"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 983 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы

      Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi
бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; N 18, 157-құжат; 2004 ж., N 17, 99-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеген жағдайда өтiнiш берушi осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарға осы тармақтың екiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi жария еткенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжатты да тапсырады.
      Өтiнiш берушi, егер тұлға:
      1) мүлiктi жария еткенi үшiн алым төлеушi болып табылмаған;
      2) мүлiктi жария еткенi үшiн алым төленгенi туралы құжатты жергiлiктi атқарушы органға тапсырған жағдайда мүлiктi жария еткенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжатты тапсырудан босатылады.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар туралы ақпаратты тiркеушi органға мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия тапсырады.".
      2. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 12, 78-құжат):
      1) 4-бапта:
      1-тармақта "2006 жылғы 30 желтоқсанда" деген сөздер "2007 жылғы 1 сәуiрде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "2007 жылғы 1 сәуiрге" деген сөздер "2007 жылғы 1 шiлдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Алым жария етiлетiн мүлiк құнының он процентi мөлшерiнде төленедi.
      Мүлкiн жария ететiн жария ету субъектiлерi құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi қоспағанда, мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейiн алым төлейдi.
      Құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлкiн жария ететiн жария ету субъектiлерi жылжымайтын мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастан кез келген уақытта және жария етiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенге дейiн алым төлейдi.
      Алымды өндiрiп алу және бюджетке аудару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
      3) 7-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацы "сәйкес жария етудi" деген сөздерден кейiн "және осы Заңның 8-бабында белгiленген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтың бiрiншi бөлiгi "сәйкес жария етiлетiн жылжымайтын мүлiктi" деген сөздерден кейiн ", осы Заңның 8-бабында белгiленген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Ақшаны жария ету
      1. Заңды тұлғалар ақшаны жария етудi мемлекеттiк тiркеу орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды беру арқылы жүргiзедi:
      1) осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi жүргiзуге арналған өтiнiштi;
      2) алым төленгенiн растайтын;
      3) жарғының (ереженiң), заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
      4) екiншi деңгейдегi банк не шетелдiк банк берген, жария етуге табыс етiлген ақша сомасының бар екендiгiн растайтын құжатты.
      Ақша өтiнiш қабылданған сәттен бастап жария етiлдi деп танылады.
      2. Жеке тұлғалар ақшаны жария етудi алым төлеу арқылы жүзеге асырады.
      Ақша алым төленген сәттен бастап жария етiлдi деп саналады.";
      5) 11-баптың 5-тармағының үшiншi бөлiгi "жария етiлгенi" деген сөздерден кейiн ", жария ету субъектiсiнiң алым төлегенi және алым төлеушi болып табылмайтын тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 16-бапта "2007 жылғы 1 сәуiрде" деген сөздер "2007 жылғы 1 шiлдеде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 12, 79-құжат):
      2-бапта "2007 жылғы 1 сәуiрде" деген сөздер "2007 жылғы 1 шiлдеде" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады