1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 345 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың визасыз жол жүрулері туралы келісімге хаттамаға қол қойсын.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.02.16.  N 149 (2007 жылғы 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан
Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының
визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге
хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi 1997 жылғы 10 маусымда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасасты:

  1-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, жүрiп-тұруға және онда болуына құқық беретiн, жеке басын куәландыратын және құжат иелерiнiң азаматтығын растайтын құжаттарға осы Хаттаманың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген құжаттар жатады.
      Осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Келiсiмге 1 және 2-қосымшаларды осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшалар алмастырады.

  2-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.

      2006 жылғы "____" ___________ Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН                              ӘЗIРБАЙЖАН
   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                         РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
     YКIМЕТI YШІН                            YКIМЕТI YШІН

1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан    
Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасының Үкiметi арасындағы    
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан 
Республикасы азаматтарының визасыз жол
жүрулерi туралы келiсiмге хаттамаға   
1-қосымша              

Қазақстан Республикасы азаматтарының Әзiрбайжан
Республикасының аумағына келу, одан кету, транзитпен жол жүру,
онда болу және жүрiп-тұру құжаттарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшінің паспорты (кеме журналында жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын құжат).
      5. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлiк (тек қана Қазақстан Республикасына қайту үшiн).

1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан    
Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасының Үкiметi арасындағы    
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан 
Республикасы азаматтарының визасыз жол
жүрулерi туралы келiсiмге хаттамаға   
2-қосымша              

Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының Қазақстан
Республикасының аумағына келу, одан кету, транзитпен
жол жүру, онда болу және жүрiп-тұру құжаттарының тiзбесi

      1. Жалпы азаматтық паспорт.
      2. Қызметтік паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшінің кiтапшасы (кеме журналында жазба немесе одан үзіндi көшiрме болған кезде теңiзшінің жеке басын куәландыратын құжат).
      5. Әзiрбайжан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлiк (тек қана Әзiрбайжан Республикасына қайту үшiн).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады