"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 15 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi  N 537 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі   Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған өкiммен белгiленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:

"Мәсiмов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы           Министрiнiң орынбасары, төрағаның
                            орынбасары

Мусин                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аслан Есболайұлы            бюджеттiк жоспарлау министрi

Орынбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ербол Тұрмаханұлы           Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсiмов                  - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы           Министрi, төраға

Мусин                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы            Министрiнiң орынбасары - Экономика және
                            бюджеттiк жоспарлау министрi, төрағаның
                            орынбасары

Орынбаев                  - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы           Министрi Кеңсесiнiң Басшысы";

      көрсетiлген Комиссияның құрамына Комиссия мүшесi болып Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары енгiзiлсiн;
      көрсетiлген Комиссияның құрамынан Д.К.Ахметов, А.А.Тiлеубердин шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады