Ливан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 1069 Қаулысы

      Ливан Республикасында қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтiк ахуалға, сондай-ақ әскери iс-қимылдар аймағындағы бейбiт халықтың арасында қаза тапқандар, босқындар санының артуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Ливан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 150000 (бiр жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген қаражатты мынадай арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсiн: "OIC-Special Account, 2603322, Samba Financial Group, Main Branch Al Andalus Street, Jeddah, Kingdom of Saudi Arabia", "Swift коды - SAMBSARI", "алушы - Ливан Республикасы".
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады