"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қантардағы N 1284 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 831 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 14 қаңтардағы N 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық "Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284  Жарлығына  мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "атқарылатын лауазымдарына қарай Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң қызметкерлерiне белгiленетiн лауазымдық жалақыларды есептеу үшiн түзету коэффициентiн ескере отырып, базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттердi, сондай-ақ лауазымдық сараланған жалақыларды есептеу үшін лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттердi;";
      2-тармақтың бiрiншi абзацында "4" деген цифрдан кейiн ", 4-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      1) және 6) тармақшаларда "мекемелерiнiң", "мекемелерi" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметін реттеу агенттiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры: лауазымдық сараланған жалақыға; жылына екi лауазымдық сараланған жалақы мөлшерiнде сауықтыру үшiн жәрдемақыларға; орталық аппараттың әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне сыйлықақы беру үшiн жылына екi лауазымдық сараланған жалақыға негiзделе отырып айқындалады;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық сараланған жалақылары мемлекеттiк саяси қызметшілер үшiн олардың атқаратын лауазымдарына қарай және атқаратын лауазымдарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер үшiн лауазымдар санаттарының топтарына жатқызылуына және мемлекеттiк қызмет стажына қарай олардың лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi түзету коэффициентiн және олардың лауазымдық сараланған жалақыларын есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi ескере отырып, базалық лауазымдық жалақы мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады";
      осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы "___"_____  
N  Жарлығына     
ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына   
4-1-ҚОСЫМША  

   Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы
  орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң жұмыскерлерiне
  белгiленетiн лауазымдық сараланған жалақыларын есептеу
                  үшін коэффициенттер       

Лауазымдар атауы

коэффициент

1

2

Агенттіктің төрағасы

1-6

Агенттік төрағасының орынбасары

1-5

С-1

1-5

С-2

1-4

С-4

1-3,5

С-5

1-3

С-6

1-2,5

С-9

1-2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады