көлiк құралдарын басып алу әрекеттерiн қоса алғанда, террористiк қызметке қарсы күресу әдiстерiне қатысты ақпаратпен және жұмыс тәжiрибесiмен алмасады;
      8) терроризмге қарсы бөлiмшелердiң қызметкерлерiн өзара оқытуда ынтымақтасады және осы мақсатта пайдаланылатын қару-жарақтың, құралдардың және техникалық жабдықтың түрлерi жөнiндегi ақпаратпен және жұмыс тәжiрибесiмен алмасады;
      9) ғылыми, әдiснамалық әзiрлемелермен, оның iшiнде сарапшылармен және тағылымдамадан өтушiлермен алмасады және бiрлескен кездесулер мен семинарлар ұйымдастырады.

  5-бап

      Тараптар өздерiнiң ұлттық заңнамасының шеңберiнде ұйымдасқан қылмысқа оның түрлi көрiнiстерiне қарсы күресте мынадай жолдармен ынтымақтасады:
      1) ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адамдар, әсiресе, оны ұйымдастырушылар туралы деректер алмасу;
      2) қылмыс жасау жағдайы жөнiнде, атап айтқанда, қылмыс жасаудың уақыты, орны мен тәсiлi, қылмысқа қатысы бар тұлғалар, заттар және олардың ерекшелiктерi, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң қылмыстық заңнамасы бойынша олардың жiктелуi туралы деректермен алмасу.
      Егер ауыр қылмыстарды анықтау, тергеу, сондай-ақ қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу үшiн, қажет болса, әрбiр нақты жағдайда, деректермен және ақпаратпен алмасу жүргiзiлетiн болады;
      3) жедел және тергеу iс-шараларын iске асыру, өзара практикалық және ұйымдастырушылық көмек көрсету барысында үйлесiмдi әрекеттердi жүзеге асыру;
      4) ұйымдасқан қылмысқа, оның түрлi көрiнiстерiне және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күресте техникалық деңгейдi жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерiн оқытуда және қайта даярлауда және мамандармен алмасуда өзара көмек көрсету;
      5) бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру мақсатында нақты тергелетiн қылмыстық iстер бойынша жұмыс кездесулерiн өткiзу бойынша ынтымақтасады.

  6-бап

      1. Тараптар өз мемлекеттерi ұлттық заңнамаларының шеңберiнде есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресу мақсатында:
      1) олармен осы Келiсiмiнiң кiрiспесiнде аталған есiрткілердi бақылау саласындағы халықаралық конвенциялардың шеңберiнде жүзеге асырылатын экспорттық-импорттық операциялар туралы ақпаратпен алмасуды қоса алғанда, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыру аясында ақпаратпен алмасады;
      2) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған шараларды бiрлесiп жүзеге асырады;
      3) қылмыстар жасау жағдаяттары және оларға тартылған адамдар, атап айтқанда, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды жасыру орындары, тасымалдау нысандары мен құралдары, өсiру, өндiру орындары мен жеткiзу тәсілдерi туралы ақпаратпен алмасады;
      4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың заңсыз айналымына, сондай-ақ "бақыланатын жеткiзу" әдiсiн қолдана отырып, олармен байланысты құралдарға және қылмыстық жолмен табылған өзге де кiрiстерге қарсы күресте бiрлескен iс-әрекеттер мен тергеудi жүзеге асырады;
      5) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды, сондай-ақ оларды терiс пайдалануды бақылау саласындағы материалдарды ғылыми-зертханалық талдау және зерделеу туралы әдiстермен және технологиялармен алмасады;
      6) ұсынылуы сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына қайшы келмейтiн кез-келген басқа да ақпаратпен алмасады.
      2. Егер есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу барысында терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа байланысты фактілер анықталса, Тараптар бұл туралы бiр-бiрiне шұғыл ақпарат бередi және егер қажет болса, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес тергеудi бiрлесiп жүргiзедi.

  7-бап

      Тараптар мәдени, тарихи құндылықтарды және өнер туындыларын заңсыз әкелуге және саудаға салуға қарсы күресу мақсатында осындай фактiлердi анықтау мен олар туралы дереу хабарлау және оларды осы құндылықтарға меншiк құқығы бар мемлекетке қайтару жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды.

  8-бап

      Тараптардың заңсыз көшi-қонға, адамдарды ұрлауға және сатуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) Тараптар, қажет болған жағдайда, бiр-бiрiнен заңсыз көшi-қон, адамдарды ұрлау мен сату жөнiндегi ақпаратты сұратады не осы мәселе бойынша ақпарат ұсынады;
      2) Тараптар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына заңсыз енген өз азаматтарын қабылдайды. Бұл ретте олардың азаматтығын немесе олардың азаматтығына қатысты өзге де деректердi растайтын құжаттарды ұсыну қажет;
      3) Тараптар заңсыз көшi-қонға, адамдарды ұрлауға және сатуға қарсы күрес жөнiнде бiрлескен iс-шаралар ұйымдастырады.

  9-бап

      1. Ақпаратпен алмасуды және осы Келiсiмге сәйкес жәрдем көрсету туралы сұрау салуларды жiберудi құзыреттi органдар жазбаша түрде жүзеге асырады. Сұрау салуға:
      а) сұрау салу жiберiлген органды анықтайтын дәлелдi тұжырым;
      б) онымен байланысты көмек сұралатын iстiң сипаттамасы;
      в) сұрау салудың мазмұны, сондай-ақ оның орындалуына қажеттi мәлiметтер қоса берiледi.
      2. Жедел жағдайларда мемлекеттердiң құзыреттi органдары өз сұрау салуларының орындалуы туралы алдын ала ауызша жүгiне алады. Қағаз жүзiндегі құжаттар факсимильдi байланыс немесе электрондық пошта арналары арқылы 48 сағат iшiнде расталуы тиiс. Құжаттардың түпнұсқалары дипломатиялық арналар бойынша жiберiлуi тиiс.
      3. Сұрау салу, растау құжаттары және кейiнгі ақпарат ағылшын тiлiнде орындалады.
      4. Егер сұрау салушы Тарап сұрау салу бойынша ұсынылған ақпаратты жеткiлiксiз деп тапса, ол қосымша ақпарат сұрата алады. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары мұндай сұрау салуларды шұғыл түрде орындайды.

  10-бап

      1. Тараптар жүргізілiп отырған ынтымақтастықты қарау, осы Келiсiмнiң ережелерiне қатысты кемшілiктердi анықтау мен оларды жою мақсатында құрамына мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерi кiретiн бiрлескен комиссия құрады.
      2. Бiрлескен комиссия кездесулердi Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында кезек-кезек ұйымдастырады.
      3. Бiрлескен комиссия кездесулердi Тараптардың бiрiнiң сұрау салуымен өзара келiсiм бойынша ұйымдастыруы мүмкiн.

  11-бап

      1. Егер Тараптардың бiрi сұрау салуды орындау немесе нақты iс-шараларды жүзеге асыру оның мемлекетiнiң егемендiгiне немесе басқа да ұлттық мүдделерiне қауiп төндiредi, оның құқықтық жүйесiнiң негiзгi қағидаттарына қайшы келедi деп санаса, онда ол сұрау салуды орындаудан толықтай немесе iшiнара бас тарта алады немесе орындау үшін өзiнiң белгiлi бiр шарттарын қоя алады.
      2. Сұрау салушы Тараптың құзыреттi органы бас тарту себебi туралы хабардар етiледi.

  12-бап

      1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптардың кез-келгенi құпия деп таныған алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.
      2. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтердi, құжаттаманы және техникалық жабдықты сұрау салынған Тараптың құзыреттi органының алдын ала келiсiмiнсiз үшiншi Тарапқа бермейдi.
      3. Егер берiлетiн ақпарат оны беретiн Тараптың мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтерден тұратын болса, онда мұндай ақпаратты беру оны беретiн Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  13-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары өз өкiлеттiктерi мен құзыреттерi шегінде және өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес тiкелей ынтымақтасады.
      Мыналар:
      1) Қазақстан тарапынан:
      - Бас Прокуратура,
      - Iшкi iстер министрлiгi,
      - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi,
      - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы),
      - Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi,
      - Президенттiң күзет қызметi,
      - Қорғаныс министрлiгi;
      2) Түрiк Тарапынан:
      - Iшкi iстер министрлiгi,
      - Түрiк ұлттық полициясы ұйымы,
      - Жандармерия Бас қолбасшылығы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары болып табылады.
      2. Тараптар құзыретті органдардың атаулары мен функциялары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар бойынша уақытылы хабардар етiледi.

  14-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiнде көзделген ынтымақтастық детальдарын, қажет болған жағдайда, жеке уағдаластықтар жолымен Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары белгiлейдi.

  15-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
      2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

  16-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау жөнiндегі шығыстарды Тараптар Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес көзделген қаражат шегiнде дербес көтередi.

  17-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдерiн орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

  18-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап алты ай мерзiм өткенге дейiн күшiнде қалады.

      2005 жылғы "___" ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгінетін болады.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                 ТҮРIК РЕСПУБЛИКАСЫ
          ҮКIМЕТI ҮШIН                          ҮКIМЕТI ҮШIН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады