Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1335 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 327 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1335  қаулысына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесiнде:
      1-тармақ "Кәсiптiк орта бiлiм мамандықтары" мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "1804002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын iздеу мен барлаудың геофизикалық әдiстерi;
      1811002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсiру, iздеу және барлау;
      1813002 Гидрогеология және инженерлiк геология;
      1814002 Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және оларды барлау;
      1816002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы.";
      2-тармақ "Кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтары" мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (бакалавриат);
      6N0706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (магистратура);
      051003 Танк әскерлерiнiң командалық тактикасы;
      051004 Әуе десанты әскерлерiнiң және әскери барлаудың командалық тактикасы;
      051005 Артиллерияның командалық тактикасы;
      051006 Автомобиль әскерлерiнiң командалық тактикасы;
      051007 Броньды танк қару-жарағы мен техникасы;
      051008 Инженерлiк әскерлердiң командалық тактикасы;
      051009 Тәрбие құрылымдарының офицерлерi;
      051010 Әскерлердi заттай қамтамасыз етудiң командалық тактикасы;
      051011 Әскерлердi азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң командалық тактикасы;
      051012 Сұйық отынмен қамтамасыз етудiң командалық тактикасы;
      051013 Мотоатқыштар әскерлерiнiң командалық тактикасы;
      051029 Ұшу аппараттарын пайдалану;
      051030 Авиацияның штурмандық тактикасы, ұшу аппараттарын пайдалану;
      051031 Авиацияны жауынгерлiк басқарудың командалық тактикасы;
      051032 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану;
      051033 Авиациялық қару-жарақ;
      051034 Авиациялық электрлендiрiлген пилотаж-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану;
      051035 Авиациялық радиоэлектрондық жабдық;
      051018 Радиобайланыс және радионавигация;
      051019 Байланыс желiлерi және коммутация жүйелерi;
      051020 Радиотехника.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады