Қазақстан Республикасының iшкі нарығын газбен қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1321 Қаулысы

      2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi Қазақстан Республикасының iшкi нарығын Қарашығанақ кен орнының газымен, оның iшiнде өзара тиiмдi шарттарда қарсы жеткiзiлiмдер жолымен басымдықты қамтамасыз ету бөлiгiнде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң 2006 жылғы 17 шiлдедегi Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Президенттерiнiң арасындағы Қарашығанақ кен орнының газын қайта өңдеу және сату саласындағы ұзақ мерзiмдi ынтымақтастықты дамыту туралы декларацияны және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен "Газпром" ашық акционерлiк қоғамы арасында 2006 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкiметтерiнiң арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру мәселелерi бойынша кеңестiң хаттамасында және оған 2007 жылғы 19 қыркүйектегі толықтыруларда көрсетiлген баламалы бағалар бойынша және көлемде Қарашығанақ кен орнының өңделген газына Орта Азия және Ресей газының тең мөлшерiн қарсы жеткізу жолымен 2007 жылы Қазақстан Республикасының iшкi нарығын газбен қамтамасыз ету туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.03.  N 1162 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген Орынбор газ өңдеу зауытының базасындағы бірлескен кәсіпорын тіркелгенге дейiн трансферттiк баға белгiлеудi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде аталған Келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына Орта Азиялық және Ресей газының тең мөлшерін қарсы жеткізуге қатысты шарт жасалатын мәмiлелердi салық салу мақсаттары үшiн түзетуге жатпайтын "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегі мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлемдер шарттарын пайдаланатын мәмiлелер ретiнде қарасын. 
      Осы тармақтан туындайтын газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелерді жүзеге асыру кезінде уәкілетті ұйымдар салық салу мақсатында бөлек есеп жүргізеді.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.03.  N 1162 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес жеткiзiлетiн газ көлемiнiң сандық бақылануын, мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады