Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жекелеген ұйымдарының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 705 Қаулысы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының  4-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) "Қарағанды металлургия институты" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - қоғам) тарату жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қарағанды мемлекеттiк индустриялық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын және қоғамның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн құрылатын кәсiпорынға берсiн.

      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) кәсiпорын жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін.
      2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады