Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қазандағы N 1028 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарына заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

      Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2006 жылғы 30 қазандағы 
N 1028 қаулысына   
қосымша    

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
     кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
    мемлекеттік кәсіпорындарының құруына рұқсат берілген
        еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

№N

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атауы Еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың атауы

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің»"Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы"

Қой шаруашылығы зерттеу орталығы

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы"

Картоп және көкөніс шаруашылығы зерттеу орталығы

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы"

Ө.Ө. Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия зерттеу орталығы

4

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің»"Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығы"

Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу зерттеу орталығы

5

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығы»

Ет және сүт өнеркәсібі зерттеу орталығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады