"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 334 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар, N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 28 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 31 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 10 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 11 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адамды саудаға салуға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 35-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемiндегi "кеден шекарасы" деген сөздер "Мемлекеттiк және кеден шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 302-баптың екiншi бөлiгiндегi "аумағына" деген сөзден кейiн "немесе континенттiк қайраңына" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 304-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "әкеп соғуы мүмкiн"" деген сөздерден кейiн "халықаралық шарттарда көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 306-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгi "қайраңындағы" деген сөзден кейiн ", аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 389-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ескертуге немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады";
      6) 390-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларының режимiн бұзу";
      бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "аумақтық" деген сөзден кейiн "суларында (теңiзiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында:
      "аумақтық" деген сөзден кейiн "суларында (теңiзiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "рұқсатынсыз" деген сөзден кейiн "не бекiтiлген тәртiптi бұза отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 575-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi ", 396 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi бөлiкте:
      екiншi абзацтағы "аймақтық басқармалардың," деген сөздер "арнайы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "беске" деген сөз "онға" деген сөзбен ауыстырылсын; төртiншi абзац алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктiң 1) тармақшасында:
      үшiншi абзацтағы "аймақтық басқармалардың," деген сөздер "арнайы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац алып тасталсын;
      8) 619-бапта:
      4) тармақшаның бiрiншi бөлiгiндегi "кеден режимi", "кеден шекарасы" деген сөздер тиiсiнше "шекара және кеден режимдерi", "Мемлекеттiк және кеден шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "қайраңында" деген сөзден кейiн ", аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 620-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Мемлекеттiк шекара режимiн, шекара режимiн, Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi бұзған, Мемлекеттiк шекара арқылы заңсыз алып өткен, континенттiк қайраңның, аумақтық сулар (теңiз) мен iшкi сулардың минералдық және жанды ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшiнiң Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттерiн атқаруына байланысты оның заңды өкiмiне немесе талабына бағынбаған жағдайда - шекара қызметiнiң органдары;";
      10) тармақша "қайраңында" және "қайраңын" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында" және "аумақтық суларын (теңiзiн) және iшкi суларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 622-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "кеден режимiн" және "кеден шекарасы" деген сөздер "шекара және кеден режимiн" және "Мемлекеттiк және кеден шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қайраңдарындағы" деген сөзден кейiн ", аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасындағы отыз сегiзiншi абзац "306 (екiншi бөлiгi)" деген сөздерден кейiн "355, 388" деген сандармен толықтырылсын;
      12) 730-баптың 1) тармақшасы "391-баптың екiншi бөлiгiнде" деген сөздерден кейiн "және 391-1-баптың үшiншi бөлiгiнде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      120-баптың 1-тармағындағы "басқа да әскерлердiң" деген сөздер "басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "46-1) аумақтық сулар (теңiз) - Қазақстан Республикасына тиесiлi құрлықта да, аралдарда да судың көп қайтатын жиегiндегi түзу сызықтан немесе халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын тиiстi географиялық нүктелердi қосатын бастапқы түзу сызықтан бастап есептелетiн енi он екi теңiз милi болатын Қазақстан Республикасының иелiгiндегi жағалау бойындағы теңiз сулары;";
      2) 36-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) аумақтық суларда (теңiзде) жүзудiң және шаруашылық, зерттеу, iздестiру және кәсiпшiлiк жұмыстар өндiрiсiнiң тәртiбiн белгiлейдi;".

      4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы; 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      1) 1-баптың екiншi бөлiгiндегi "белгiленедi" деген сөзден кейiн "және өзгертiледi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-баптың үшiншi және бесiншi абзацтары алып тасталсын;
      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
              күзету және қорғау

      1. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау мемлекеттiк органдардың өз өкiлеттiлiктерi шегiнде саяси, әскери, шұғыл-iздестiру, дипломатиялық, кедендiк, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөнiндегi келiсiлген әрекеттерi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк шекараны қорғаудың құрамдас бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету ұлттық мүдделердi iске асыруға кедергi келтiретiн немесе оларға Мемлекеттiк шекарада қауiп тудыратын процестер мен факторларды табу және олардың алдын алу жөнiндегi тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, шұғыл-iздестiру, кедендiк, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асыру болып табылады.
      3. Мемлекеттiк шекараны қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiлiктер шегiнде мемлекеттiк органдарға жүктеледi. Қазақстан Республикасының құрғақтағы, теңiздегi, көлдердегi, өзендердегi және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттiк қайраңдағы Мемлекеттiк шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жүктеледi, ол мемлекеттiк шекара режимi туралы халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының шекара мәселелерi жөнiндегi заңдарын барлық жеке және заңды, оның iшiнде шетелдiк тұлғалардың сақтауын шекара кеңiстiгiнде бақылау жолымен жүзеге асырылады. Әуе кеңiстiгiндегi Мемлекеттiк шекараны күзету мен қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне жүктеледi.
      4. Мемлекеттiк шекараны күзету мен қорғауға Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өз құқықтары шеңберiнде мемлекеттiк емес ұйымдар мен азаматтар қатыса алады.";
      4) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Қазақстан Республикасының шекара кеңiстiгi
                және оны бақылау

      1. Қазақстан Республикасының шекара кеңiстiгi - бұл Мемлекеттiк шекара сызығынан шекара аймағының немесе шекара өңiрiнiң iшкi шегiне дейiнгi, ал ол белгiленбеген жерде әкімшілік-аумақтық бірліктің сыртқы шегiне дейiнгi Мемлекеттiк шекара сызығы мен жер өңірі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, аумақтық сулары (теңізі), ішкі сулары, континенттiк қайраңы және Мемлекеттiк шекара арқылы өткізу пункттерінің аумақтары.
      2. Шекара кеңiстiгiндегi бақылау - Мемлекеттік шекараны бұзу белгiлерiн және шекара кеңiстiгiндегi белгiленген ережелердi бұзушыларды анықтау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар жүйесi.
      3. Шекара кеңiстiгiндегi бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен уәкiлеттiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.";
      5) 5-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
      6) 6-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының
              тәртiбiн айқындау

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi - бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өту, қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери кемелердiң шекаралас өзендер және басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасының iшкi суларына кiру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында түрлi жұмыстарды, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi жүргiзу тәртiбi. Мемлекеттiк шекара тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен айқындалады.";
      8) 9-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн" деген сөздер алып тасталсын;
      9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
                 арқылы өткiзу пункттерiндегi шекаралық бақылау

      Шекаралық бақылау мынадай жолмен жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) кiру (шығу) құқығына заңды негiздемелерiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өту құқығына арналған құжаттарды тексеру;
      көлiк құралдары мен жүктерді тексеру;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери, тәртiптiк, жедел және әкiмшiлiк iс-қимыл.".
      10) 12-бапта:
      1-тармақтағы "Үкіметі" деген сөз "заңдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Өткiзу пунктiне келген және шекара арқылы өту үшiн негiздемелерi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасына кiру кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзiлмейдi және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өзi келген елге немесе азаматтығын алған елге керi қайтарылады.
      Қазақстан Республикасынан кететiн адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге құқық беретiн құжаттары болған жағдайда шекара арқылы өткiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға мынадай жағдайларда шекараны кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге құқық беретiн құжаттардың болмауы;
      егер бұған дейiн азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк шығару шаралары қолданылған болса;
      осы тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарынан тиiстi шектеулердiң болуы.";
      11) 13-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      12) 15-баптың үшiншi абзацындағы "құралдарға" деген сөз "көлiк құралдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 18-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер алып тасталсын;
      14) 20-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен құрғақтағы, шекаралық өзендердегi және өзге де су қоймаларындағы мемлекеттiк шекараға жақын жерде мынадай шараларды өткiзудiң орны, уақыты, қатысушылардың саны келiсiледi, ол бұларды жүргiзудiң хабарлау тәртiбiн белгiлейдi:";
      15) 22-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi бөлiк алып тасталсын;
      16) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
               Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау мен күзетудi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау мен күзетудi қамтамасыз ету саласында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн басқарады;
      3) негiзгi геодезиялық деректердi көрсете отырып, аумақтық сулардың (теңiздiң) сыртқы шегiн айқындау үшiн географиялық нүктелердiң тiзбесiн бекiтедi;
      4) халықаралық шарттарға сәйкес шекара белгілерінің нысаны мен мөлшерін, олардың сипаттамасын және орнату тәртібін айқындайды;
      5) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін, олардың ашылу, жұмыс істеу және жабылу тәртiбiн бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде тәртiп орнатады, шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлерiне жағдай жасау жөнiндегi шараларды қамтамасыз етеді;
      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсіздiк комитетi Шекара қызметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында шаруашылық, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және басқа да қызметтiң барлық түрiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      8) шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрдi белгiлейдi;
      9) шекаралық тәртiптi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерiн белгiлейдi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес карантиндiк өңiрдi белгiлейдi және карантиндiк тәртiп енгiзедi;
      11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.";
      17) 24-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Әдiлет органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрланған, жоғалған паспорттары бойынша дерекқор жасайды және олар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлайды.
      3-1. Көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы орган Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiндегi бақылаушы органдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде жәрдем көрсетедi.";
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының азаматтарына," деген сөздер алып тасталсын;
      18) 27-баптың екiншi бөлiгiндегi "Үкiметi" деген сөз "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 31-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "көлiк құралдары тоқтау немесе бағытты өзгерту туралы талаптарды орындамаған жағдайда оларды зақымдау жолымен тоқтату үшін;";
      20) 35-бап алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы; 1993 ж., N 1, 3-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы; 1996 ж., N 14, 275-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      1) 1-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "егемендiгi мен" деген сөздер "егемендiгiне," деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тұтастығына қол сұғудың" деген сөздер "тұтастығы мен қол сұғылмаушылығына қарсы әрекет жасаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мынадай жағдайларды қоспағанда, Шекара қызметiн басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады:
      егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе;
      Шекара қызметiн қамтамасыз етудiң жекелеген күштерi мен құралдары Шекара қызметi директорының шешiмi бойынша табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн тартылуы мүмкiн жағдайда.";
      3) 8-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шекара кеңiстiгi шегiнде Шекара қызметiнiң құқықтары мыналар:";
      екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "егер кемеде ту көтерілмесе, оған өз туын көтеруге ұсыныс жасау;
      егер кеме жүзу үшін тыйым салынған ауданға жүргізілсе немесе жүзу режимін басқаша бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін болса, оған кеменің бағытын өзгертуге ұсыныс жасау.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады