Байланыс формасы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1078 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының  5-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі;
      2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      2. Аса маңызды объектілерді өрттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі оны ұстауға көзделіп бекітілген штат санының лимиті мен қаражаты шегінде қорғайды деп белгіленсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2005 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1251 қаулысымен    
бекітілген      

       Ескерту. Тізбенің тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану
аумақтарының тізбесі

      Осы Тізбемен елді мекеннің мыналарды орналастыруға бөлінген қоныстану аумағының бөлігі айқындалады:

1. Тұрғын-үй қоры

      Тұрғын үй ғимараттары.

2. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар

      1. Білім беру, тәрбиелеу және кадрлар даярлауға арналған ғимараттар:
      жалпы үлгідегі, мамандандырылған, сауықтыру және бастауыш мектеппен біріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемелері;
      жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндіріс комбинаттары;
      жұмысшы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған кәсіптік-техникалық училищелер мен оқу орындары;
      орта арнайы оқу орындары;
      жоғары оқу орындары;
      мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған оқу орындары;
      мектептен тыс мекемелер.
      2. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен басқармаларға арналған ғимараттар:
      ғылыми-зерттеу институттарына арналған ғимараттар (ірі арнайы құрылыстарды қоспағанда);
      жобалау және конструкторлық ұйымдардың ғимараттары;
      ақпарат орталықтарының ғимараттары;
      басқару органдарына арналған ғимараттар;
      қоғамдық ұйымдарға арналған ғимараттар;
      кредит беру, сақтандыру және коммерциялық мақсаттарға арналған ғимараттар;
      мұрағаттарға арналған ғимараттар.
      3. Денсаулық сақтау және дем алуға арналған ғимараттар мен құрылыстар:
      стационары бар емдеу, перзентханалар, амбулаториялық-
емханалық, дәріханалар, сүт тағамдары ас үйі, бальнео және балшықпен емдеу орындары;
      санаторийлар, санаторийлар-профилакторийлар;
      демалыс және туризм мекемелері.
      4. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мен
құрылыстары:
      ашық спорт-дене шынықтыру құрылыстары;
      ғимараттар мен жабық құрылыстар;
      дене шынықтыру-спорт және сауықтыру кешендері.
      5. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерінің ғимараттары:
      кітапханалар;
      мұражайлар мен көрмелер;
      клубтық ғимараттар (клубтар, мәдениет үйлері мен сарайлары, бос уақыт өткізуге арналған орталықтар және т.б.);
      ойын-сауық ғимараттары (театрлар, концерттік залдар, кинотеатрлар, цирктер және т.б.).
      6. Сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар:
      бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған ғимараттар;
      қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған ғимараттар (өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы ғимараттары мен үй-жайларына жататын қоғамдық тамақтандыру ғимараттары мен үй-жайларын қоспағанда);
      халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған (өндірістік емес сипаттағы) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары.
      7. Халыққа тікелей қызмет көрсететін көлікке арналған ғимараттар:
      көліктің барлық түрлерінің вокзалдары;
      жолаушыларға қызмет көрсету кеңселері мен көлік агенттіктері, кассалық павильондары.
      8. Коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндірістік, қойма және көлік ғимараттары мен құрылыстарынан басқа):
      азаматтық ғұрыптарға арналған ғимараттар, жерлеу бюролары;
      тұрғын үй-пайдалану;
      қонақ үй кәсіпорындарының, мотелдер мен кемпингтердің ғимараттары;
      қоғамдық дәретханалар;
      моншалар мен монша-сауықтыру кешендері.
      9. Әртүрлі мақсаттағы үй-жайларды қамтитын көп функциялы ғимараттар мен кешендер.

3. Өнеркәсіптік объектілер

      "Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі N 781   қаулысымен  бекітілген міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне енгізілмеген объектілер.
       Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.13 N 1050 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2005 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1251 қаулысымен     
бекітілген          

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын
мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068; 2011.12.30 № 1697 (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.03.16 N 338; 20.12.2013 N 1365 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.03.2014 N 274 қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциялары.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік ғимараты.
      3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және
Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары.
      4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы.
      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты.
      6. Орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.03.2014 N 274 қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты.
      9. Орталық Мемлекеттік мұрағаттың ғимараты.
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің әкімшілік ғимараты.
      11. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы.
      12. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы.
      13. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
      14. «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады