Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы 2005 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қарашадағы N 1131 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап,  Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы 2005 жылғы мемлекеттік сыйлықтары мына авторларға берілсін:
      1) "Қаракөл қой тұқымының қазақи түрi және елтiрiлi-еттi-майлы өнiмдi құйрықты атырау қой тұқымы: шығару әдiсi, қазiргi жай-күйi және дамыту перспективалары" жұмысы үшiн:
      Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының Батыс Қазақстан тiрек пунктiнің меңгерушiсi, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Хисемидолла Ысхақұлы Үкiбаевқа;
      Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Нұрадин Әлiбаевқа;
      Атырау облысы "Жасқайрат" акционерлiк қоғамының президентi Алғыбай Арыстанғалиевке;
      "Асыл түлiк" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академия Көпмахамбет Елемесовке;
      Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының Батыс Қазақстан тiрек пунктінiң жетекшi ғылыми қызметкерi, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Тағай Қансейiтовке;
      Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Әбдiрахман Молданазарұлы Омбаевқа;
      Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының Батыс Қазақстан тiрек пунктiнiң жетекшi ғылыми қызметкерi, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Рабыха Дарушқызы Шамекеноваға;
      2) "Қатты, сұйық және газ тәрiздес жай-күйдегілер үшiн ретсiз бөлшектердiң бiрыңғай теориясын әзiрлеу және бастапқы алынған мыс пен мыс созбасының технологиясын жетілдiру, өндiрiсiн ұлғайту және сапасын арттыру үшiн оны қолдану" жұмысы үшiн:
      Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтың Ж.Әбiшев атындағы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушiсi, техника ғылымдарының докторы, профессор Виталий Павлович Малышевке;
      Химия-технологиялық зерттеулер орталығының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғановқа;
      Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтың Ж.Әбiшев атындағы Химия-металлургия институтының жетекшi ғылыми қызметкерi, химия ғылымдарының кандидаты Астра Мұңдыққызы Нұрмағамбетоваға;
      Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты кафедрасының доцентi, химия ғылымдарының докторы Тоқтарбай Сүлейменовке;
      3) "Нарықтық жағдайларда жаңа тиiмділiгi жоғары технологияларды әзiрлеу және енгiзу негiзiнде медициналық жәрдем көрсету жүйесiн реформалау және жетiлдiру моделi" жұмысы үшiн:
      Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының Медицина орталығы Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрiгерi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмахан Сыбанбайұлы Құралбаевқа;
      Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мырзакарим Каримович Алчинбаевқа;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрiгерiнiң емхана жөнiндегi орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Шолпан Әбiлқадырқызы Аюповаға;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы Медицина орталығының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Анатолий Григорьевич Дерновойға;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрiгерiнiң ұйымдастыру және экономикалық мәселелер жөнiндегi орынбасары Қырмызы Қазиқызы Игісiноваға;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрiгерiнiң емдеу iсi жөнiндегi орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлзада Рахманбердiқызы Iзбасароваға;
      Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы директорының ғылым жөнiндегi орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;
      4) "Алматы қаласының ағынды суларын тазарту техникасы мен технологиясын оның экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жетiлдiру" жұмысы үшiн:
      Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi Экология-экономикалық институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық инженерлiк академияның академигi Меңлiбай Мырзахметовке;
      Алматы қаласының су құбыры-кәрiз шаруашылығы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының бас директоры, техника ғылымдарының кандидаты Василий Алексеевич Зуевке;
      Алматы қаласының су құбыры-кәрiз шаруашылығының мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны аэрация станциясының бастығы Асылбек Таупашұлы Қасабековке;
      Алматы қаласының су құбыры-кәрiз шаруашылығының мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны "Cу бөлу" еншiлес коммуналдық кәсiпорнының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты Шыңғыс Абылайұлы Тiлеубердинге;
      5) "Табиғи және техногендiк қайталама шикiзатты қайта өңдеудiң инновациялық технологияларын құру және ұйымдастыру" жұмысы үшiн:
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ұлттық инженерлiк академиясының академигi Уәлихан Қозыкеұлы Бишiмбаевқа;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң кафедра меңгерушiсi, техника ғылымдарының докторы, профессор Нағима Орманбекқызы Жақыпбековаға;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң кафедра меңгерушiсi, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Беген Омарұлы Есiмовке;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң кафедра профессоры, техника ғылымдарының докторы Құрманбек Тәжмаханбетұлы Жантасовқа;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Тұрлыбек Өтешұлы Ысқақовқа;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң кафедра меңгерушiсi, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлiк академиясының академигi Шаяхмет Молдабековқа;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң факультет деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор Қазым Садықұлы Нәдiровке;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң факультет деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бiржан Саруарұлы Шәкiровке;
      6) "Қазақстанның әлемдiк жоғары технологиялық өнiмдер нарығы - тұрақты изотоптар нарығына шығуын қамтамасыз ететiн ғылыми-технологиялық және ақпараттық-талдау жұмыстарының кешенi" жұмысы үшiн:
      әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң доцентi, химия ғылымдарының кандидаты Анвар Рахимович Ишкеновке;
      Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталық бас директорының бiрiншi орынбасары, техника ғылымдарының докторы Дiмкеш Мұқановқа;
      "Қазқараметавтоматика" акционерлiк қоғамының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Тілеухан Серiкбайұлы Намазбаевқа;
      әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушiсi, техника ғылымдарының докторы, профессор Михаил Қасымұлы Наурызбаевқа;
      әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң жетекшi маманы Валерий Александрович Световке;
      Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтың зертхана меңгерушiсi, химия ғылымдарының кандидаты Әлiмғазы Оразұлы Сыдықовқа;
      Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтың бас ғылыми қызметкерi, геология-минералогия ғылымдарының докторы Эмиль Ефрамович Файнге (қайтыс болғаннан кейiн).

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білiм беру саласындағы 2005 жылғы мемлекеттiк сыйлығының ақшалай бөлiгiнiң мөлшерi 1860000 (бip миллион сегiз жүз алпыс мың) теңге сомасында белгіленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгі:
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 007 "Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттан Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының ақшалай бөлiгiн төлесiн;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттарына тапсыру үшiн дипломдар, куәлiктер және құрмет белгілерiн дайындауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады