"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 69 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрi - қорытынды) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Ресей Тарабына дипломатиялық арналар арқылы қорытындыны жiберсiн.

      3. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1268 қбү қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 6 ақпандағы 
N 69 қаулысымен   
бекiтiлген      

  "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және
зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған
жоспарлары бойынша қорытынды

      Қазақстан Республикасының Үкiметi "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарларының жобаларын, 2006 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзу жоспарын және Ресей Федерациясы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2005 жылғы 25 қарашадағы N 11120 н/3дснг хатымен енгiзiлген 2005 жылғы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзу туралы есептi қарап, 1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып, өзiнiң шешiмi туралы хабарлайды.
      1. 1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Ресей Тарабы ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарларын, сондай-ақ ғарыш аппараттарын қосымша ұшыруды 2005 жылдың 4-тоқсанынан ауыстырған жағдайда оларға қатысты жоғарыда көрсетiлген жоспарларда көзделген ескертпелердi қоспағанда, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарын келiседi.
      Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Үкiметi "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигiн ДМЗ айдау блогы бар "Протон-К" зымыран тасығышымен 2006 жылдың II тоқсанынан кешiктiрмей ұшыруды келiседi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  582 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Ресей тарабы ұсынған 2006 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзу жоспарын жоспарда көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу сияқты келiспейдi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы шешiмi Ресей тарабының 1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы  келiсiмнiң 2-бабында, сондай-ақ 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағында экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi  келiсiмнiң 3-бабында көзделген мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу және ажырамас жақсартуларды енгiзудi келiсу үшiн 2006 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жаңа объектiлерiн салу және жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңарту жобаларын ұсынбауына байланысты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады