Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер арасындағы шекарадан өтетiн жеке тұлғалардың валютаны алып өту тәртiбi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 260 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер арасындағы шекарадан өтетiн жеке тұлғалардың валютаны алып өту тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер арасындағы шекарадан өтетiн жеке тұлғалардың валютаны алып өту тәртiбi туралы келiсiмге қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

       Жоба

  Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге
қатысушы мемлекеттер арасындағы шекарадан өтетiн жеке
тұлғалардың валютаны алып өту тәртiбi туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның үкiметтерi,
      2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы  келiсiмдi  басшылыққа ала отырып,
      Тараптардың резидент жеке тұлғаларының қолма-қол шетелдiк және қолма-қол ұлттық валютаны алып өтуi жағдайында айырмашылықтарды жоюдың басым мiндетiн қарастыра отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың резидент жеке тұлғаларының Тараптар арасындағы кеден шекаралары арқылы қолма-қол шетелдiк және қолма-қол ұлттық валютаны алып өту тәртiбiн айқындайды. Кез келген Тараптың қолма-қол ұлттық валютасы басқа Тараптарға қатысты шетел валютасы болып табылады.

  2-бап

      Тараптардың резидент жеке тұлғалары Тараптар арасындағы кеден шекараларынан өткен кезде жазбаша нысанда ресми мәлiмдемей (жеке тұлғаның өз еркiмен ресми мәлiмдеу жағдайларын қоспағанда) және қолма-қол шетелдiк валютаны әкелу/әкету үшiн негiз болып табылатын құжаттарды ұсынбастан 3000 (үш мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада қолма-қол шетелдiк валютаны бiр мезгiлде әкелуге/әкетуге құқылы.
      Тараптардың резидент жеке тұлғалары Тараптар арасындағы кеден шекаралары арқылы 3000 (үш мың) АҚШ доллары баламасынан астам сомада қолма-қол шетелдiк валютаны алып өткен жағдайда, аумағына/аумағынан осындай валюта әкелiнетiн/әкетiлетiн Тараптың заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылады. Бұл ретте Тарап белгiлеген тәртiппен ресiмделген оны әкелуге арналған кеден декларациясы Тараптардың резидент жеке тұлғаларының Тараптың аумағына бұрын әкелiнген қолма-қол шетелдiк валютаны әкетуге жеткiлiкті негiз болып табылады.

  3-бап

      Тараптардың қолма-қол ұлттық валюталарын олардың кеден шекаралары арқылы алып өту Тараптардың әрқайсысының ұлттық валютасын әкелуге/әкетуге қатысты оның ұлттық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  4-бап

      Валюталық нарықта төлем теңгерiмiнiң орнықтылығына және тұрақтылығына қауiп төнген жағдайда, әрбiр Тараптың осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделгеннен басқа, Тараптардың резидент жеке тұлғаларының өз мемлекетінің аумағынан/аумағына қолма-қол шетелдiк валютаны әкелудiң/әкетудiң өзге нормаларын белгiлеу құқығы сақталады. Осындай нормалардың белгiленуi туралы Тарап нормалар күшiне енген күнiнен бастап 10-күндiк мерзiмнен кешiктiрмей басқа Тараптарға хабарлайды.

  5-бап

      Тараптар қолма-қол шетелдiк және қолма-қол ұлттық валютаны Тараптар арасындағы кеден шекаралары арқылы алып өту тәртiбi туралы ақпараттық-түсiндiру шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.

  6-бап

      Валюталық реттеу мен валюталық бақылауға жауапты органдар арасында неғұрлым тығыз өзара iс-қимылды жүзеге асыру үшiн Тараптар қажеттiлiгiне қарай осы Келiсiммен реттелетiн мәселелер бойынша бiрлескен консультациялар жүргiзетiн болады.

  7-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiліктер Тараптар арасында консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешіледi.
      Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Тараптардың кез келгенi дауды Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiнде дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге тапсыра алады.

  8-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

  9-бап

      Осы Келiсiм қатысушылары Тараптар болып табылатын үшiншi елдермен басқа халықаралық шарттардың ережелерiн қозғамайды.

  10-бап

      2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн кез келген мемлекет осы Келiсiмнiң қатысушысы бола алады.
      Осы Келiсiмге қосылудың шарттары Тараптар мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын келiсiмде айқындалады.

  11-бап

      Осы Келiсiм 2006 жылғы _____ __________________қаласында қол қойылған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену тәртiбi туралы хаттамада көзделген тәртiппен қажеттi мемлекетiшiлік рәсiмдердi жүргiзгеннен кейiн күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Кез келген Тарап Депозитарийге осы Келiсiмнен өзiнiң шығу ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады. Мұндай Тарап үшiн осы Келiсiмнiң қолданылуы Депозитарий жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап 12 ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
      200 ____ жылғы________ __________қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарийде сақталады. 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi құру туралы келiсiмнiң 4-бабына сәйкес Бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң Комиссиясы құрылған және оған өкілеттiктер берiлген сәтке дейiн Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық-құқықтық құжаттардың депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
      Депозитарий Тараптардың әрқайсысына келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

       Беларусь Республикасының            Қазақстан Республикасының
          Yкiметi үшiн                            Yкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының                         Украинаның
         Yкiметi үшiн                     Министрлер Кабинетi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады