"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегі N 537 өкiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1110 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегі N 537 өкiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537 өкiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған өкiммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
      Мусин Аслан Есболайұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi;
      Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      "Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, хатшы";
      "Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жол алынып тасталсын;
      көрсетiлген Комиссияның құрамынан Қ.Н.Келiмбетов, Б.Ә.Палымбетов, Л.М.Кармазина шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады