"Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1029 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120  Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 3120  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 38, 355-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      тақырыбындағы "тәртібi" деген сөз "ережесін бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "қараудың тәртібі туралы Epeжелep" деген сөздер "қарау ережелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы Ережелерде:
      тақырыбындағы "тәртiбi туралы Ережелер" деген сөздер "ережелерi" деген сөзбен ауыстырылсын:
      кiрiспедeгi "(бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "жасалған" деген сөзбен толықтырылсын;
      "I, ІІ, ІІІ, IV, V, VI, VII, VIII, IX, Х" деген цифрлар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мәтiн бойынша "консулдық мекемелерi", "консулдық мекемелер", "консулдық мекеме", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекеменiң", "консулдық мекемелердiң" деген сөздер тиiсінше "шет елдердегi мекемелері", "шет елдердегi мекемелер", "шет елдегi мекеме", "шет елдердегі мекемелерде", "шет елдегi мекеменің", "шет елдердегі мекемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың бiрiнші абзацында "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері және өкілетті өкілдіктері (бұдан әрi - консулдық мекемелер)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi (бұдан әрi - шет елдердегi мекемелер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың он бiрiншi абзацындағы "және өзiнің туысының тұрақты тұратын жерiнен анықтама" деген сөздер алынып тасталсын;
      13-тармақтағы "Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығы" деген сөздер "Бac прокуратурасының Құқықтық және арнайы есепке алу комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақтың екінші абзацындағы "тұрғылықты жерiнен анықтама" деген сөздер алынып тасталсын;
      VII тараудың тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын" деген сөздер "шешімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелерi жөніндегi шешімдердi орындау - құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәлiктер беру жөнiндегi уәкiлеттi органға, ал басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiне жүктеледi.";
      27-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігі мен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жарлықтарының" деген сөз "шешімдерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      29-тармақтағы "жасанды құжаттар табыс ету" деген сөздерден кейін ", басқа мемлекеттiң азаматтығын aлу" деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақ мынадай мазмұндағы бесіншi абзацпен толықтырылсын:
      "егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса.".
      2. Осы Жарлық ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады