Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы N 439 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне қосымшаға сәйкес "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға және инфрақұрылымын салуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 518500000 (бес жүз он сегiз миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 23 мамырдағы 
N 439 қаулысына    
қосымша     

  "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау және инфрақұрылымын салу жөнiндегi iс-шаралардың тiзбесi

      1. "Оңтүстiк" АЭА әкiмшiлiк ғимаратын салуды және аумағын қоршауды аяқтау.
      2. "Оңтүстiк" АЭА салық комитетiнiң және кеденiнiң әкiмшiлiк ғимараттарын салуды аяқтау.
      3. "Оңтүстiк" АЭА жұмыс жобасын және құрылысын әзiрлеудi аяқтау (инженерлiк зерттеулер, геология, топография, бас жоспар, ТЭН). 
      4. "Оңтүстiк" АЭА-ға жүргiзiлетiн инженерлiк-коммуникациялық желiлердi жобалауды аяқтау (сумен жабдықтау және кәрiз).
      5. "Оңтүстiк" АЭА аумағында N 0865 барлау-пайдалану ұңғымасын уақытша электрмен жабдықтау желiсiн салу.
      6. АЭА объектiлерiн энергиямен жабдықтауды жобалау (ПС 220/10 кВ және Вл-220 кiрiс-шығыс).
      7. "Оңтүстiк" АЭА-ға жүргiзiлетiн инженерлiк-коммуникациялық желiлердi жобалауды аяқтау ("Оңтүстiк" АЭА-ның орташа және жоғары қысымды газ құбыры).
      8. "Оңтүстiк" АЭА-ға жүргiзiлетiн инженерлiк-коммуникациялық желiлердi салу ("Оңтүстiк" АЭА-ның жоғары қысымды газ құбыры).
      9. "Оңтүстiк" АЭА үшiн телекомуникациялық желiлердi жобалау және салу.
      10. "Оңтүстiк" АЭА-ға темiр жол кiре берiс жолдарын жобалау.
      11. "Оңтүстiк" АЭА-ға кiре берiс автомобиль жолын және Бадам өзенi арқылы өтетiн көпiрдi жобалау.
      12. Алаңқайiшiлiк инженерлiк желiлердi жобалау (сумен жабдықтау, кәрiз, электрмен жабдықтау, телефондандыру, газбен жабдықтау). 
      13. Кеден үшiн қосымша құрылыстарды жобалау (БӨП, салмақтық, бақылау алаңы және бастырма).    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады