2007 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 123 Қаулысы

      "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған 2007 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                            2007 жылғы 16 ақпандағы
                                               N 123 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

  2007 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi

      1. "Рахат" қазақ-австрия бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы
      2. "Пеноконцентрат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      3. "Өнеркәсiппластмасса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      4. "Фирма Катализ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      5. "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорыны" акционерлiк қоғамы
      6. "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорыны" акционерлiк қоғамы
      7. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
      8. "Окан Қазинтер" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады