Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 194 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңестiң құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                          2006 жылғы 21 наурыздағы
                                                N 194 қаулысымен
                                                    бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы
   мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi
              мамандандырылған кеңестiң құрамы

Мәсiмов                     Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы           Министрiнiң орынбасары, төраға

Мусин                       Қазақстан Республикасының
Аслан Есболайұлы            Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                            министрi, төрағаның орынбасары

Қабиев                      Қазақстан Республикасының
Дәулет Жақсылықұлы          Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                            министрлiгi Мемлекеттiк активтердi
                            басқару саясаты департаментiнiң
                            директоры, хатшы      

Коржова                     Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Наталья Артемовна

Iзмұхамбетов                Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы     және минералдық ресурстар министрi

Мыңбаев                     "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару
Сауат Мұхаметбайұлы         жөнiндегi қазақстандық холдингi"
                            акционерлiк қоғамы атқарушы директорының
                            мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша)

Ахметов                     Қазақстан Республикасының Көлiк
Серiк Нығметұлы             және коммуникация министрi

Школьник                    Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич          Индустрия және сауда министрi

Есекеев                     Қазақстан Республикасы
Қуанышбек Бахытбекұлы       Ақпараттандыру және байланыс
                            агенттiгi төрағасының мiндетiн
                            атқарушы
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.15.  1079 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 21 наурыздағы 
N 194 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi
жөнiндегi мамандандырылған кеңес туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес акциялардың мемлекеттiк пакетi "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берiлген ұлттық компанияларды, өзге де акционерлiк қоғамдарды (бұдан әрi - компаниялар) басқару жөнiнде негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.
      3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Кеңестiң мiндеттерi

      4. Кеңестiң мiндеттерi:
      1) Компанияларды дамыту жөнiнде негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
      2) "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Холдинг) компаниялардың өз мақсаттары мен қаржылық нәтижелерiне қол жеткiзуi жөнiндегi қызметiн бағалау жүргiзу болып табылады.
      5. Кеңес мiндеттердi шешу кезiнде:
      1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөлiп, басты стратегиялық мақсаттар, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерiм;
      2) маңызды салалық бастамалар мен мiндеттер;
      3) қорытылған тиiмдiлiк көрсеткiштерi мен рентабельдiлiк коэффициенттерi;
      4) дивидендтер төлеу деңгейi, компаниялардың таза кiрiстерін бөлу және қайта инвестициялау;
      5) мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламалар;
      6) компаниялардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.11.  N 183 қаулысымен.
      6. Әрбiр компания үшiн негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер жөнiндегi ұсынымдарды Кеңес екi жылда бiр рет жүзеге асырады.

  3. Кеңестiң құқықтары

      7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      2) Кеңестiң отырысына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша оларды тыңдауға;
      3) қажеттiлiгiне қарай компанияларды басқарудың проблемалық мәселелерiн талдау және зерделеу үшiн мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.

  4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      8. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқарады. Кеңес төрағасы Кеңестiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды, Кеңестiң қызметiне жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орынбасары орындайды.
      9. Кеңестiң құрамына экономика және бюджеттiк жоспарлау, қаржы министрлiктерiнiң, салалық орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшылары, Холдингтiң атқарушы органының басшысы (келiсiм бойынша) кiредi.
      10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      11. Кеңестiң жұмыс органы оның қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      12. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметкерi Кеңестiң хатшысы болып табылады. Кеңестiң хатшысы Кеңес отырысының күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдар дайындайды және отырыстың хаттамасын ресiмдейдi.
      13. Кеңестiң отырысы қажеттiлiгiне қарай оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi болған кезде, бiрақ екi жылда бiр рет қана өткiзiледi.
      14. Отырыстардың күн тәртiбiн Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары негiзiнде қалыптастырады.
      Кеңес отырыстарын өткiзу уақыты мен орнын Кеңес төрағасы белгiлейдi.
      15. Кеңестiң күн тәртiбiн Кеңестiң хатшысы Кеңестiң мүшелерiне, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғаларға жiбередi.
      16. Отырыс күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiм, қатысушы Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      17. Кеңестiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Отырыс хаттамасын хатшы дайындайды және оған отырысқа қатысушы Кеңестiң барлық мүшелерi қол қояды.
      Кеңес мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
      18. Кеңес отырысының қол қойылған хаттамасы барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен Холдингке таратылады.

  5. Кеңестiң қызметiн тоқтату

      Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады