Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 912 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Yкiметi
арасындағы "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық
училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу"
жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту
туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi
ратификациялау туралы

      2006 жылғы 14 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкіметі арасындағы "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы Келiсiм ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
             Президентi

ресми аударма емес

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрi
жоғары мәртебелi
Қасымжомарт Тоқаевқа

                                 Астана қаласы, 2006 жылғы 14 наурыз

Жоғары мәртебелi,

      А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiнiң жабдықтарын жақсарту жөнiндегi (бұдан әрi - "Жабдық") жобасына қатысты (бұдан әрi - "Жоба") Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапонияның Үкiметi өкiлдерiнiң соңғы кездесуiнiң қорытындылары бойынша қабылданған Жапон Үкiметi тарапынан мынадай ұсыныстарды енгiзуге рұқсат етiңiз:
      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру қызметiн жақсарту және дамыту мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне (48 600 000 Ү) қырық сегiз миллион алты жүз мың иен мөлшерiнде грант (бұдан әрi - "грант") ұсынып отыр.
      2. Грант осы келiсiмдер күшiне енген күнiнен бастап, 2007 жылғы 13 наурызға дейiн күшiнде болып саналады. Аталған кезең мүдделi Үкiметтердiң өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      3. (1) Аталған грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi Жапонияда шығарылған жабдықтарды сатып алу және жобаны орындауға байланысты қызмет көрсетулердi төлеу үшiн, Қазақстан Республикасының аумағына дейiн тасымалдауды қоса алғанда, қажеттi өнiмдердi жеткiзу үшiн ғана пайдаланады.
      (2) Дегенмен, 1-тармақшаның ережесiне қарамастан, егер екi тарап осыны қажет деп санаса, онда грант шеңберiнде басқа елдерде шығарылған (Жапонияда және Қазақстан Республикасында шығарылмаған) жабдықтарды сатып алуға рұқсат берiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Жапон өкiметтерiмен 3-тармақта көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алуды төлеу үшiн келiсiм-шарт жасасуы қажет (есептесу бiрлiгi - жапон иенi). ("Жапон өкiметтерi" деген термин: жапондық жеке тұлғалармен басқарылатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi). Осындай келiсiм-шарттар грантқа сәйкес Жапония Yкiметiмен бекiтiлуi тиiс.
      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган кез келген Жапония банкiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган көрсететiн Қазақстан Республикасының атына грантты орындау мақсатында пайдаланылатын банк шотын ашуы қажет.
      (2) Жапония Үкiметi 4-тармаққа сәйкес Жапония Үкiметi бекiткен келiсiм-шарттар (бұдан әрi - "бекiтiлген келiсiм-шарттар") бойынша 1-тармақшада көрсетiлген шот бойынша 1-тармақшада көрсетiлген банк қызметiн төлеу туралы талап қою жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе осыған уәкiлеттi органның мiндеттемелерiн жапон иенiнде төлеуi тиiс.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында жарақтандыруды қажеттi кедендiк рәсiмдеуден өткiзудi және оны тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) грант бойынша жарақтандыруды жеткiзу және қызмет көрсетуге қатысты Жапония өкiметтерiн Қазақстан Республикасындағы алынатын салықтар бажынан, iшкi салықтардан және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату;
      (в) бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша жарақтандыру мен қызмет көрсетулердi жеткiзу кезiнде, осындай қажеттiлiк туындаған жағдайда, Жапония өкiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағына кiрудi ресiмдеу және жұмыстарын орындау кезеңiнде тұру үшiн жағдай жасау;
      (г) жабдықтарды дұрыс және тиiмдi пайдалану;
      (д) грантпен төленбейтiн грантты орындауға байланысты барлық шығыстарды төлеу;
      (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды кеме және теңiз қатынасы арқылы сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кеме және теңiз қатынасын сақтандыру компаниялары арасындағы адал және шынайы бәсекелестiкке зиян келтiретiн қандай да бiр шектеулерден бас тартуы қажет;
      (3) грант бойынша сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа шығарылмайды.
      7. Екi Үкiмет осы келiсiмдерге қатысты туындайтын барлық мәселелер бойынша қарама-қарсы тарапқа кеңес беруi қажет.
      Мен Сiзге осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiмдi құрайтынын ұсынғанды жөн көрдiм, ол оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығын растайтын жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, күшiне енедi.
      Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген жоғары құрметiмдi бiлдiремiн.

Тетсуо ИТО
Қазақстан Республикасындағы
Жапонияның Төтенше және Өкiлеттi елшiсi

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

Астана қаласы, 2006 жылғы 14 наурыз

Қазақстан Республикасындағы
Жапонияның Төтенше және Өкiлеттi елшiсi
жоғары мәртебелi
Тетсуо ИТО-ға

      Жоғары мәртебелi,

      "Сiздiң мәртебеңiзге ықыласымды бiлдiре отырып, Сiздiң нотаңызды бүгiн алғанымды хабарлаймын, онда мыналар баяндалған:
      А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiнiң жабдықтарын жақсарту жөнiндегi (бұдан әрi - "Жабдық") жобасына қатысты (бұдан әрi - "Жоба") Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi өкiлдерiнiң соңғы кездесуiнiң қорытындылары бойынша қабылданған Жапония Үкiметi тарапынан мынадай ұсыныстарды енгiзуге рұқсат етiңiз:
      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру қызметiн жақсарту және дамыту мақсатында Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жапонияның ұлттық заңнамасына сәйкес 48 600 000 Y (қырық сегiз миллион алты жүз мың) иен мөлшерiнде грант (бұдан әрi - "грант") ұсынып отыр.
      2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап, 2007 жылғы 13 наурызға дейiн күшiнде болып саналады. Аталған кезең мүдделi Үкiметтердiң өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      3. (1) Аталған грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi Жапонияда шығарылған жабдықтарды сатып алу және жобаны орындауға байланысты қызмет көрсетулердi төлеу үшiн, Қазақстан Республикасының аумағына дейiн тасымалдауды қоса алғанда қажеттi өнiмдердi жеткiзу үшiн ғана пайдаланады.
      (2) Дегенмен, 1-тармақшаның ережесiне қарамастан, егер екi тарап осыны қажет деп санаса, онда грант шеңберiнде басқа елдерде шығарылған (Жапонияда және Қазақстан Республикасында шығарылмаған) жабдықтарды сатып алуға рұқсат берiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Жапон өкiметтерiмен 3-тармақта көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алуды төлеу үшiн келiсiм-шарт жасасуы қажет (есептесу бiрлiгi - жапон иенi). ("Жапон өкiметтерi" деген термин: жапондық жеке тұлғалармен басқарылатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi). Осындай келiсiм-шарттар грантқа сәйкес Жапония Үкiметiмен бекiтiлуi тиiс.
      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган кез келген Жапония банкiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган көрсететiн Қазақстан Республикасының атына грантты орындау мақсатында пайдаланылатын банк шотын ашуы қажет.
      (2) Жапония Үкiметi 4-тармаққа сәйкес Жапония Үкiметi бекiткен келiсiм-шарттар (бұдан әрi - "бекiтiлген келiсiм-шарттар") бойынша 1-тармақшада көрсетiлген шот бойынша 1-тармақшада көрсетiлген банк қызметiн төлеу туралы талап қою жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе осыған уәкiлеттi органның мiндеттемелерiн жапон иенiнде төлеуi тиiс.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында жарақтандыруды қажеттi кедендiк рәсiмдеуден өткiзудi және оны тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) грант бойынша жарақтандыруды жеткiзу және қызмет көрсетуге қатысты Жапония өкiметтерiн Қазақстан Республикасындағы алынатын салықтар бажынан, iшкi салықтардан және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату;
      (в) бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша жарақтандыру мен қызмет көрсетулердi жеткiзу кезiнде осындай қажеттiлiк туындаған жағдайда, Жапония өкiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағына кiрудi ресiмдеу және жұмыстарын орындау кезеңiнде тұру үшiн жағдай жасау;
      (г) жабдықтарды дұрыс және тиiмдi пайдалану;
      (д) грантпен төленбейтiн грантты орындауға байланысты барлық шығыстарды төлеу;
      (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды кеме және теңiз қатынасы арқылы сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кеме және теңiз қатынасын сақтандыру компаниялары арасындағы адал және шынайы бәсекелестiкке зиян келтiретiн қандай да бiр шектеулерден бас тартуы қажет;
      (3) грант бойынша сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа шығарылмайды.
      7. Екi Үкiмет осы келiсiмдерге қатысты туындайтын барлық мәселелер бойынша қарама-қарсы тарапқа кеңес беруi тиiс.
      Мен Сiзге осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiмдi құрайтынын ұсынғанды жөн көрдiм, ол оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығын растайтын жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, күшiне енедi.
      Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген жоғары құрметiмдi бiлдiремiн."
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан алдыңғы келiсiмдердi сондай-ақ, Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы мен осы Нота екi Yкiметтiң арасындағы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, екi Yкiметтiң арасындағы келiсiмдi қалыптастыратындығын растау құрметiне ие болып отырмын.
      Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген құрметiмдi тағы да бiлдiргiм келедi.

Қасымжомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрi

Рәсiмдiк шаралар жөнiндегi келiсiлген хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды (бұдан әрi - Жабдық) жеткiзу" жобасы (бұдан әрi - "Жоба") бойынша Жапониямен мәдени ынтымақтастыққа қатысты 2006 жылғы 14 наурыздағы Алмасу ноталарының (бұдан әрi "Алмасу ноталары") 1., 2., 3., 4. және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң өкiлдерi екi үкiмет арасында белгiленген мынадай рәсiмдiк шараларды бекiтуге тiлек бiлдiредi:
      1. Тендер
      (1) Грант Алмасу ноталарының 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлген жабдықтар мен қызмет көрсетулердi сатып алу үшiн тиiмдi және кемсiтiлмей пайдаланылуы тиiс. Осы талаптарға сәйкестiктi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi мен осыған уәкiлеттi органға теңдер өткiзуге көмек көрсету үшiн тәуелсiз агент жалдауы қажет.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Қосымшаның 4-тармағында көрсетiлген Агент қызметiнiң тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi органға көмек көрсету үшiн Жапония халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң "JICS" (бұдан әрi - Агент) қатысуына Алмасу ноталары күшiне енгеннен кейiнгi бiр айдың iшiнде алмасу ноталарының 4-тармағына сәйкес келiсiм-шарт жасасуы тиiс.
      (2) Осы келiсiм-шарт Жапония Үкiметiнен жазбаша түрде растау алынғаннан кейiн күшiне енедi.
      2. Агенттiң қызметiн төлеу
      (1) Алмасу ноталарының 1-тармағында көрсетiлген сома Агенттiң қызметiн төлеудi қамтуы тиiс.
      (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Алмасу ноталарының 5-тармағына сәйкес Алмасу ноталарының 4-тармақшасында көрсетiлген банкке төлем құжатын жiберуi қажет.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Алмасу ноталарының 4-тармағында көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алу жөнiндегi Жапония өкiметiнiң жұмысына қатыспауы тиiс.
      4. Жоспар немесе Жоспардың жобасы қалыптастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi кеңес өткiзуi және Жапония Үкiметiнiң келiсiмiн алуы тиiс.

_____________________                         ______________________
Tетcуo ИТО                                    Қасымжомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасындағы                   Қазақстан Республикасы
Жапонияның Төтенше                            Сыртқы iстер министрi
және Өкiлеттi елшiсi

Талқылау хаттамасы

      "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасы бойынша Жапониямен мәдени ынтымақтастыққа қатысты 2006 жылғы 14 наурыздағы Алмасу ноталарына (бұдан әрi - "Алмасу ноталары") байланысты Жапония мен Қазақстан өкiлдерi мыналар туралы келiстi:
      1. Алмасу ноталарының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Жапонияның өкiлдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi келiсiм-шартқа қатысты Алмасу ноталарының 4-тармағында көрсетiлген сыбайлас жемқорлық қызметi ретiнде бағалануы мүмкiн барлық ұсыныстарды, сыйлықтарды, пайда алуға ұмтылуды болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды деп Жапония Үкiметi санайтынын мәлiмдедi.
      2. Қазақстан делегациясының өкiлдерi Жапония тарапының осы өтiнiшiне қарсы емес екендiгiн мәлiмдейдi.

_____________________                         ______________________
Tетcуo ИТО                                    Қасымжомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасындағы                   Қазақстан Республикасы
Жапонияның Төтенше                            Сыртқы iстер министрi
және Өкiлеттi елшiсi

Қосымша

Агент қызметтерiнiң тiзбесi

      1. Тендер өткiзу yшiн жабдықтардың (бұдан әрi - "Жабдық") тiзiмiн дайындау, оның негiзiнде сауалы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi органның жазбаша нысанда Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшiлiгiне жолданатын болады.
      2. Тендердiң неғұрлым жоғары бағасын анықтау үшiн жабдықтардың құны мен сипаттамасын қарау.
      3. Тендердiң мерзiмдерi мен шарттарын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын анықтайтын тендер құжаттарының жобаларын дайындау.
      4. Тендер өткiзу туралы хабарландыруды жариялау және тендер құжаттарын тарату.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi тұлға Агенттiң офисiнде тендерге қатысушылар өкiлдерiнiң қатысуымен теңдердi ашады және тендердi бағалау мен тендердi өткiзудi жүзеге асырады. 
      6. Тендер өткiзу туралы ағылшын тiлiнде есеп дайындау және есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе осыған уәкiлеттi органға жiберу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады