Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 857 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975  Жарлығына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573  Жарлығының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 103  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 2, 22-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1328  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 449-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 565  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 209-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 3-тармағы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады