Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1034 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қосымша сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 15 қазандағы   
N 1034 қаулысына қосымша  

  Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің
күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының мәселелері" туралы Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 13 тамыздағы N 475 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасының Инженерлiк академиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 22 қаңтардағы N 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 3, 44-құжат).

      3. "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 21 қыркүйектегi N 780  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 36, 549-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетілдіру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 61  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 2, 28-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады