"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 146 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 12, 78-құжат; 2006 ж., N 19-20, 119-құжат):
      1) 4-бапта:
      1-тармақтағы "сәуiрде" деген сөз "тамызда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "шiлдеге" деген сөз "қарашаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 7-баптың 7-тармағының екiншi бөлiгiнде және 11-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгiнде:
      "және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан" деген сөздер ", әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан және тәртiптiк жауапкершiлiктен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "13 және 14" деген цифрлар "13, 14 және 14-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3) 14-бапта "357-2" деген цифрлардан кейiн ", 532" деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      "14-1-бап. Мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiктен босату
      Мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен адамдар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiктен босатылады.";
      4) 16-баптағы "және 2007 жылғы 1 шiлдеде өзiнiң қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 12, 79-құжат; 2006 ж., N 19-20, 119-құжат):
      2-баптағы "және 2007 жылғы 1 шiлдеде өзiнiң қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алынып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады