Кейбiр су шаруашылығы объектiлерiн Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 471 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қосымшаға сәйкес су шаруашылығы объектiлерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Оңтүстiксушар" су шаруашылығы жөнiндегi шаруашылық жүргiзу құқығындағы Оңтүстiк Қазақстан республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының теңгерiмiнен Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшада көрсетiлген объектiлердi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                   Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                        2006 жылғы 30 мамырдағы
                                            N 471 қаулысына
                                                   қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
  Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Оңтүстiксушар" су
   шаруашылығы жөнiндегi шаруашылық жүргiзу құқығындағы
 Оңтүстiк Қазақстан республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
    Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне
      берiлетiн су шаруашылығы объектiлерiнiң тiзбесi  

Р/с
N

Су шаруашылығы объектілерінің атауы

1

Тігінен кәріздеу ұңғымасы

2

Мақтаарал филиалының коллекторлары

3

Шымкент магистральды каналы, құрылыстарымен бiрге

4

Ақсай-Боз-Қарабастау магистральды каналы, құрылыстарымен бiрге

5

1-кезектегi шығыс коллекторы, гидротехникалық бекеттерімен бiрге

6

2-кезектегi шығыс коллекторы, гидротехникалық бекеттерiмен бiрге

7

Үлкен Келес магистральды каналы жүйесiнiң Р-1 каналы

8

Арыс-Түркiстан филиалының коллекторлары

9

Шардара филиалының әкiмшiлiк, өндiрiстiк және азаматтық ғимараттары

10

Шардара филиалының көлiгi және жабдықтары, шаруашылық мүкәммалы

11

Арыс-Түркiстан филиалының өндiрiстiк және азаматтық ғимараттары, екпе ағаштары, шаруашылық мүкәммалы

12

Сарыағаш филиалының шаруашылықаралық, үлестiргiш каналдары

13

Сарыағаш филиалының коллекторлары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады