Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 482 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Күршiм, Тарбағатай, Ұлан және Үржар аудандарында дауылды жел салдарынан бүлiнген және қираған мемлекеттiк мекемелер ғимараттарын, тұрғын үйлердi, инженерлiк құрылыстарды, электр беру және байланыс желiлерiн жөндеуге және қалпына келтiруге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 57000000 (елу жетi миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 

      3. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 2007 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2006 жылы орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есептi ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады