Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қарашадағы N 1102 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен:
      "Глубокий" кенiшiнен шахта суларын бұру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
      жер асты сулары деңгейiн су төкпе қазбасының белгiсiнен төмен ұстау үшiн "Глубокий" кенiшiнен суды сорып тастау жұмыстарын жүзеге асыруға;
      "Глубокий" кенiшiнiң шахта сулары деңгейiнiң көтерiлуi салдарынан зардап шеккен Кентау қаласының тұрғын үйлерiнде қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге 80000000 (сексен миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi 2005 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады