Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге, Рәсімдік шаралар жөніндегі келісілген хаттамаға және Талқылау хаттамасына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 1182 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің, Рәсімдік шаралар жөніндегі келісілген хаттаманың, Талқылау хаттамасының жобалары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды беру" жобасын іске асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге, Рәсімдік шаралар жөніндегі келісілген хаттамаға, Талқылау хаттамасына қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тартылатын гранттың қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                      (Жапон тарабы нотасының жобасы
                                            ағылшын тілінен аударма)

Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
жоғары мәртебелі
Қасымжомарт Тоқаевқа

      Жоғары мәртебелі,

      "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды беру" (бұдан әрі - Жабдық) жобасына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің арасында жүргізілген жуырдағы келіссөздерге назар аударуға және Жапония Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңіз:
      1. Қазақстан Республикасында білім беру қызметін дамытуға жәрдем көрсету мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне 48 600 000 (қырық сегіз миллион алты жүз мың) жапон йені мөлшерінде грант (бұдан әрі - грант) бөледі.
      2. Грант осы келісім күшіне енген күнінен бастап және 2006 жылғы 31 наурызға дейінгі кезең ішінде күшінде болады, бұл кезең екі үкіметтің уәкілетті органдарының екі жақты келісімі жолымен ұзартылуы мүмкін.
      3. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкіметі мақсаты бойынша және Жапонияда немесе Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтарды және Қазақстан Республикасына жабдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, жабдықтарды сатып алуға байланысты қызметтерді сатып алу үшін ғана пайдаланады.
      (2) жоғарыдағы 3-тармақтың (1) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер екі Үкімет Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерде шығарылған жабдықты сатып алу қажет деп есептесе, онда оны грантта көзделген қаражатқа жүзеге асыруға болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы 3-тармақта көрсетілген өнімдер мен қызметтерді сатып алу үшін келісім-шартты (осы келісімде пайдаланылатын "жапон алымы" термині жапондық жеке тұлғалармен бақыланатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды білдіреді) жапон боданымен жапон иенінде жасасады. Мұндай келісім-шарттарды грант үшін қолайлы ретінде Жапония Үкіметі бекітуі тиіс.
      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы белгілеген Жапон банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына банктік шот ашады, ол грантты іске асыру мақсатында ғана пайдаланылатын болады.
      (2) Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе оның уәкілетті органының 4-тармақтың ережелеріне сәйкес бекітілген келісім-шарттар (бұдан әрі - "бекітілген келісім-шарттар") бойынша алған міндеттемелерін жабуға арналған төлемдерді жапон йенінде 5-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген шотқа төлейді, төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы төлемдерді жүргізуге уәкілеттік берген банктер ұсынған кезде орындалатын болады.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналар бойынша қажетті шараларды қабылдайды:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында грант бойынша сатып алынған жабдықтарды уақытылы кедендік ресімдеу мен ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жабдықтарды беруге және грантқа байланысты қызметтерді жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жапон бодандарын кеден баждарын, ел ішіндегі салықтарды және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату;
      (в) бекітілген келісім-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтерді беруге байланысты қызметтері қажет болатын жапон бодандарына Қазақстан Республикасына кіру және онда өз жұмыстарын орындау үшін жағдайлар ұсыну;
      (г) жабдықтарды тиісті және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      (д) грантпен жабылатындарынан басқа, жобаны іске асыру үшін қажетті шығыстарды төлеу;
      (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды жүк және теңіздік сақтандыруға қатысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі екі елдің жүк және теңіздік сақтандыру компаниялары арасындағы адал және еркін бәсекелестікке бөгет болуы мүмкін қандай да бір шектеулерді қолданудан бас тартады.
      (3) грант есебінен сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кері экспортқа шығарылмайды.
      7. Екі Үкімет жоғарыда аталған уағдаластықтарға байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселені қарау кезінде бір-бірінен консультация алады.
      Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты жоғарыда баяндалғанды растайтын осы нота мен Сіздің Жоғары мәртебеңіздің жауап нотаңыз Қазақстан тарабының осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күнінен бастап күшіне енетін екі Үкіметтің арасындағы Келісім болып саналуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.
      Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіремін.

                                                     Йорико Кавагути
                                                  Жапонияның Сыртқы
                                                     істер министрі

                                 (Қазақстан тарабы нотасының жобасы
                                           ағылшын тілінен аударма)

Жапония Сыртқы
істер министрі
Жоғары мәртебелі
Йорико Кавагути ханымға

      Жоғары мәртебелі,

      Сіздің Жоғары мәртебеңіздің бүгінгі күнмен белгіленген төмендегілер баяндалатын нотаңызды алғанымды растау құрметіне ие болып отырмын.

      "Жоғары мәртебелі,

      А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды беру" (бұдан әрі - Жабдық) жобасына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің арасында жүргізілген жуырдағы келіссөздерге назар аударуға және Жапония Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңіз:
      1. Қазақстан Республикасында білім беру қызметін дамытуға жәрдем көрсету мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне 48 600 000 (қырық сегіз миллион алты жүз мың) жапон йені мөлшерінде грант (бұдан әрі - грант) бөледі.
      2. Грант осы келісім күшіне енген күнінен бастап және 2006 жылғы 31 наурызға дейінгі кезең ішінде күшінде болады, бұл кезең екі үкіметтің уәкілетті органдарының екі жақты келісімі жолымен ұзартылуы мүмкін.
      3. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкіметі мақсаты бойынша және Жапонияда немесе Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтарды және Қазақстан Республикасына жабдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, жабдықтарды сатып алуға байланысты қызметтерді сатып алу үшін ғана пайдаланады.
      (2) жоғарыдағы 3-тармақтың (1) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер екі Үкімет Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерде шығарылған жабдықты сатып алу қажет деп есептесе, онда оны грантта көзделген қаражатқа жүзеге асыруға болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы 3-тармақта көрсетілген өнімдер мен қызметтерді сатып алу үшін келісім-шартты (осы келісімде пайдаланылатын "жапон алымы" термині жапондық жеке тұлғалармен бақыланатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды білдіреді) жапон боданымен жапон иенінде жасасады. Мұндай келісім-шарттарды грант үшін қолайлы ретінде Жапония Үкіметі бекітуі тиіс.
      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы белгілеген Жапон банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына банктік шот ашады, ол грантты іске асыру мақсатында ғана пайдаланылатын болады.
      (2) Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе оның уәкілетті органының 4-тармақтың ережелеріне сәйкес бекітілген келісім-шарттар (бұдан әрі - "бекітілген келісім-шарттар") бойынша алған міндеттемелерін жабуға арналған төлемдерді жапон йенінде 5-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген шотқа төлейді, төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы төлемдерді жүргізуге уәкілеттік берген банктер ұсынған кезде орындалатын болады.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналар бойынша қажетті шараларды қабылдайды:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында грант бойынша сатып алынған жабдықтарды уақытылы кедендік ресімдеу мен ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жабдықтарды беруге және грантқа байланысты қызметтерді жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жапон бодандарын кеден баждарын, ел ішіндегі салықтарды және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату;
      (в) бекітілген келісім-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтерді беруге байланысты қызметтері қажет болатын жапон бодандарына Қазақстан Республикасына кіру және онда өз жұмыстарын орындау үшін жағдайлар ұсыну;
      (г) жабдықтарды тиісті және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      (д) грантпен жабылатындарынан басқа, жобаны іске асыру үшін қажетті шығыстарды төлеу;
      (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды жүк және теңіздік сақтандыруға қатысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі екі елдің жүк және теңіздік сақтандыру компаниялары арасындағы адал және еркін бәсекелестікке бөгет болуы мүмкін қандай да бір шектеулерді қолданудан бас тартады.
      (3) грант есебінен сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кері экспортқа шығарылмайды.
      7. Екі Үкімет жоғарыда аталған уағдаластықтарға байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселені қарау кезінде бір-бірінен консультация алады.
      Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты жоғарыда баяндалғанды растайтын осы нота мен Сіздің Жоғары мәртебеңіздің жауап нотаңыз Қазақстан тарабының осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күнінен бастап күшіне енетін екі Үкіметтің арасындағы Келісім болып саналуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.
      Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіремін.

                                           Қазақстан Республикасының
                                              Сыртқы істер министрі
                                                 Қасымжомарт Тоқаев

Рәсімдік шаралар жөніндегі келісілген хаттама

      Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешені үшін жабдықтар (бұдан әрі - жабдықтар) сатып алуға арналған жапон мәдени ынтымақтастығына қатысты 2005 жылғы күні белгіленген алмасу ноталарының (бұдан әрі - алмасу ноталары) 1, 3, 4 және 5-тармақтарына сүйене отырып, Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдері екі үкіметтің уәкілетті өкілдерімен келісілген мынадай рәсімдік шараларды тіркегісі келеді:
      1. Тендер
      1) грант алмасу ноталарының 3-тармағы 1) тармақшасында белгіленген жабдықтар мен қызметтерді сатып алу үшін тиімді және кемсітілмей пайдалануы тиіс. Осы талаптарды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы Қазақстан Республикасына немесе оның уәкілетті органына жабдықтарды сатып алу бойынша тендер өткізуге көмек көрсету үшін тәуелсіз және құзыретті агентті тарту қажет.
      2) Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы қосымшаға сәйкес агент қызметінің тізбесіне сай Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе оның уәкілетті органына көмек көрсету үшін Жапон халықаралық ынтымақтастық жүйесінің (JIСS) (бұдан әрі - агент) қатысуымен алмасу ноталары күшіне енгеннен кейінгі бір айдың ішінде алмасу ноталарының 4-тармағында келісілген келісім-шартты жасасуы тиіс;
      3) Келісім-шарт Жапония Үкіметі жазбаша түрде бекіткеннен кейін күшіне енеді.
      2. Агенттің қаламақысы
      1) Алмасу ноталарының 1-тармағында айтылған сома агенттің қаламақысын қамтуы тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы жоғарыда аталған келісім-шартқа сәйкес алмасу ноталарының 5-тармағының (1) тармақшасында айтылған банкке осындай төлемге өкілеттіктер беруі тиіс.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кез келген шенеунігі өзіне алмасу ноталарының 4-тармағында айтылған тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі жапон азаматтары жұмысының бөлігін алмауы тиіс.
      4. Алмасу ноталарының 1-тармағында айтылған гранттың жоспарын және/немесе схемасын өзгерту қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі консультация жүргізуі және осындай өзгерістер енгізуге Жапония Үкіметінің келісімін алуы тиіс.

      2005 жылғы _____________           2005 жылғы _____________
       Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасындағы
      Сыртқы істер министрі              Төтенше және өкілетті өкіл
      Қасымжомарт Тоқаев                 Тетсуо Ито

Талқылау хаттамасы

      "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" білім беру кешеніне арналған жабдықтарды сатып алу үшін, жапон мәдени ынтымақтастығы туралы 2005 жылғы алмасу ноталарына (бұдан әрі - алмасу ноталары) байланысты Жапон делегациясы мен Қазақстан делегациясының өкілдері мыналарды тіркегісі келеді:
      1. Жапон делегациясының өкілі алмасу ноталарының 3-тармағының (1) тармақшасына қатысты мынаны мәлімдейді, Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қызметі ретінде пайымдалуы мүмкін және алмасу ноталарының 4-тармағында айтылған келісім-шарттарды ұсынғаны үшін ынталандыру немесе сыйақы ретінде пайдаланылатын кез келген ұсынысты, сый тартуды немесе сыйақыны болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдайтынын түсінеді.
      2. Қазақстан делегациясының өкілі өз делегациясының Жапон делегациясы өкілінің жоғарыда көрсетілген мәлімдемесіне қарсы емес екендігін мәлімдейді.

      2005 жылғы _____________           2005 жылғы _____________
       Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасындағы
      Сыртқы істер министрі              Төтенше және өкілетті өкіл
      Қасымжомарт Тоқаев                 Тетсуо Ито

                                       Рәсімдік шаралар жөніндегі
                                       келісілген хаттамаға қосымша

Агент қызметтерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігіне жазбаша нысанда жолдаған сұрау салуы негізінде сатып алуға тендер жарияланған тауарлардың (бұдан әрі - жабдықтар) тізімін дайындау.
      2. Жабдықтардың құны мен сипаттамасын зерттеу және тендер үшін неғұрлым жоғары баға шегін анықтау.
      3. Тендердің мерзімі мен шарттарын және техникалық сипаттамасын қамтитын тендерге арналған құжаттардың жобаларын дайындау.
      4. Тендерді жариялау және тендердің құжаттарын тарату.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе оның уәкілетті органына агенттің офисінде тендер өткізуге көмек көрсету және үміткерлердің қатысуымен жеңімпазды анықтау.
      6. Тендер бойынша ағылшын тілінде есеп дайындау және есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе оның уәкілетті органына ұсыну.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады