Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 473 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Школьник                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич        сауда министрi

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Статистика
Бақыт Тұрлыханұлы         агенттiгiнiң төрағасы

Мыңбаев                 - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару
Сауат Мұхаметбайұлы       жөнiндегi қазақстандық холдингi"
                          акционерлiк қоғамы атқарушы директорының
                          мiндетiн атқарушы;

      мына:

"Мәсiмов                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы         орынбасары, жетекшiнiң орынбасары

Келiмбетов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Қайрат Нематұлы           бюджеттiк жоспарлау министрi"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсiмов                - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы         Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
                          Республикасының Экономика және бюджеттiк
                          жоспарлау министрi, жетекшiнiң орынбасары

Келiмбетов              - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк
Қайрат Нематұлы           қоғамының басқарма төрағасы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады