Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1171 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына ,»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
       1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот шешімдерін орындау үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 244055 (екі жүз қырық төрт мың елу бес) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                         2006 жылғы»6 желтоқсандағы
                                               N 1171 қаулысына
                                                    қосымша

           Орындалуға тиісті сот шешімдерінің тізбесі

Р/с
N

Сот органының атауы және шешім шығарыл ғ ан күн

Талапкерді ң аты-жөні

Мемлекеттік баж шегерілген сома (те ң ге)

Мемлекеттік баж (те ң ге)

1

Атырау қалалық сотының 27.10.2000 жылғы шешімі

Б. Кішімов

77000

  

2

Тараз қалалық сотының 14.09.2004 жылғы шешімі, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 27.10.2004 жылғы қаулысы, Жамбыл облыстық сотының қадағалау алқасының 09.02.2005 жылғы қаулысы

К.Р. Нұрланов

167055

  

Жиыны:

244055

-

Жалпы сомасы:                                 244055

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады