Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 1157 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Карантиндiк объектілер және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 440-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектілер тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлiмде:
      "А. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген кiшi бөлiмде:
      "Нурhаntria cunea Drury." деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Viteus vitifolli (Fitsch).
      Callosobruchus maculatus F.";
      "Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлiмде:
      "А. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген кiшi бөлiмде:
      "Leptinotarsa decemlineata Say.", "Viteus vitifolli (Fitsch).", "Callosobruchus maculatus F." деген жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Нурhаntria cunea Drury.";

      2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде:
      "1. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) колорадо картоп қоңызы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады