Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 521 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнде:
      466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "466. Ағымдағы мақсатты трансферттер және мақсатты даму трансферттерi бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары әкiмшілерiнiң қаржыландыру жоспарлары төмен тұрған бюджеттердiң тиiстi қаржыландыру жоспарларына сәйкес келмеген кезде қазынашылық органдары трансферттердi аударуды жүргiзбейдi.
      Мақсатты трансферттер бойынша республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп деректерiнде алшақтық болған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi бақылау объектісiнде есеп деректерiнiң растығын тексеру үшiн iшкi бақылау жөнiндегi уәкілеттi органға материалдарды бередi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады