"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 69 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

       Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi
N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "227,1" деген цифрлар "982,3" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 

      Қазақстан Республикасы
Президентінің   
200__ жылғы___________
N_____ Жарлығына   
қосымша         
 
  "Ақтау теңіз порты"  
арнайы экономикалық  
аймағы туралы" ережеге
қосымша       

"Ақтау теңiз порты"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары 

(Суретін қағаз мәтінінен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады