Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 791 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлiгi жанындағы әскери атташе Әлихан Бiрiмжанұлы Жарболовқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы
келiсiм

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
      ұзақ уақыттан берi орын алып келе жатқан достық өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниет бiлдiре отырып,
      1993 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және 1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери ғылым, техника мен бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ескере отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Түрiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне АҚШ долларына баламада 1020000 (бip миллион жиырма мың) түрiк лирi сомасында өтеусiз әскери көмек бередi. Өтеусiз әскери көмектi беру 2006 жылы, осы келiсiм күшiне енгеннен кейiн басталады.

2-бап

      АҚШ долларына баламада 1020000 (бiр миллион жиырма мың) түрiк лирi сомасындағы өтеусiз әскери көмек Түрiк Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық көмек және қызметтер түрiнде берiлетiн болады.

3-бап

      АҚШ долларына баламада 1020000 (бiр миллион жиырма мың) түрiк лирi сомасындағы өтеусiз әскери көмек осы келiсiмге сәйкес екi елдiң құзыреттi органдары жасасатын атқару хаттамасына сәйкес iске асырылатын болады.

4-бап

      Қазақстан Тарабы түрiк Тарабының алдын ала келiсiмiн алмай-ақ түрiк Тарабынан алынған материалдар мен қызметтердi немесе оларды пайдалану құқығын үшiншi тарапқа бермеуге келiстi.

5-бап

      Осы келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы келiсiм өз әрекетiн осы келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген атқару хаттамасына сәйкес ұсынылған материалдық көмектi және қызметтердi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне толық берген сәтiнен бастап тоқтатады.
      Осы келiсiмдi Тараптардың мынадай құзыреттi органдары iске асыратын болады:
      қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi;
      түрiк Тарабынан - Түрiк Республикасының Бас штабы.
      Осы келiсiмдi iске асыру кезiнде туындайтын кез келген қайшылықтар келiссөздер және консультациялар жолымен шешiлетiн болады.
      2006 жылғы "___"___________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей.
      Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының       Түрiк Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады